Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 81

2022-12-27 11:27:25
Түркістан облысында іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа Капелла атты қызметтік ит белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады.

Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады.

Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі секілді затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың гашиш екені расталған.

Бұл дерек ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

@massaget_news
1.5K views08:27
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 11:23:40 Музейдің кіре берісінде үлкен холл бар. Сол жерге келіп қарасам топ ішке кіріп кетіпті. Ортаға барып, екі қолымды жайып алдарына тұра қалдым.

Бір есімді жиып қарағанымда ылғи өрімдей жастар екенін көргенмін. Содан оларға: "Алтындарым, балаларым, мынау не сұмдық! Қазақсыңдар ғой. Мұнда біздің ұлттық мұраларымыз сақталып тұр ғой. Тарихи-мәдени құндылығымыз сақтаулы. Алтындарым, тоқтатыңдар! Мақсаттарың осы ма?" деп айғайладым.

СҰХБАТТЫ ТОЛЫҚ ОҚУ ҮШІН МЫНА СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ.
1.6K views08:23
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 08:39:22
Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді.

2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда - 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:
- Қаңтарда жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
- наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
- сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
- шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
- желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі - 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.

@massaget_news
1.9K views05:39
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 08:35:13
Түркістан облысында 26 шетелдік қыз интим қызмет көрсеткен

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде интим қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады.

Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни жеңіл жүрісті қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен хостелді қарау кезінде ақшалай сыйақы үшін интим қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни 26 жеңіл жүріс қызды анықтап жеткізді.

Қазір бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

@massaget_news
1.8K views05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 07:27:31
Павлодарда ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, 25 қымбат телефон ұрлаған

Сонымен қатар 305 мың теңгеден аса ақшалай қаражатты иемденген.

Залалдың жалпы сомасы - шамамен 12 миллион теңге.

Полиция бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

@massaget_news
1.9K views04:27
Ашу / Түсініктеме
2022-12-27 06:49:10
Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды.

Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады.

@massaget_news
124 views03:49
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 15:34:37
Танымал вайнер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылды

Ол үйқамаққа алынды. Мұндай қаулыны Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісінің судьясы шығарды

Судья адвокат Мейіржан Төребаевтың бұлтартпау шарасын қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тағы бір танымал вайнер Мейірхан Шерниязовқа келсек, ол сот процесі кезінде абақтыда отыра береді.

Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

@massaget_news
725 views12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 13:20:53
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 17 желтоқсандағы демалыс күнін қайтаруды сұралды.

"Заңның 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері.
16 желтоқсан - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты күн болғандықтан мемлекеттік мереке. Ал  еске алу күні - 17-18 желтоқсан. Осыған байланысты 17 желтоқсанды мемлекеттік мереке ретінде атап өтуді орынсыз деп санаймыз", - деп жауап қатты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

@massaget_news
398 views10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 12:03:03
Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсары белгілі болды

Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.

Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 миллиард теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды.

@massaget_news
561 views09:03
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 08:52:18
Батыс Қазақстан облысында 49 елді мекен "ауыл" мәртебесінен айырылуы мүмкін

Кейінгі он жылда Батыс Қазақстан облысында 60 елді мекен "ауыл" мәртебесінен айырылған. Халқы үдере көшіп, үй саны күрт азайып кеткен. Ауылдық ағайынның қалаға ағылуына жұмыссыздық пен инфрақұрылымның нашарлығы себеп болған. Тағы 49 елді мекенге осындай қауіп төніп тұр. 

@massaget_news
1.1K viewsedited  05:52
Ашу / Түсініктеме