Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2023-06-12 08:20:22
Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды.

t.me/massaget_news
1.8K views05:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 07:45:04
Тракторымен өрт сөндіруге кеткен: Полиция Абай облысында жоғалып кеткен ер адам туралы пікір білдірді

Абай облысы Полиция департаменті Бесқарағай ауданының полиция бөліміне Долан ауылының тұрғыны, 1987 жылы туған Сергей Николаевичтің туыстары көмек сұрап жүгінген. Олардың сөзінше, Сергей Архипов 10 маусымда өзінің тракторымен өрт сөндіруге көмектесуге кеткен.

Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Іздеуге жеке құрам қатысады.

t.me/massaget_news
2.0K views04:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-12 06:02:16 12 маусым - еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.

t.me/massaget_news
2.1K views03:02
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 22:50:59 Channel photo updated
19:50
Ашу / Түсініктеме
2023-06-11 14:40:36
Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы тұрғындардың бірі Тоқаевпен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, Успен ауылында өмір бойы жол болмаған. Ал Президент келеді деп жолды бір сәтте төсеген.

Президент мұны "мүлдем масқара жағдай" деді.

"Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады", - деді Тоқаев.

t.me/massaget_news
2.6K viewsedited  11:40
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 16:39:39
Абай облысындағы орман өртінен үш адам қаза тапты.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.

Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.

t.me/massaget_news
1.2K views13:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 16:16:57
FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Семей - Алматы бағытындағы FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысуы салдарынан кешіктірілді.

Рейс алдын ала мәлімет бойынша Семей қаласының жергілікті уақыты бойынша бүгін сағат 22:30-ға жоспарланып отыр.

"Ұшу уақыты туралы ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ, жолаушылар FlyArystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады", - делінген компания хабарламасында.

t.me/massaget_news
1.2K views13:16
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 14:29:09
Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестіріліп жатыр.

t.me/massaget_news
1.4K views11:29
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 11:46:25
Абай облысында тұрғындар өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр.

"Кешеден бері 80-нен аса аудан тұрғыны мен еріктісі 2 ауысымға бөлініп, түнгі кезекте де өртсөндірушілерге тамақ жеткізіп беріп жатыр. Қазір өртсөндірушілерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатқан аудан мен Семей қаласынан да келіп жатқан жерлестеріміз көп деді", - Бородулиха ауданы Жастар ресурстары орталығының директоры Дильяра Хасенова.

t.me/massaget_news
1.6K views08:46
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 10:41:51
Мәжілісмендер есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жазаны алып тастауды ұсынды.

Олардың пікірінше, тыйым салынған заттарды сатпайтындарды тек әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Депутаттар мұның бәрі есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыратынына сенімді.

"Кылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігін әкімшілік юрисдикцияға көшіру ұсынылады. Бұл ретте "қоғамдық орындарда" есірткі құралдарын медициналық мақсатта тұтынбаған кезде белгісін алып тастау есірткіні медициналық мақсатта тұтынбауға тыйым салуға мүмкіндік береді", - деді Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

t.me/massaget_news
1.7K views07:41
Ашу / Түсініктеме