Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2023-05-15 12:09:46
ҰҚК өкілі Марат Қалқабаев ведомствоның экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.

"Алайда мен көп нәрсе айта алмаймын. Бірақ Мәсімов тиісті шешімді қабылдамады. Бірінші басшы ретінде өзі қабылдауы тиіс шешімдерді жасамаған. Сол себептен де ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Марат Қалқабаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

t.me/massaget_news
2.8K views09:09
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 10:13:32
Алматылық дәрігерлер 8-қабаттан құлап кеткен ер адамды аман алып қалды. Оған бірнеше ота жасалды.

19 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген. Науқас шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалып, жабық бас-ми жарақаты салдарынан бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын және көптеген сүйектері сынғанын анықтады.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың Ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жан сақтау бөлімі қызметкерлері алдымен науқасты жарақат салдарынан болған шоктан арылтты. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін екі күннен соң дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады.

Жігіттің жағдайы бүгінде жақсы.

t.me/massaget_news
2.9K views07:13
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 10:11:51
15 мамыр - халықаралық отбасы күні.

Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

t.me/massaget_kz
2.5K views07:11
Ашу / Түсініктеме
2023-05-13 14:14:29
220 жолаушысы бар Дубай – Алматы рейсі ұшпай қалды

Жолаушылар саны - 220 адам. Рейс жолаушылары тамақпен және қонақүймен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың 13 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:48-де әуе компаниясының инженерлері техникалық себептерді жою үшін Дубайға келді. Рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша 21:45-ке жоспарланған. Жоспарланған уақытта ұшу мүмкін болмаған жағдайда, әуе компания басқа рейстермен жеткізу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті пен әуе компаниялар жұмысындағы негізгі басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылатынын атап өткен жөн", - делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.

t.me/massaget_news
199 views11:14
Ашу / Түсініктеме
2023-05-13 08:32:43
"Атамекен" ҰКП экс-төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғаны хабарланған еді.

t.me/massaget_news
1.2K views05:32
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 18:16:17
Орталық Азия мен Қытайдың жақындасуынан қауіп бар ма? Тоқаевтың жауабы

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған қатысты ешқандай күдік болмауы керек екенін айтты.

"Өйткені біздің ниетіміз ашық, шынайы. Қытай экономикасы бойынша дүниежүзі бойынша екінші орында екенін мойындауымыз керек, сондықтан біз Қытайдың рөлін мойындауға тиіспіз және бізге бұл мемлекетпен өте жақсы қарым-қатынас орнатуымыз керек", - деді Тоқаев.

t.me/massaget_news
285 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 15:24:53
Орал тұрғыны жер үйден 4 миллион теңге ұрлаған

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті торы жоқ үйдің кішкентай терезесін сындырып кіріп, 4 миллион теңге мен алтын әшекейлерді ұрлап әкеткен.

Оралдағы Абай аудандық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 43 жастағы қала тұрғынын анықтап ұстады. Ол бұрын осындай іспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мүлік ішінара тәркіленді, кейбір заттарды төмен бағамен сатып үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

t.me/massaget_news
725 views12:24
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 13:39:09
Ауыратлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы жеңімпаз атанды. Отандасымыз 102 килоға дейінгі салмақта үздік шықты.

22 жастағы қазақстандық спортшыға жұлқа көтеру жаттығуында тең келер қарсылас болған жоқ. Ал серпе көтеруде екінші сатыдан көрінді. Қос жаттығу қорытындысы бойынша 400 килоны (181+219) еңсеріп, Азия үздігі болды.

t.me/massaget_news
1.1K views10:39
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 12:41:23
Қазақстан Жазушылар Одағының кезекті XVI құрылтайы өтті. Аталмыш жиында Одақтың төрағасы болып Мереке Әбдешұлы Құлкенов сайланды.

Төрағаның бірінші орынбасарлығына Нұржан Қуантайұлы, орынбасары болып  Ғалым Қалибек, Қасымхан Бегман, Бейбіт Сарыбай, Бауыржан Жақып тағайындалды. Жалпы басқарма мүшелігіне 106 қаламгер өтті.

t.me/massaget_news
1.2K views09:41
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 12:40:36
54 килоға дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты.

Отандасымыз жартылай финалда кубалық тәжірибелі боксшы Йосвани Вейтианы жеңді. 

t.me/massaget_news
1.2K viewsedited  09:40
Ашу / Түсініктеме