Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2023-05-21 10:27:56
Әлеуметтік желіде Қазақстанда жерді жалға беру ұсынылған жарнама туралы жазба тарады. Ауыл шаруашылығының өкілдері жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын айтты.

"Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз", - дейді Мұрат Теміржанов. 

t.me/massaget_news
1.8K views07:27
Ашу / Түсініктеме
2023-05-21 09:14:28
Қостанайда 1 наурыз теміржол вокзалы маңындағы жұмысынан шығып, із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Жігіттің әкесі баласының қайда жүргені туралы ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін айтып видео жолдады.

t.me/massaget_news
1.9K views06:14
Ашу / Түсініктеме
2023-05-20 13:56:09
Атырауда жол апатынан 4 адам қаза болды.

20 мамырда Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

"Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екені ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды", - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.

t.me/massaget_news
2.6K views10:56
Ашу / Түсініктеме
2023-05-20 10:15:39
Алматыда іздеуде жүрген шетелдік ер адам ұсталды

Францияның құқық қорғау органдары ер адамға іздеу салған.

32 жастағы К.есімді ер адам аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр. Оны Алматының көші-қон қызметі, сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. 

Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

t.me/massaget_news
2.5K views07:15
Ашу / Түсініктеме
2023-05-20 08:04:07
Колумбия қарулы күштері Какета департаментінің ормандарында құлаған Cessna 206 ұшағының ішінде болған 4 баланы тапты.

1 мамырда Cessna 206 ұшағы апаттық жағдай туралы сигнал берген. Осыдан кейін ол апатқа ұшырап, 370 сағат іздеуден кейін табылды. Ұшақ бортында жеті адамның үшеуі қайтыс болған.

15 мамырда әскерилер ұшақ сынықтары мен жеміс-жидек қалдықтарын, балалар тамағына арналған ыдысты және басқа заттарды тапты. Осыдан кейін көп өтпей балалар да табылған.

Semana журналының хабарлауынша, ұшақ апатынан аман қалған 13 жасар қыз орманды паналап, 11 айлық сәбиге, төрт және тоғыз жасар бауырларына қараған.

t.me/massaget_news
2.6K views05:04
Ашу / Түсініктеме
2023-05-19 14:56:03
Оралда 15 мамырда үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен 17 жастағы Бибол Айболұлы аман табылды.

Жасөспірімнің анасы Заря Қиясованың айтуынша, ұлы 15 мамырда түсте Зачаганск ауданындағы үйден шығып, Ескі әуежай маңындағы ағасына барған, кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Осы уақыт бойы оның қайда болғанын туыстары айтпады.

t.me/massaget_news
2.9K views11:56
Ашу / Түсініктеме
2023-05-19 11:47:09
Маусымнан бастап Астанадағы мемлекеттік балабақшаларда тамақтану бағасы өседі.

Елорда әкімдігінің қаулысында көрсетілгендей, мектепке дейiнгi мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-ана төлемақысы мына мөлшерге қымбаттайды:

-жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар үшін - 41 718 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;

- балалардың толық күндік шағын орталығы - 31 995 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;

-арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы және инклюзивті топтар үшін - 91 118 теңгеден 102 665 теңгеге дейін;

-мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар үшін - 62 040 теңгеден 89 204 теңгеге дейін;

-балалардың толық емес күндік топтары үшін - 18 066 теңгеден 20 202 теңгеге дейін;

- мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ақы төлеу - 16 800 теңгеден 20 800 теңгеге дейін.

t.me/massaget_news
3.0K views08:47
Ашу / Түсініктеме
2023-05-19 10:45:16
Бекболат Тілеухан Ташкентте топ жарған боксшыларға шапан жапты.

t.me/massaget_news
2.8K viewsedited  07:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-18 12:36:52
Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түсті.

Бұл туралы журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенова Instagram-парақшасында хабарлаған болатын. Ақпараттың мән-жайын анықтау мақсатында Massaget.kz тілшісі Әсет Масабаевтың өкілі Мәди Шәкеновке хабарласты. 

"Бұл рас ақпарат. Бірақ қазір әкімнің жағдайы тұрақты. Жағдайы дұрысталды. Қазір жалпы палатада жатыр. Жансақтау бөліміне жүйке жүйесіне байланысты ауруханаға 3-4 күн бұрын түскен. Жансақтау бөлімінде екі күндей жатты", - дейді Мәди Шәкенов. 

t.me/massaget_news
397 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2023-05-18 12:25:25
Екібастұз қаласында құбыр желісін жөндеп жатқан ТМ-2 учаскесінде ірі апат болды. Желіде оқиға орнынан видеолар тарады

Қалалық әкімдік мәліметінше, 18 мамырда таңғы сағат 06:30-да М.Жүсіп көшесі бойынша қайта жаңартылып жатқан учаскеде диаметрі 820 миллиметр тығыннан ақау шыққан.

"Қазір учаске судан ажыратылды. Апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Екібастұзэнерго" ЖШС-ның мердігер ұйымының мамандары жұмысқа тартылды. Қалпына келтіру мерзімі күндізгі сағат 14:00-ге жоспарланған", - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

t.me/massaget_news
500 views09:25
Ашу / Түсініктеме