Get Mystery Box with random crypto!

Ал бәрімізге келесі аптаға сәттілік! Алдында бір адамға 'бәрі | СтудХакер🌍

Ал бәрімізге келесі аптаға сәттілік!

Алдында бір адамға "бәрін жазып жүремін" десем, "өміріңіз қызық емес, робот сияқты өмір сүретін шығарсыз" дейді

Білмейм, өзіме мүлдем олай көрінбейді. Адамдардың ойынша, жазып жүру, жоспарлау - қызық емес дегенді білдіретін сияқты. Негізі ондай емес) Керісінше, жазып жүру - жүйелеуге, ештеңені ұмытпауға үйретеді.

Бәрін жазу - бәрін орындау дегенді білдірмейді. Кейде болмай қалуы мүмкін, басқа жағдайлар боп қалуы мүмкін, өмір ғой) Қарапайым мысал: адам 2ГИС-ті пайдаланғанда, қайда, не барын біліп, тиімді жолмен баратынын алдын ала біледі, ия? Ия, ол кедергілерге байланысты бағытты өзгертуі мүмкін, бірақ карта әр өзгеріс сайын, оған қайда кетіп бара жатқанын, қашан жететінін еске салып отырады. Сол сияқты шамамен болсын жоспарлау адам үшін маңызды деп ойлаймын.

Ендігі апта не болады, қалай болады деп уайымдап жүрмес үшін, алдын ала маңызды нәрселерді және уақытын осылай алдын ала белгілеп алған ыңғайлы.