Get Mystery Box with random crypto!

Алматыдан кеткеніме қуанамын.. Осы айда екі апталық демалысым | СтудХакер🌍

Алматыдан кеткеніме қуанамын..

Осы айда екі апталық демалысымды Алматы қаласында өткізген болатынмын. Студенттік шағым өткен ыстық қаламның әрбір көшесі, әрбір ауласы, әрбір бұрышы таныс еді. Жақын адамдарымның ортасында қызық уақыт өткіздік.

Бірақ, дәл осы Алматыда стагнация сезімін сезіндім. Стагнация - бір орында тұрып қалу, көкжиекті көрмеу, бұрынғы көшелермен жүру, бұрынғы кафелерде тамақ ішу, бұрынғы сәттерді қайта бастан өткізу.

Өмірің автоматты болып, жаңа нәрсені көрмегенде сенде стагнация бола бастайды. Бірақ, бір күні “Черный лебедь” келеді. Нассим Талеб айтпақшы: “Черный лебедь - бұл 1 сағатта бәрін өзгертетін ситуация”.

Черный лебедь - бұл сен күтпеген бір жаңа шешім, сен ойламаған бір ситуация. Сен білетін нәрсенің - сен білмейтін нәрсеге ауысуы.

Черный лебедь - сенің басында жаңа нейрондық байланыстарды түзейді. Жаңа байланыстардың түзілуі - сенің дұрыс шешімдерді түпсанада(подсознание) қабылдауыңа, сондай-ақ нейрондық балансты қалыптастыруға жұмыс жасайды.

Әр кез Алматыға қайту - маған ерекше ыстық сезімдер, қуаныш сыйлайтын. Бірақ, бұл жолы өзімді басқаша сезіндім.

Студенттік кездегі элементтердің бәрін қайта сезіну - өзімді қайта студент сезінуге әкелгендей болды. Бұл сезім қандай ерекше екенін білемін. Бірақ, қазір ол этаптан өтіп, бір салада профессионал болу этапында жүргеннен кейін, басқа арнада жүре бергенім дұрыс деген ойға келдім.

Подводный ныряльщик деген кино бар. Сол кинода баласы Америка флотына кетіп бара жатқанда, “Әке, мен оралам” дегенде, әкесі: “Ешқашан оралма, ешқашан оралуды ойлама” деп жылап жібереді.

Шынында да, кейде біз өзіміз білетін нүктеге, өзіміз білетін орынға оралғымыз кеп жатады. Бірақ, өмірдің әр этапында әртүрлі жертваға, күтпеген Черный лебедь-ке дайын болуымыз керек деп ойлаймын..

Біреу үшін туған ауылында жата беру - стагнация болу мүмкін, біреу үшін бір жұмыста жүре беру - стагнация болу мүмкін, біреу үшін үлкен қалада жүре беру - стагнация болу мүмкін..

Стагнациядан шығу жолы көп. Басқа орынға көшіп кет немесе бұрын көрмеген жерлерге барып көр, бұрын жүрмеген көшелермен жүріп көр. Тіпті үйдегі столдар орнын ауыстыру, сабақты үйде емес, коворкинг-ке барып оқу дегеннің бәрі сені бір орыннан қозғайды…

Ал дәл қазір мені бір орыннан қозғаған, аяқ асты Астанаға ауысып кету болған еді. Кейін Алматыға қайта ораламын, бірақ өмірдің дәл осы этапында, дәл осы Черный лебедь-тың болғанына қуанамын..

П/с: пост Илья Безделев жазбасына негізделіп жазылды.