Get Mystery Box with random crypto!

Мерекенің біз түсіне бермейтін құндылығы Менің ойымша, барлық | СтудХакер🌍

Мерекенің біз түсіне бермейтін құндылығы

Менің ойымша, барлық мерекені біріктіретін бір құндылық бар. Ол - сол мерекеде сезімдермен бөлісе алу мүмкіндігі.

Бір сәтке ойланып көрші. Күнделікті өмірде адамдарға - олардың жақсы екенін, оларға алғыс айтқың келетінін, оларды жақсы көретініңді айту қиын. Оны мойындауымыз керек.

Ал мереке саған мүмкіндік беріп тұр. Сен өзіңе жақын адамдарға жазып, мерекемен құттықтай отыра, ол адамға жылы сезімдер сыйлай аласың. Ол әке болуы мүмкін, ол дос, ол аға, ол іні болуы мүмкін.

Мысалы, мен қандай постта кімнің қандай пікір жазғанын, кім қандай мерекеде құттықтағанын қатты байқап, біліп жүретін адаммын. Себебі, сен үшін 10-15 секундын бөле алған адам, өзге де маңызды сәттерде сені ең бірінші қолдайтын адамдардың қатарында болады деп ойлаймын. Солай қашан да болсын, сол адамдарға көңілін жібіп, оларды жақын тартып кетесің.

Сол үшін де ағайындар, жақын жандарың болса, сенің қалыптасуың үшін еңбек еткен жандар болса, әр мерекеде жылулық сыйлап тұруды ұмытпа

Әрбір кішкентай дүние адамдардың жадында сақталады)