Get Mystery Box with random crypto!

Кішігірім сандар Соңғы 40 күнде нақты бір құндылыққа ие, фото | СтудХакер🌍

Кішігірім сандар

Соңғы 40 күнде нақты бір құндылыққа ие, фото видеосыз жазбаларымыз 31000 қаралым, 756 пікір жинапты. Орта есеппен әр жазбаны 1000-1200 оқиды екен. Мен көп сан болғаны үшін емес, посттардың дұрыс бағытта болғанына, адамдардың қызығып оқитынына қуандым.

Одан бөлек, соңғы 40 сағат инстасыз, ватсаппсыз өткіздім. “Неге бұрын осылай жасамадым екен?” деген ой болды.

Прям ойың тынышталып, концентрация артып кетеді екен. Уақытың көп бөліп, көп нәрсені ойланып кетесің. Бұрын байқамай жүрген нәрселерді байқай бастайсың)

План бойынша 50 күн солай жасауым керек еді. Бірақ, ол нәрсеге үйреніп қалу қаупі бар екен. Мен ол нәрсені қолдамаймын.

Бұл жерде цифровой детокс деген нәрсе құнды деп ойлаймын. Ол уақытша телефоннан бас тарту деп аталады. Телефоннан, әлеуметтік желілерден толық бас тартуды емес, осы цифровой детоксты айына 1 рет 1-2 күн жасап тұрса да жеткілікті.

Мына жерде 2 күнде қандай нәрселер болғанын, қандай плюстары-минустары бар екенін жазуға болар еді. Бірақ, ол нәрсені тек сезініп көру керек.

Осы нәрсені жасап көргісі келетіндер жоқ па?) Егер жасап көретін болсаңыздар айтыңыздар) Кейін өзіміз голосовой чатта талқылаймыз.