Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-07-05 06:37:14
Әкесі мен ұлы күшікті аяусыз ұрып, бауыздаған.

53 жастағы ер адам мен оның 33 жастағы ұлы ойнап жүріп тауықты тұншықтырып өлтірген күшікті аяусыз ұрған. Олар оны алдымен таяқпен қатты ұрып, кейін бауыздаған. Қаскөйлер бұл әрекетін камераға түсіріп, күшік берген адамға жіберген.

Оқиға Өзбекстанның Сурхандария облысында болған.

t.me/massaget_news
2.2K views03:37
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 18:10:52
Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Құрметті Қазақстандықтар! Соңғы кезде менің ұлыма қатысты ақпарат кеңістігінде тарап жатқан хабарларға байланысты өздеріңізге үндеуімді жариялап отырмын. Соңғы бес айда әлеуметтік желілерде ұлыма қатысты жағдайға байланысты өте көп ақпарат шығып жатыр. Ия, бұл жағдайдың болғаны рас, алайда оны қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептеймін. Жағдай орын алғанда, мен өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін.
Қазіргі кезде қоғамдық ортада менің ұлымның бір қателігінен басқа, қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Осы орайда, ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсініксіз. Жарайды, ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді менің ойымша бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс", - дейді Дәулет Тұрлыханов.

t.me/massaget_news
2.5K views15:10
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 14:36:23
ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты сот үкімі шықты.

Айта кетейік, Түймебаевтың ұлы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан болатын.

t.me/massaget_news
2.5K views11:36
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 13:50:36
Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады.

t.me/massaget_news
2.5K views10:50
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 12:50:01
Атырауда екі қайық соқтығысқан: 6 жастағы баланың жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, жарақат алғандардың ішінде төрт бала болған. 

"Атырау облыстық ауруханасына үш науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның екеуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Лор бөлімінде бір адам ем қабылдап жатыр. Облыстық балалар ауруханасына төрт бала көмекке жүгініп, екеуі амбулаторлы ем қабылдап жатыр. 2007 және 2009 жылы туған екі бала түрлі жарақат алған, 2017 жылы туған тағы бір баланың жағдайы ауыр", - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.

t.me/massaget_news
2.4K views09:50
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 11:27:20
Тоқаев "үш зұлым күш" туралы айтты.

"Сонымен қатар, біздің төрағалығымыз кезінде "үш зұлым күшке" - трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына және киберқылмысқа қарсы күреске баса мән беріледі. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жаңартуға күш салуымыз керек.

Бұдан бөлек, Қазақстан ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны жүзеге асыру жөніндегі Іс-қимыл бағдарламасын қабылдауды ұсынады. Бұл шаралардың бәрі тұрақтылыққа және ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздікті жүйелі түрде күшейтуге септігін тигізеді. Ауғанстандағы дағдарысты еңсеруге арнайы назар аударған жөн болар еді. БҰҰ-ның үйлестіруімен ауған халқына көрсетілетін көмекті жалғастыру маңызды", - деді Президент. 

t.me/massaget_news
2.4K views08:27
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 10:14:18
Дәулетбек Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада

t.me/massaget_news
2.3K views07:14
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 09:48:20
Су алу арнасынан өлі табылған 21 жастағы спортшының туыстары ол суицид жасады дегенге сенбейді.

Алайда Валерияның жақындары ол суицид жасады дегенге сенбейді. Олардың сөзінше, өлімге кінәлі адам бар және ол ұсталған. 

"Лераны оның 2 жылдан бері кездесіп жүрген жігіті өлтірді деп санаймыз. Бұған дейін қол көтергені бар. Тергеу барысында ол кінәсін мойындап, артынша айтқан сөздерін жоққа шығарды. Оқиға орнында да, оның қасында да телефоны болмады. Телефон жігітінде болған. Ол (жігіті - еск.) жалған қоштасу хатын жазған. Лера таңғы бесте қайтыс болғаны анықталған, ал оның нөмірінен хат таңғы алтыда келген", - дейді марқұмның әпкесі Каролина.  

t.me/massaget_news
2.4K views06:48
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 08:42:43
Алматы-Өскемен тасжолында ер адам шетелдік көліктің астына түсіп, қаза тапты.

Жол апаты 4 шілдеде Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Lexus ES 300 автокөлігімен болды. Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол Алматы-Өскемен тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

t.me/massaget_news
2.5K views05:42
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 06:47:53
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Джозеф Байденге құттықтау жеделхатын жолдады.

t.me/massaget_news
2.6K views03:47
Ашу / Түсініктеме