Get Mystery Box with random crypto!

Focusmate немесе тиімді жұмыс Сен байқағансың ба, үйде жеке к | СтудХакер🌍

Focusmate немесе тиімді жұмыс

Сен байқағансың ба, үйде жеке компьютерге/ноутқа отырып, бірнәрсе оқу керек болса, істеу керек болса, біз дұрыс концентрация жасай алмаймыз.

Body Double деген психологияда термин бар. Егер адамның қасында өзге адам болса, ол жақсырақ/тиімдірек жұмыс жасайды екен.

Мысалы, бірөзің отырып, ағылшын оқуың қиынырақ. Ал егер қасыңда біреу отырса, процесс оңайырақ болады екен.

Focusmate деген сервис сол мәселені шешуге арналған. Процесс мынандай:

1. Сервиске кіресің

2. Сабақ оқитын немесе жұмыс істейтін уақытыңды белгілейсің

3. Сен белгілеген уақытта сен секілді өзге адам да кіреді.

4. Екеуің видеозвонок қосып қойып, алдағы 50 минутта не істейтіндеріңді айтасыңдар.

5. Өз жұмысыңды жасайсың. Соңында әріптесіңе істедім деп істегендеріңді айтып, қоштасасың)

Көбіне ағылшындармен әріптес боласың. Әртүрлі мемлекеттен, түрлі мамандықтағы адаммен бірге жұмыс істеп жатқандай сезім болады.

Мен қазір тұрақты практика жасап бастаудамын. Өзгелерге де ұсынамын!

Әріптесіңе соткаға, немесе өзге шаруаларға үңілсем, ұрыс деп ескертіп қойсаң болады)


П/с: ағылшын білмесең қорықпа, сөйлемесең де болады. Немесе базалық 1-2 сөйлем жаттап алсаң жеткілікті.

П/с/с: әр апта 3 видеозвонок тегін.