Get Mystery Box with random crypto!

Әлі де кеш деп ойлайсың ба? Жұмыста стажировкаға адамдар алып | СтудХакер🌍

Әлі де кеш деп ойлайсың ба?

Жұмыста стажировкаға адамдар алып жатырмыз. Соңғы күндері 25-27 жастағы қыздар келуде. Біреуі мектепте, универде мұғалім болып жұмыс істесе, біреуі стюардесса болып жұмыс істеген екен.

Неге бізде стажировка өткізіңіз келеді? деген сұраққа:

- IT салаға ауысқым келеді
- Ақшасы көп, перспективалы салада болғым келеді
- Жаңа профессияда өзімді көргім келеді

деп жауап беруде. Білім бар ма? деген сұраққа:

- Мини курстар өттім
- Енді курстар өтіп бастадым
- Болашақта өтіп бастаймын

деп білімді де жаңадан алғысы келетіндерін жеткізуде.

Оларға қарап бір ойға келдім. Қазір бір орында ұзақ жұмыс істеп қалған, өскісі келетін, бірақ үйренген орыннан кеткісі келмейтін студенттер де көп. Біреуі қазіргі ақша жетеді деп ойлап, 2-3 жылдан кейін бәсекеге қабілетсіз маман боп қалатынын түсінбей жатады. Біреуі жаңа нәрсе таппайм деген оймен, жаңа нәрсені іздеп көрмейді де. Ал біреуі кішкене уақыт ақшасыз жүрсе де, кейін құнды маман болатынын ойлана бермейді..

Меніңше, адам өскісі келсе, мықты маман болғысы келсе, өзіне әрқашан жаңа нәрсе үйренетін орта құрастыру керек. Ол жұмыс болсын, ол белгілі бір ұйым болсын, бәрібір.

Бір орында ұзақ тұрып, 30-40 жасыңда да үлгересің. Алтын уақытыңда, энергияға толы жаста, неге өз мүмкіндіктеріңді барынша көрмеске? Жұмысты ғана емес, өзге де іс әрекеттерді, жобаларды неге көрмеске?

Жаңағы адамдар секілді өзіңнің үйреніп қалған ортаңнан шыға біл. Дұрыс салаларды, дұрыс бағытты таңдауға тырыс.

Досым, студент болсаң, саған айтарым, қазір не істеп жүргенің, қанша тауып жүргенің маңызды емес. Бастысы қазір кіммен жүргенің және қандай нәрсеге өзіңді дайындап жүргенің маңызды.

Өзіңді жоғары нәрселерге дайында!