Get Mystery Box with random crypto!

Ментор Мен қазір өзіме ментор қажет екенін түсіндім. Менторды | СтудХакер🌍

Ментор

Мен қазір өзіме ментор қажет екенін түсіндім. Менторды рухани және кәсіби деп бөліп қарастырып алатын болдым.

Рухани ментор - ол дінге байланысты, ішкі құндылықтарға байланысты, және күнделікті адами қасиеттерге байланысты бағыт бағдар бере алатын адам деп есептеймін.

Кәсіби ментор - ол менің жұмысыма, hard скилсстарыма, жалпы өмірлік карьерамды қалыптастыруда бағыт бағдар бере алатын адам деп ойлаймын.

Бәріміз де ментор іздейміз, бәрімізде ментор керек деп ойлаймыз. Бірақ сол менторды қалай табу керек, қалай келісу керек деген дүниелерді қатты біле бермейміз, дұрыс па? Менде осыған дейін ондай ментор болмаған. Жалпы процесс қалай жүру керектігін менде басымнан бірінші рет өткізейін деп тұрмын.

Осындағы мені қолдаушы жандарға пайдалы болсын деп, менторды қалай іздейтінім туралы, қалай процессты құратыным туралы, жақсы посттармен бөлісіп тұруды ойлап жатырмын.

Соңғы кезде сен және мен дұрыс байланыс құрмай кеттік. Осында болсаң, мені оқып, қолдап отырсаң, жазып кетші)