Get Mystery Box with random crypto!

Ментор бәрін білетін адам болу керек па? Ментор іздегенде не м | СтудХакер🌍

Ментор бәрін білетін адам болу керек па? Ментор іздегенде не маңызды?

Маңызды сұрақтар, ия? Бұрын : "менторым үлкен жерде істейтін, біраз жетістігі бар адам болса" деп ойлайтынмын. Бірақ, қазір ол пікіріммен келіспеймін.

Меніңше, өмірдің әр этапында бізге әртүрлі адам қажет.
оқушы болсаң, мықты бір студент менторың болғаны күшті
студент болсаң, оқу бітіріп, түрлі жұмыстарды көріп жүрген адам менторың болғаны маңыздырақ
ал егер жұмысыңды жақсы біліп жатсаң, сол жұмыстың кәсіби маманы менторың болса, сен жоғары деңгейге өсесің.

Әрқашан ментор өзіңнен 1-2ақ деңгейге үлкен адам болғаны дұрыс деп ойлаймын. Ментор тек саған үйрететін/ жол нұсқайтын адам емес, ол саған үйрете отыра, өзі өсетін адам.

Алдыңғы постта айтқан Асхаттың 12 сабағы болды. 4шы сабақтан бастап, ол үйретіп жатқан нәрселерді түсінбей, қатты қинала бастадым. Курстан шығып кетсем бола ма? деп жазған да болатынмын. Егер қазір сол сабақтарды қайта үйретсе, оңай қабылдайтыныма нақты сенемін. Просто сол кезде мен дайын болмадым.

Соның кесірінен Асхаттан алатын білімім төмен деңгейде болды. Бірақ, ол мамандық таңдауға, компаниялармен танысуға, өзім ізденуге жол ашып берді. Ментор - барлық саланы үйретуі маңызды емес, ментор сен қажет ететін сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соның өзі үлкен көрсеткіш.

Құдай қаласа, ертең менторлыққа байланысты бағдарламамды көрсетемін. Бұл посттар реклама бағытында ғана емес, жаплы ментор табу барысында да көмектеседі деп үміттенемін.

Айтпақшы, кешегі опрос біраз қуантты. Адамдардың ментор туралы көзқарасы жақсы екен. Төменде кейбір адамдардың жауабын скриндап салып қойдым.

Соңғы нәрсе, ментор - ол саған бәрін түсіндіретін адам емес, оның негізгі миссиясы сенің басыңдағы түрлі ойлардың бір арнаға тоғысуын қамтамасыз ететін адам.