Get Mystery Box with random crypto!

Досым сен музейге соңғы рет қашан бардың? Демалыс күндерімде | СтудХакер🌍

Досым сен музейге соңғы рет қашан бардың?

Демалыс күндерімде үйде отырмайын деп, бүгін музейге бардым. Бұл менің музейге 7шы рет, ал Астанадағы музейге бірінші рет баруым.

Әр музейге барған сайын қандай күшті сезімдер болатынын, қалай жеткізерімді білмей жатырмын. Ол нәрсені тек сезіну керек..

Музей, ұлттық көрмелер, мәдени орталықтар беретін құндылықты өзге жерден алу өте қиын. Бұл нәрсенің атмосферасы, романтикасы мүлдем бөлек.

Мен ойланатын бір нәрсе. Неге біз адамдарды музейге баруға насихаттамаймыз? Неге ата аналар балаларын ойын сауық орталығына емес, кейде музейге апаруды ойламайды? Неге қыз бен жігіт апта сайын тек киноға емес, жылына бір рет осындай орталыққа бармайды?)

Біз бала тәрбиелеу туралы, достармен қыдыру туралы, уақыт өткізу туралы түрлі әңгіме қозғаймыз. Бірақ осындай қарапайым нәрселерді ескермей қалып жатады екенбіз.

Осы жерде бір маңызды дүние бар. Көп нәрсе сенің ситуацияға қалай қарайтыныңа байланысты. Осы текстті оқып, мотивацияға тойып, музейге жай кіріп шықсаң, сен ештеңені де сезінбейсің.

Бұл нәрсеге саналы келу керек. Телефонды 2 сағатқа өшір. Сен музейге келдің бе? Сол нәрсені толық сезінуге тырыс. Әр элементке қарап, ойлану керек. Әр элемент сұлу, мағыналы болады. Сол нәрсені түсіну үшін, сенің ойың жинақталып, тынышталады.

Егер кішкентай балалармен баратын болсаң, оларға тарихты, қандай үлкен еңбектер болғанын түсіндіру керек. Бала әр еңбек астында үлкен еңбек жатқанын сезіне алса, ол оған өмірлік құнды тәрбие болады деп ойлаймын.

Түсінем, арамызда мұндай нәрселерге қызықпайтын адамдар бар. Бірақ, досым, маған сен. Менің өнерге, мәдениетке алыстығым соншалық, тіпті музыка да тыңдамаймын.

Бірақ, өнерді сезіну үшін оған асқан қызығушылықтың болуы маңызды емес. Маңыздысы, сенің ол нәрседен қандай құндылықты ала алуыңда.

Тамақ ішкенде физиологиялық тойғаныңды сезесің ғой, музейге барғанда, мәдени тойғаныңды сезінесің)

Қарын ашу сені әлсіз етеді, дәл сол сияқты мәдени аштық та сені әлсіз ететінін ұмытпа)