Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2023-05-10 09:57:10
Мәжілісте электрсамокаттарды көлік құралы ретінде тану мақұлданды

Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электрсамокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды.

Бүгін біз электрсамокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер ұсынылды.

Жобаға сәйкес:
- электрсамокаттар көлік құралы ретінде танылады;
- жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады.

Электрсамокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады.

Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

t.me/massaget_news
2.9K views06:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 08:52:09
Қазақстанда теміржол билеттері арзандауы мүмкін

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді жоспарлап жатыр.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, нәтижесінде іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттаған.

Осы нормативтік актіге биыл 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды. 

t.me/massaget_news
3.0K views05:52
Ашу / Түсініктеме
2023-05-10 07:09:23 21 жастағы студент діни ән таратқаны үшін үш жылға сотталды

Өзбекстанда Жахонгир Улугмуродов есімді студент "фанатизм идеясын сіңген" діни әнді таратқаны үшін үш жылға сотталды. Сотталушы туыстарының айтуынша, ол сыныптастарына YouTube желісіндегі нашидтің (мұсылмандық ән) сілтемесін жіберген.

t.me/massaget_news
3.1K viewsedited  04:09
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 13:06:31
Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды.

Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

t.me/massaget_news
3.4K views10:06
Ашу / Түсініктеме
2023-05-09 08:01:57 Жеңіс күні құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

t.me/massaget_news
3.4K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 19:23:05
Петропавлда өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды.

Өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында түскен. 5-Сенная көшесінде ашық жерде қамыс өртенді.

"Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйлерге тарады. Өрт салдарынан 4 үй өртеніп кетті. 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілдері. 


t.me/massaget_news
71 views16:23
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 11:35:19
Астанада белгісіз ер адам курсанттарға балмұздақ беріп, жұртты тебірентті.

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жүк көлігінің артында отырған курсанттарға бірнеше балмұздақ бергені бейнеленген видео тарады.

Видеода әскери киім киген жастар дәмге қол созып жатқаны, ал ер адам күлімсіреп көлігіне бара жатқаны көрінеді.

Видео Астанада шағын көлік кептелісі кезінде түсірілген. Ер адам Отан қорғаушылар күніне орай осындай сый беруді жөн көрген сынды.

t.me/massaget_news
418 views08:35
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 11:24:28 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Дендеріңізге саулық, толағай табыстар тілейміз!

t.me/massaget_news
482 viewsedited  08:24
Ашу / Түсініктеме
2023-05-06 12:01:56
Қазақстанның қай аймағында ерлер саны басым?

2023 жылдың басында халық саны 19 миллион 766 мың адам болса, оның 9 миллион 647 мыңы – ер адамдар.

Өңірлер бөлінісінде ерлер саны Түркістан облысында көп – 1 миллион 079 мың, ал ең азы Ұлытау облысында – 108 мың.

Ерлердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.

t.me/massaget_news
501 views09:01
Ашу / Түсініктеме
2023-05-05 16:34:55
Әлеуметтік желілерде тараған видеоның жазбасында ер адам №219 автобусқа оқ атқаны айтылады. Бұған жолдағы жанжал себеп болған.

Алматы полиция департаменті бұл дерек бүгін, 5 мамырда 10:00 шамасында Түрксіб ауданында болғанын растады.

"Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ. Мопедисттің кім екені анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

t.me/massaget_news
392 views13:34
Ашу / Түсініктеме