Get Mystery Box with random crypto!

Қала сенің өміріңе қалай әсер етеді? АҚШта орналасқан, әлемг | СтудХакер🌍

Қала сенің өміріңе қалай әсер етеді?

АҚШта орналасқан, әлемге әйгілі Y-Combinator басшысы Пол Грэм өзінің бір жазбасында қалалардың түрі, адамдарға әсері туралы жазған болатын. Соны кішігірім постпен жеткізейін)

Бұл пост:
- қаланың маңыздылығы туралы
- қала типтері туралы
- ауылда жүре берейін ба/қалада болайын ба? деп ойлатындарға арналады

Үлкен қалалар үлкен армандары бар адамдарды тартады. Әр қаланың өзіндік атмосферасы, өзінің амбициясы болады. Сен қай қалада болсаң да, қала сенің сол қаладағы амбицияға, ритмге түсуіңе әсер етеді.

Әр қаланың өз тілі бар.

Американың қаржы орталығы Нью-Йорк саған неғұрлым көп ақша тап дейді.

Үздік университеттер орналасқан Кембридж саған - өзгелермен салыстырғанда ақылдырақ бол дейді.

Мега IT индустрия орналасқан Кремниевая Долина саған - неғұрлым әлемді өзгертетін дүниелер ойлап тап дейді.

Әр қалада сенің амбицияларың, сенің құндылықтарың әртүрлі құбылысқа қақтығысады. Кембриджге адамдар ешқашан ақша үшін барған емес, Нью-Йоркқа адамдар ешқашан білім алу үшін барған емес.

Нью-Йоркта сенің имиджың миллиондаған доллар болса, Кремниевая Долинада сенің әлемді қалай өзгертіп жатқаның маңыздырақ.

Мен осы статьяны оқу барысында Алматыда, Астанада, Қызылордада тұрған кездерімді салыстырдым.

Соңғы 20 күн Алматыда демалыстамын. Алматы 24 сағат үздіксіз конкуренцияда болатын қала. Алматы тоқтаусыз іс- әрекеттер қаласы. Алматыда жұмыспен ойын сауық көп болуы, сені адастырып жіберу қаупі жоғары.

Ал Астана тыныш қала. Ойын-сауыққа қарағанда, жұмыс көбірек рөль ойнайтын қала. Астанада сен 1 ғана нәрсеге акцент қойып, басқа ешнәрсеге көңіл аудармасаң болады. Бірақ, Астана сені жеке өміріңнен, қалауларыңнан алыстатып жіберуі мүмкін.

Барлық қаланың артықшылығымен минусы бар. Бірақ қай кезде/қай периодта - сенің болуыңа байланысты, маңызды құндылықтарды алуға болады.

Егер сенде қазір немесе болашақта қала ауыстыруға байланысты мүмкіндік болса, міндетті түрде ауыстыруға кеңес берем)

Ал егер сен қазір бір қалада тұрақталып жатсаң, онда сол қаланың амбициясына, сол қаланың тек жақсы жақтарына бейім болуға тырыс.

Барлық студент Алматы күшті, күшті дейді. Бірақ, бұл қалада ойын-сауыққа көп үйір бола бермеу керек.

Жалпы қазір мен Астанада болсам да, Алматы болашағымды өткізгім келетін сүйікті қала. Жұмыс істеп, базамды қалыптастыратын Астана болса, Алматы гармонияда, достарыммен бірге болатын қала.

Құдай қаласа, бір екі жылда Кембридж секілді білім алатын қалаға көшуді бұйыртсын деп тілеудемін, соған амал етудемін..

Статьяның толық нұсқасы:

https://www.google.kz/amp/s/ideanomics.ru/articles/923/amp

Пост ұнаса, смайлик қалдыра кет

Ал сен досым қай қаланы ұнатасың?