Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2022-03-02 18:06:58
Бұл Біргүл Аран есімді түрік қызы. Дүниеге қол аяқсыз келген. Тағдырдың тауқыметіне мойынсұнбай, қайсар мінезінің арқасында Еуропа ислам университетін аяқтап, тарих пәні бойынша магистрлік диссертациясын қорғаған. Қазіргі таңда Анадолы университетінде білім жолын жалғастыруда. Сонымен қатар, Біргүл Бингел қаласында кітапханашы болып жұмыс жасайды. Ол өз жұмысынан ләззат алатынын айтып: "Кітап менің барлық қиындықтарды жеңуге көмектесті.Кітаптар менің қолым мен аяғыма айналды. Кітап оқи келе, менің мүгедектігім маған еш кедергі еместігін түсіндім" - дейді ағынан жарыла.

@maktubatkz
1.0K viewsedited  15:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 18:13:26 МИҒРАЖ ТҮНІ: Қашан? Қалай өткіземіз?
1.4K viewsedited  15:13
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 17:11:55 Әузағи (Алла рақым етсін) былай деген екен:

"Қиямет күні пендеге дүниедегі әрбір уақыт пен мұрсат күнбе-күн, сағатпа-сағат көрсетіледі. Сонда пенде Алла Тағаланы зікір етпеген әрбір уақыты үшін қасірет шегеді".

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّـهِۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ

"Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар".

#көкірек_көзі_ашылса ...
381 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 11:35:57 Сәләфтар заманында Ғуруә ибн Мұхаммед есімді кісі өмір сүрген. Бесінші әділеті халифа Омар ибн Абдулазиз тұсында Йемен қаласында әкім болады. Басшылық қабілетімен қатар мухаддис ретінде танылған.

Ғуруә ибн Мұхаммед Йемен қаласына алғаш әкім болып сайланған кезде өзімен бірге тек жалғыз түйесі бар болатын. Йеменге келген кезде қала халқына қарап:

«Уа, халайық! Міне, мен сендерге жалғыз түйемен келдім, бұдан басқа еш мүлкім жоқ. Егер кетер кезде бұдан бөлек дүниемен шықсам, демек мен – ҰРЫМЫН!»

Расында, Ғуруә Йеменде 20 жыл бойы әкім болады. Йеменнен кетіп бара жатқанда жанында қанжары мен Құран кітабы ғана болған екен...

@apendim
1.2K views08:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-14 11:31:25 Бүгін 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні.

Бұл идея АҚШ-тың Миннесота штатындағы мектеп кітапханашысы, әрі кітап блогері Эми Бродмурдың бастамасымен жүзеге асқан.Кітап сыйлау күні алғаш рет 2012 жылы атап өтілді.

Ал, сіз сыйлыққа қандай кітап алғыңыз келеді?
2.8K views08:31
Ашу / Түсініктеме
2022-02-09 12:36:40 "Кітап оқу надан болып ғұмыр кешуіңізге зияны тиеді. Абай болыңыз !
924 views09:36
Ашу / Түсініктеме
2022-01-23 12:20:15 Кешеден бері жекеме Хиджаб жайлы петицияның сілтемесі өте көп кеп жатыр. Бірақ бұл сілтемені ешкімге таратпадым. Петицияға қол да қоймадым.

Себебі:

1) Бұл петицияның билік елеп-ескерердей ешқандай заңды күші жоқ. Яғни, петиция орналасқан сайт пен билік арасында өзара келісім қарастырылмаған

2) Петиция қоюдың формалды нұсқасы жоқ. Сайт логикасы рассылкаға негізделген. Қанша рассылка жібересің, соншалықты дауыс жиналады. Бұл тым арзан метод.

3) Сайтта фишинг-спам жарнамалар көп. Бұл сайттың осындай салмағы жоқ петициялар арқылы аудитория мен просмотр жинап отырғандығын байқатады.

4) Сайт домені қазақстандық емес. Демек, бұл сайтта миллиондап қол жинасақ та билік мойындауы екі талай. (1 пунктағыдай)

Дұрыс нәрсе жасау мен дұрыс нәрсені дұрыс жасау екі түрлі. Бізге дұрыс нәрсені дұрыс жолмен жасау керек.

Сондықтан, біздің қазіргі әрекеттеріміз аталмыш сайттың охватын көтеру мен фишинг жарнамаларына қармаққа түсуден әріге апармайды деп ойлаймын.

Айтпақшы, өткен жыл соңында Президент тапсырмасына орай елімізде “Онлайн петиция” жайлы заң қабылданатынын және соған сай “Е-петиция” онлайн платформасы құрылатыны айтылды. Бірақ оның іске қосылатыны әзірге белгісіз. Ал, ол платформа қаншалықты шынайы жұмыс жасайды, ол енді екінші мәселе. Заңға сәйкес, ең кемі 50 000 қолдау жинаған мәселе билікте қаралатыны айтылған. Мүмкін сол платформа ашылған кезде, жақсылап белсенуіміз керек шығар деп ойлаймын.

Бұл менің жеке пікірім, қателесуім де мүмкін, сондықтан келіспеуге толық хақыларыңыз бар

Сырым Эфэнді (зәууәжәһуллаһу бисәният)

@apendim
1.5K views09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 06:44:32
Әссаләму ғалейкум, кұрметті жақсылар, әпке-бауырлар, іні-қарындастар!

Сіздерге, Google Chrome-ға қосымшамыз дайын, Аллаға шүкір.

Осы сілтемеден өтіп орнатыңыз. Әр жаңа ашылған вкладкада Әр күніңді әсемде мәтінін көре аласыз. Тек компьютерде.

Алладан сіздерге нұр жаусын!
1.5K views03:44
Ашу / Түсініктеме
2022-01-06 11:33:16 Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты барлық мешіттер жұмыс жасамайды, көпшілікпен орындалатын құлшылықтар шектеледі деп хабарлайды 24 Хабар агенттігі.

@islampress_kz
144 views08:33
Ашу / Түсініктеме
2021-12-14 11:29:49 ТЕЛЕГРАММ ПАРАҚШАСЫНДА
┈•••✦ШиФаГеР✦•••┈
АТТЫ ДІНИ ТОПТА МЫНА ТӨМЕҢГІ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТАНЫСА АЛАСЫЗДАР
Ерінбей оқып шығыңыз!
بِســــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِــــــــــيمِ

Көп науқас адамдарға неге білікті дәрігерлер ешқандай диагноз қоялмайды.
Адамдардың неге жолдары болмай қатты күйзеліске түседі.
Сиқыр мен дуаның адамдарға қандай әсері бар.
Жындар адамның ішінде қай ағзаларында өмір сүреді.
Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек?
Хиджаманың пайдасы және оның шарттары.
Табиғи шөптердің аттары мен онымен қалай емделу жолдары.
Суицид қайдан пайда болады.
Сиқыршыларды қандай белгілерден әшкере аламыз.
"Руқия" Құран мен дем салудың түрлері.
Көз тигенің белгілері
Адам дуаланғаның белгілері
Неге адам есінен ауысып, өзгеріп кететін себептері.
Тмин, зәйтун, зімбір, лотос шөбі мен қалай емделу керек.
Бедеулік, әлсіздік, ұрпақ сүйеалмаудың себептері.
Неге қыз тұрмысқа, ер азаматтар үйлене алмай жүрген себептері.
Жындардың қанша түрі бар.
Шайтан жүкті әйелдің жатырындағы қантамырды түртіп түсік тастатады
Ес сақтау әлсіздігінің себептері
Сиқырды ішіп немесе жеп қойғанның белгілері және оның емі
Неге ерлізайыптылар жиі ұрысып, бір біріне жақындай алмайтын себептері.
Өзінің отбасына дем салуды үйрен
Суықтап қалған және көз тиген сәбиді сүннетпен қалай емдейміз.
Көзден және қызғаныштан емделу
Неге тәбет болмай, асқазан дұрыс жұмыс жасамайтынын себептері.
Пайғамбарға ﷺ кімдер сиқыр жасады.

Тағы өте көптеген өмірге маңызды мәліметтер бар

┈•••✦ШиФаГеР✦•••┈
Телеграмм парақшасында
Ссылканың үстінен басып тіркеліңіз

https://t.me/SHiFaGuN
793 views08:29
Ашу / Түсініктеме