Get Mystery Box with random crypto!

Не ұсыну керек? Жұмыста отырмын. Қасымда тәжірибесі үлкен, м | СтудХакер🌍

Не ұсыну керек?

Жұмыста отырмын. Қасымда тәжірибесі үлкен, мықты бір IT бөлімінің бастығы отыр. Қазпочтаға келгелі, үйренетін нәрсенің бәрін үйреніп, уже ішім пысып кетті. Солай жаңа нәрселер үйренейін деп шештім.

Соңғы 2 сағат бойы жанағы кісіге жалынудамын Ол мықты инструменттермен қалай жұмыс істеу керектігін біледі, ал мен білмеймін әлі. Солай ол кісіге неше түрлі вариант ұсынып жатырмын.

- Мейіржан аға, 1 апта түскі асты мен алып берейін, просто обед кезінде сұрақтар қоюға мүмкіндік беріңізші

- Мейіржан аға, шай, кофе әкеліп жүрейін, күніне 20 минут уақыт бөліңізші

- Мәке, сіз мені инвестиция деп қарастырыңызшы, 1-2 жылдан кейін сізге жақсылық жасайм

- Мәке, сіз ұстаз деген кім екенін білесіз бе? Сіз нағыз ұстаз болатын жансыз ғой негізі

Қанша сөз айтсам да, "жоқ" деп жатыр. Енді қалай көндіруді ойланып отырмын. Варианттар бар ма?)