Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2023-06-09 09:01:57
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясын қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен - БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ бас хатшысының көмекшісі - БҰҰ даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді.

t.me/massaget_news
1.6K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 08:37:38
Жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушіге 57 млн теңге айыппұл салынды.

Финляндияда жүргізушіге жылдамдықты сағатына 32 шақырымға асырғаны үшін 121 мың еуро (57 млн 640 мың 461 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Полиция Андерс Виклефті сағатына 50 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүруге тыйым салынған жерде сағатына 82 шақырым жылдамдықпен келе жатқанда тоқтатқан. Осылайша ол тәртіп бұзғаны үшін айыппұл төлеп, он тәулікке жүргізуші куәлігінен айырылды.

t.me/massaget_news
1.7K views05:37
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 08:20:04
Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды.

"Ақтөбе облысы бойынша ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне ақшаны төлеу тәртібін бұзу дерегі туралы ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде МҚҚБ қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - делінген хабарламада.

t.me/massaget_news
1.7K views05:20
Ашу / Түсініктеме
2023-06-09 07:09:08
Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға көмектесіп жатыр.

t.me/massaget_news
1.8K views04:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 14:32:10
Пхукет әуежайында кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен Қазақстан азаматы қамауға алынды.

"Шетелдік 49 жастағы Қазақстан азаматы Артур Легай екені анықталды. Күдікті кешеден бері, яғни оқиға орнынан қашып кеткеннен кейін іздеуде болды", - деп жазылған басылым деректерінде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 44 жастағы Дмитрий Алейников - Пхукеттегі танымал мейрамханалардың бірінің иесі. Ол Чернг Талай ауданында орналасқан кафенің алдында тұрған көлікте отырған кезде мотоциклмен белгісіз адам оған жақындаған. Күдікті алдыңғы әйнекке бірнеше рет оқ жаудырған, кейінірек полиция одан төрт оқ-дәрі тапты.

Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, оған ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады.

t.me/massaget_news
2.3K views11:32
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 13:45:43
"Семей орманы" табиғи резерватының аумағында тағы өрт шықты.

Семей филиалының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 гектар аумақта ағаштар өртенген.

Өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД 31 қызметкері және 9 бірлік техникасы, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Құтқарушылардың айтуынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір облыста ауа райы ыстық әрі жел жоқ: +34 градус, солтүстіктен соғатын жел секундына 2 метр.

t.me/massaget_news
2.1K views10:45
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 13:17:10
Абай облысы Полиция департаменті 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болғанын хабарлады.

Тексеру барысында жасөспірімдер арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

t.me/massaget_news
2.0K views10:17
Ашу / Түсініктеме
2023-06-08 10:11:11
Танымал аргентиналық футболшы Лионель Месси мансабын Майамидің "Интер" клубында жалғастырады. Ауысқаны жайлы ресми ақпарат жарияланбаса да, екі тарап келісімге келгені жайлы мәлімдеп үлгерді.

Келісімшарттың аса маңызды тұстары шешіліп үлгерген. Тек кішігірім кей мәселелер ғана қалған. Бұл жайында Мессидің өзі сәрсенбінің кешінде Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында айта кетті.

t.me/massaget_kz
2.0K views07:11
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 09:34:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур президентін күтіп алды.

"Ақорда" резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

t.me/massaget_news
310 views06:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-22 05:40:17
Желіде Бауыржан Момышұлының бұрын-соңды жарияланбаған суреті пайда болды.

"Сарығаш шипажайы 1964 жыл 18 мамыр.
Солдан оңға қарай Пшенбаев Қазкен, қазақтың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы атамыз. Тарихи суретті жіберген @zh_d_0105 алғысымды білдіремін. Сізге көп рақмет!", - делінген
жазбада.

t.me/massaget_news
319 views02:40
Ашу / Түсініктеме