Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 82

2022-12-26 08:50:50
Астанада 5-сынып оқушысы мектепте петарда жарып жіберген

Полиция қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері оқушымен әңгімелесіп, петарданы қай жерден алғанын сұрады. Ол петарданы мектептің жанында орналасқан сауда үйінен алған. Ал сатушыдан сертификатталмаған 10 қорап пиротехника анықталды. Саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

@massaget_news
1.2K views05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 08:16:15
25 желтоқсанда City center сауда үйіндегі эскалаторда 40 жастағы әйел аяғын жарақаттап алған. Сауда орталығының инженері оқиғаның мән-жайын айтты

"25 желтоқсанда сағат 10:00-де әйел траволаторды басып кетіп, құлап қалды. Бір күн бұрын траволаторды келісімшарт бойынша бізге қызмет көрсететін компания жөндеген, ал баспалдақтарды дұрыс қалпына келтірмегені белгілі болды, олардың бірін ауыстырған. Соның салдарынан әйел баспалдақ орнатылмаған бөлікке басып, зардап шекті. Бұрын бәрін өзіміз істейтінбіз, бізде штат қызметкерлері болды және мұндай ештеңе болған емес. Енді міне, бұл компания бір айдан сәл аса уақыт біздің бөлімшелерге қызмет көрсетіп жүр, бірақ мынадай олқылыққа жол берді, - дейді сауда орталығының жұмысы жөніндегі бас инженер Антон Соробян.

Жәбірленушіге сауда орталығының өзінен де, олардан эскалаторларды жөндейтін мердігерден де көмек көрсетіледі.

@massaget_news
1.2K views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-12-26 06:51:57
Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын "тоқтату" туралы Заңға қол қойды

Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.

@massaget_news
1.6K views03:51
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 16:39:51
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда облысында түнде шығыстан, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.

Түнде Қызылордада шығыстан екпіні секундына 15 метр болатын жел соғады.

Оңтүстікте, Түркістан облысының тау бөктерінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан, таулы аймақтарда соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

@massaget_news
2.5K views13:39
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 11:52:12
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өткен World Tennis League (WTL) көрме турнирінің жеңімпазы атанды.

@massaget_news
2.6K views08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 10:55:10
Алматыға шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен келді.

Әуежайда оны жас жанкүйер – шахматшы Дилайла Сәдуақасова күтіп алған. Дилайла блиц бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы, 2019 жылғы Карпова кубогының иегері, Халықаралық шахмат федерациясының FIDE сыйлығының иегері. Мұнымен қоса ол әлем чемпиондары туралы әңгімелейтін "Дилайламен шахмат хикаялары" атты бірегей мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапатталған. Қонақты қарсы алуға келген әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала. Айта кетсек, FIDE 2022 жылды шахматтағы әйелдер жылы деп жариялаған болатын.

Еске салайық, шахматтан әлем чемпионаты Алматыда 2022 жылдың 25-30 желтоқсанында өтеді. Әлемнің 50 елінің жетекші шахматшылары титулдар үшін таласады. Турнирді ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Жүлде қоры – 1 миллион доллар.

@massaget_news
2.7K viewsedited  07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 09:58:55
Байқоңырда 9 жастағы бала бассейінде қайтыс болған

22 желтоқсанда сағат 14:40 шамасында бала "Орион" бассейнінде болғаны анықталды. Бассейнге баруға қарсы көрсетілім жоқ деген медициналық құжаттары бар бала кенеттен ауырып қалған. Оған бассейннің нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері дереу көмек көрсеткен. Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын анықтады.

@massaget_news
2.4K views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-12-25 09:57:32
Бас санитария дәрігері қазақстандықтарға маска тағуды ұсынды

"Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңір "жасыл" аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтиже көрсеткен 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтиже көрсеткен 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99 пайызы сауығып кетті", - деді отырыс барысында денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.

"Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 пайызға өсті", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуы өскенін көрсететіні айтылды.

Осыған байланысты, Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады, осылайша, былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20 пайызға өсті.

@massaget_news
2.5K views06:57
Ашу / Түсініктеме
2022-12-24 11:41:58
Бүгін даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлының туған күні.

Момышұлының мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер сөздері бүгінде халық арасында кең тарап, қанатты сөзге айналып кетті.

Бүгін біз сіздердің назарға баһадүр бабамыздың қанатты сөздерін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

@massaget_kz
3.1K views08:41
Ашу / Түсініктеме
2022-12-24 11:20:22
Өзбекстанда балалар өліміне себеп болған дәрі Қазақстанда сатылмайды - Денсаулық сақтау министрлігі

"Дәрілік заттарды мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының мәліметінше, бұл - "ДОК-1 МАКС" препараты, өндіруші - Marion Biotech, Үндістан. Тіркеу мерзімі 2018 жылы аяқталған. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Құрамында 500 милиграмм парацетамол, 200 милиграмм гвайфенезин және 10 милиграмм фенилэфрин гидрохлориді бар", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

@massaget_news
3.2K views08:20
Ашу / Түсініктеме