Get Mystery Box with random crypto!

Massaget NEWS

Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS M
Telegram арнасының логотипі massaget_news — Massaget NEWS
Арна мекенжайы: @massaget_news
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 22.98K
Арнадан сипаттама

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2023-05-18 11:44:10
Тоқаев бірнеше қытайлық компания төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын Дай Хоулянды,
State Power Investment Corporation компаниясының басқарма төрағасы Цянь Чжиминьді, CITIC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжу Хэсинді, China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады.

t.me/massaget_news
733 views08:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-18 08:15:14
Сақ болыңыз! ТЖД алматылықтарға ескерту жариялады

18 мамырда қалада қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын қатты жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

"ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаш астында қалдырмауды сұрайды! Сондай-ақ, жел күшейген кезде мына жағдайлар ұсынылады:
- ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
- егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз;
- ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
-көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз;
- билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін;
- қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті", - делінген ведомство хабарламасында.

t.me/massaget_news
596 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 13:53:12
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

t.me/massaget_news
1.4K views10:53
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 13:00:45
Маңғыстауда Торыш шатқалындағы ерекше табиғи тас шарлар ұрланған еді. Олар 17 мамырда өз орнына қайтарылды.

Бірақ кінәлілерді жазалау мүмкін емес.

t.me/massaget_news
1.6K viewsedited  10:00
Ашу / Түсініктеме
2023-05-17 09:03:29
Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды.

Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады.

t.me/massaget_news
1.9K views06:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-16 14:19:19
Жигули Дайрабаевтың ұлдары ер адамды құлдықта ұстаған: депутат пікір білдірді

"Мен Василий Ковешников деген ер адаммен жеке таныс емеспін. Бірақ, менің білуімше, ол 1,5 жыл менің ұлыммен ауыл шаруашылығында әртүрлі жұмыс істеп жүрген. Ол ешқандай да құлдық емес, өз қалауымен жүрді және қалаған уақытында үйіне барып келіп жүре алатын, бұл оның құқығы! Құжаты да өзінде еді, ауданда еркін, қалауы бойынша жүретін", - дейді депутат. 

t.me/massaget_news
2.7K views11:19
Ашу / Түсініктеме
2023-05-16 11:05:46
2020-2021 жылдары пандемиядан кейін Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеген.

Бұл кейінгі 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәрестелер саны азаюы екен, яғни бір жылда 9,5 пайыз азайды. Былтыр 403,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. Ол кезде көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған. 

t.me/massaget_news
2.7K views08:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-16 07:57:55
Үкімет отырсында премьер-министр Әлихан Смайылов ел экономикасына қатысты жақсы жаңалықты бөлісті.

"Жалпы ішкі өнім көлемі былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға өскен. экономиканың базалық салаларында оң динамика сақталып отыр. Өңдеу өнеркәсібі - 5,1 пайызға өскен. Машина жасау - 36 пайыз, оның ішінде автомобиль жасау - 41 пайыз, локомативтер мен вагон өндірісі - 64 пайыз өсім тіркеліп отыр. Фармацевтикада өсім - 4 пайыз, жеңіл өнеркәсіп саласы 35 пайыз, оның ішінде тоқыма өндірісі - 55 пайыз, киім-кешек 8 пайыз, былғары өнімдерінің өндірісі екі пайызға өскен", - дейді премьер-министр Үкімет отырысында. 

t.me/massaget_news
2.8K views04:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 16:45:34
23 жастағы қостанайлық параспортшы, мүгедектер арбасында отырып билеуден спорт шебері Малика Мұқтарова өмірден өтті.

t.me/massaget_news
2.9K views13:45
Ашу / Түсініктеме
2023-05-15 14:21:45
Тоқаевтың туған күні қалай тойланатыны белгілі болды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды.

"Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.

t.me/massaget_news
3.0K views11:21
Ашу / Түсініктеме