Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2023-05-12 11:59:15
Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді.

t.me/massaget_news
1.4K views08:59
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 07:16:18
Екібастұзда 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді.

Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

t.me/massaget_news
1.9K views04:16
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 13:23:48
Ақтаулықтар көшедегі водовоздан су тасуға мәжбүр

Қалада осының салдарынан 16-шағынауданнан 20-шағынауданға дейін, 30-шағынауданнан 35-шағынауданға дейін, Шығыс-1, Шығыс-2, Шығыс-3 шағынаудандарында және 27-шағынауданның бес тұрғын үйінде су жоқ.

t.me/massaget_news
2.8K views10:23
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 11:05:36
Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті.

Оқиға бүгін болған.

t.me/massaget_news
2.8K views08:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 09:44:12
Астанада 45 жастағы ер адам 6-қабаттан секірмек болған

Астана полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

Оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. Полицияның 102 нөміріне әйел хабарласып, оның 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына патруль полицейлері Әділет Далабаев пен Нұрғазы Марат келді. Қызметкердің бірі төменде қалып, ер адаммен диалог жүргізіп, райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген.

Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлері тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр.

t.me/massaget_news
3.0K views06:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 07:20:19
Суретке қарап, өз мінезіңді анықта. Психологиялық тест

Суретке назар салыңыз. Ең алдымен нені байқадыңыз? Таңдауыңыз сіздің болмысыңыздан хабар береді.

1. Қала. Егер сіздің көзіңізге ең алдымен зәулім ғимараттар түссе, онда сіз көпшіл және алдына тек биік мақсаттар қоя білетін адамсыз. Мұндай адамдар көбінесе бастаған бизнесінде табысқа жетеді және өмірде кез жерден жеңімпаз болып шығады.

2. Орман. Бұны романтиктер мен қиялшылдар таңдайды. Мұндай адамдар өздерінің ішкі әлемінде өмір сүреді және көбінесе қиялдың ықпалында болады. Сіз әлі күнге дейін ғажайыптарға сенесіз және өмірде бәрі ертегідей болады деп үміттенесіз.

t.me/massaget_news
3.3K views04:20
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 07:11:01
Шымкентте салмағы 6 келі болатын алып сәби дүниеге келді.

Ұл баланың бойы - 65 сантиметр. Дәрігерлер жүкті әйелге ота жасамастан табиғи жолмен босандырып алды. Қазір 31 жастағы әйелдің жағдайы жақсы.

Сәбиге ата-анасы Алпамыс деген есім беруді ұйғарып отыр. Дәрігерлер ана мен баланы келер аптада ауруханадан үйіне жібермек. Мамандар одан кейін де сәбиге ерекше күтім жасап, салмағын бақылауда ұстау қажет екенін жеткізді.

t.me/massaget_news
2.8K views04:11
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 16:17:04
Астанада көпқабатты пәтерде өрт шығып, жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді.

Астананың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 10 мамырда пәтерлердің бірінде болып, 6 шаршы метр аумақ жанған.

"Балкон мен ас үйде 6 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе ойықтары жанып жатыр. Өрт 15:29-да сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

t.me/massaget_news
3.1K views13:17
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 13:00:24
Шешіндіріп, видеосын таратып жіберген: әйел күйеуінің ашынасын өзі жазалаған

Қашқадария облыстық Ішкі істер басқармасы мәліметінше, оқиға 16 сәуірде сағат 21.00-де Қарши қаласында болған. 33 жастағы әйел туыстарымен бірге күйеуінің 30 жастағы ашынасы тұратын жалдамалы пәтерге барған.

Ол жанжал шығарып, әйелді ұрып-соғып, оны шешіндіріп, болып жатқан оқиғаның бәрін видеоға түсірген. Осыдан кейін әйел күйеуінің ашынасын қорлау үшін видеоны әлеуметтік желілерде жариялаған. Басылым мәліметінше, бұл оқиға кезінде әйелдің күйеуі де болған, бірақ ол болып жатқан жайттарға кедергі жасау үшін ештеңе істемеген.

Көршілерінің айтуынша, ер адам ашынасының кесірінен отбасын тастап кеткен, сондықтан әйел мұндай әрекетке баруға мәжбүр болған.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 138-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

t.me/massaget_news
3.1K views10:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 11:48:00
Ақтөбеде бала дәретханаға құлап қайтыс болды.

3 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында екі жасар бала көшедегі дәретхананың шұңқырына құлап кеткен. Баланы туысы шығарып алған. Санавиация арқылы зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бірақ бірнеше күннен кейін бала қайтыс болды.

Баланың анасы бұл уақытта ауруханада емделіп жатқан, әкесі жұмыста болған. Бала үйде туыстарының бақылауында болған. Бірақ ата-анасына Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық іс басталды.

t.me/massaget_news
2.9K views08:48
Ашу / Түсініктеме