Get Mystery Box with random crypto!

Ментор немесе сүйікті жұмысымды табуға көмектескен адам 2020 | СтудХакер🌍

Ментор немесе сүйікті жұмысымды табуға көмектескен адам

2020 жылдың мамыр айында инстаграмнан бір пост байқап қалдым. Пост иесі BTS Digital деген компанияда, продукт менеджер болып жұмыс істейтін Асхат есімді кісі еді. Постта:

" 3 айлық менторлық курсты бастаймын. Курс барысында продукт менеджер болу туралы, мамандық туралы, қалай жұмысқа кіру туралы сабақтар өткіземін. Қатысу құны 200 000. 50 000 тг бірден төлеу керек, ал қалғанын 3 айдан кейін төлеу қажет. Менторлық барысында мақсат қоямыз, мақсатқа жетсең, ақша төлейсің, жетпесең ақша төлемейсің" деп жазылды.

Қатты қызықтырды. 50мың көп ақша ғой негізі, ұзақ ойлануды қажет ету керек әдетте. Бірақ, дәл сол моментте ішкі түйсік қатыс дегендей болды да, бірден жазып, ертесіне қажет сумманы төледім.

Әлі күнге дейін сол бір жұмсалған ақшаны өмірімдегі ең маңызды инвестиция деп есептеймін. Сол бір продукт менеджер деген мамандықты қатты жақсы көріп қалғаным соншалық, әлі күнге дейін сол сала бойынша жұмыс істеп келе жатырмын. Сол саланың қызықтығы, ерекшеліктері, сондай-ақ айлығы қатты ұнайды)

Так вот, Асхаттың 3 айда айтқандары, үйреткендері көзқарастарымды толық өзгертіп, енді универ бітірген маған көп көмегін тигізді. Сол кісіні алғашқы менторым деп мақтана айта аламын.

Ментор деген түсінікке бұрын дұрыс мән бермеппін. Ментор біз ойлағаннан да маңызды тұлға бола алатынына көзім жетті.

Соңғы уақыттары оқушы/студенттермен көп жұмыс жасамай кеттім. Сол нәрсені "Менторлық" арқылы жаңадан бастасам деп ойлаудамын. Толық ақпаратты кейін шығарамын. Әзірше, "бұл нәрсе вообще керек па?" деген сұраққа жауап алғым келіп тұр. Сол нәрсені анықтау үшін, 1 минутыңызды алатын мына опростан өтіп, бір жақсылық жасауыңызды сұраймын)

https://forms.gle/QwmvbJAiqnThxbXE9