Get Mystery Box with random crypto!

Екібастұз қаласында құбыр желісін жөндеп жатқан ТМ-2 учаскесін | Massaget NEWS

Екібастұз қаласында құбыр желісін жөндеп жатқан ТМ-2 учаскесінде ірі апат болды. Желіде оқиға орнынан видеолар тарады

Қалалық әкімдік мәліметінше, 18 мамырда таңғы сағат 06:30-да М.Жүсіп көшесі бойынша қайта жаңартылып жатқан учаскеде диаметрі 820 миллиметр тығыннан ақау шыққан.

"Қазір учаске судан ажыратылды. Апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Екібастұзэнерго" ЖШС-ның мердігер ұйымының мамандары жұмысқа тартылды. Қалпына келтіру мерзімі күндізгі сағат 14:00-ге жоспарланған", - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

t.me/massaget_news