Get Mystery Box with random crypto!

​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ҚАЙ КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН? Жыл сайын, мәуліт | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ҚАЙ КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН?

Жыл сайын, мәуліт айы бастала салысымен Пайғамбарымыздың ﷺ туған күніне, оның қай күнге сай келетіндігіне қатысты тақырыптар қайтадан актуалдылыққа ие болады. Тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер қайтадан мұсылман жұртшылығы арасында тарап, кейде орынсыз пікір-таластарға себепші боп жатады.
Бізге де осындай сұрақтар қойылып, сауалдар жолданып жатқандығын ескеріп, әрі мәуліттегі түйіткілді тақырыптардың бірі болғандықтан Пайғамбарымыздың ﷺ қай күні туылғандығына қатысты риуаяттар мен ғұламалар пікірлерін келтіруді жөн санадық.
Сияр және тарих кітаптарында Пайғамбарымыздың ﷺ туған күніне қатысты рабиғул-әууәл айының 1, 2, 17, 18, 21, 22 және рамазан айының 12 күні аталады. Бірақ, осы тақырыпқа қатысты ізденіс жасаған Ибн Кәсир сынды бірқатар ғалымдар (жоғарыдағы) бұл мәліметтердің сенімсіз, сахих риуаяттарға қайшы, негізсіз екендігін айтады (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»).

Ал, сахабалар, табиғиндер, мухаддистер, тарих, сияр, астрономия ғалымдарының және осы тақырыпта ізденіс жасаған көпшілік ғалымдардың пікірі төмендегідей:
«Пайғамбарымыз ﷺ миләди 571 – Піл жылында, көктем мезгілінде, дүйсенбі күні, таң сәрісінде туылған. Бұл күн миләди 20 сәуірге сәйкес келеді. Бұл күн (кейбір есептеулер бойынша) қамари-мұсылман күнтізбесіндегі рабиғул-әууәл айының 8, 9, 10 яки 12 жұлдызына тура келеді».
Назар аударсақ, миләди 571 жылдың 20 сәуірі хижри-қамари мұсылман күнтізбесінің 8,9,10 яки 12 жұлдызына дөп келеді. Дәл осы күнге қатысты бірнеше деректер мен пікірлер бар.

1. Рабиғул-әууәл айының 8-күні
Абдулла ибн Аббас, Жубайр ибн Мутғим, Бара ибн Ғазибтен (Ибн Жаузи, «әл-Уәфә би-тағрифи фадоилил-Мустафа) (Алла баршасынан разы болсын) риуаят етіледі (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ).

Ибн Хазм ( және ұлы табиғин Мұхаммед ибн Жубейрде осы пікірде екендіктерін айтқан (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»; имам Мәлік, Ғуқайл және Язид сахих иснадпен риуаят еткен).
Ибн Абдулбарр кейбір тарихшылардың тура дегендігін айтса (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»), Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми осы осы пікірді орынды, негізгі (қатғи) деп есептеп: «Бұдан өзгесі (өзге пікірлер) дұрыс емес. Тарихшылыр осыған ижмағ етекен (бір ауыздан келіскен)», - дейді (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ; Мухаммад Мунауи, «Файдул Қодир шархул жамиғус сағир мин ахадисил баширин назир», 3-40).

Хафиз Абул Хаттаб Омар ибн Дихя «әт-Тануир фи маулидил баширин назир» еңбегінде осы деректің басқалардан абзал, жоғары екендігін атаса, имам Табари «Хуласату сияр сайидил башар» еңбегінде көпшілік ғұламалардың осы дерекке негізделетінін алға тартады.

2. Рабиғул-әууәл айының 9-күні
Мұхаммед Хузайридың «Нурул яқин», Мұхаммед Сүлеймен Мансурфуридың «Рахматун лил ғаламиин», Сафиюр Рахман Мубаракфуридың «ар-Рахиқул махтум», доктор Абдулла Фақихтың «Фатауаш-шабакатил исләмия», Әли ибн Найифидың «Маусуғатул бухуси уәл моқоләтил ғилмия», Ибраһим Ибяридың «ал-Маусуғатул Қурания» (1-25), мысырлық тарихшы Мұхаммед Талғатбек Харбтың «Тариху дуәлил ғараби уәл исләм», Сайид Махмуд Таразидың (Әлихантөре) «Нурул басар», Сәбит қажы Абдулбақиұлының «Сиярату хотамин набиин», Абдулла қажы Жолдасұлы «Мәулид Шәріп» еңбектерінде кездеседі.

Танымал ғалым Әли Тантауи (1909-1999) осы деректі басқа деректерден артық санайды (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ).

Египет астрономия орталығының бұрыңғы директоры, геометрия ғылымдарының докторы, астроном Махмұт Паша «Тақуимул араби қоблал исләм» еңбегінде Пайғамбарымыздың ﷺ туған күні рабиғул-әууәл айының 9-ы, дүйсенбі, миләди 571 жылдың 20 сәуірі екендігін астрономдық дәлділікпен есептеп, анықтаған (Фатауа әл-Әзһар», 8-255).
Сондай-ақ, “Hijri-Gregorian Converter” , миләдиден һижриға, һижридан миләдиға сәйкес есептейтін арнайы компьютер есептегіш бағдарламасымен есептегенде де, миләди 571 жыл рабиғул-әууәл айының 9-ы дүйсенбі күніне сай келеді.

ЖАЛҒАСЫ ТӨМЕНДЕ