Get Mystery Box with random crypto!

3. Рабиғул-әууәл айының 10-ы күні Мұхаммед ибн Сағдтың «ат-Т | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

3. Рабиғул-әууәл айының 10-ы күні
Мұхаммед ибн Сағдтың «ат-Табақатул кубро» еңбегінде кездеседі. Сонымен бірге, Хафиз Абдул Хаттаб Омар ибн Дихя «әт-Тануир фи маулидил баширин назир» еңбегінде, Ибн Асакирдың Әбу Жағфар әл-Бақирдан жеткізген риуаятында, имам Шағби мен Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Әлидың риуаяттарында да Пайғамбарымыз ﷺ туған күн осы күн екендігі жөнінде айтылады (Ибн Кәсир, «ас-Сиратун набауия; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»; имам Зәһәби, «ас-Сиратун набауия»).

Әбу Мұхаммед Димятидың «ас-Сиратун набауия» еңбегінде: «Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Әлидің (рабиғул-әууәл айының 10-ы күні) риуаяты мен Әбу Мағшар Нужайхтың (рабиғул-әууәл айының 12-і) риуаяттарын келтіріп, Әбу Жағфар риуаяты (яғни 10-ы күні) дұрыс», - дегендігін имам Зәһәби жеткізеді (имам Зәһәби, «ас-Сиратун набауия»; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»).

4. Рабиғул-әууәл айының 12-і күні
Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын), Ибн Хиббан, Мұхаммед ибн Ысхақ, Ибн Һишәм, Әбу Мағшар Нужайх және Ибн Халдун риуаяттарында кездеседі (Ибн Кәсир, «ас-Сиратун набауия; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»; Әбу Хатим ибн Хиббан, «ас-Сиратун набауия»; шейх Мухаммад ибн Ризқ, «ал-Исләм уә набиюл исләм»; имам Хаким, «ал-Мустадрак ғалас-сахихайни»; имам Байхақи, «Дәләилун-нубуаһ»; «Шуғабул имән»; Имам Табари «ат-Тарих»; Абдуррахман Суһайли, «ар-раузул ғунф фи шархи сирати Ибн Һишәм»; доктор Ахмад Әбу Зәйд, «ас-Сиратун набауия»; «ал-Истисқо фи ахбарил мағрибил ақсо»; Әбу Шайба, «ал-Мусаннаф»; Мұхаммед Әбу Заһра, «Зуһратут тафасир»; «Фатуа әл-Әзһәр).

Сондай-ақ, Ибн Кәсир «ал-Бидая уән Ниһәя», Ибн Ражаб Димәшқи «Латоифул мағариф», Мәуәрди «Әғләмун нубуәһ», Ибн Сайидиннас «Ғуюнул асар», доктор Мұхаммед ибн Абдуррахман Шаиғ «Нузулул Қуран», доктор Мұхаммед Сағид ибн Рамазан әл-Бути «Фиқһус сира», доктор Шауқи Әбу Халил «Атласус сиратин набауия», Мұхаммед Хаббоз «Бағсул һимәм ли мужази сирати сайидил умәм» мен «ал-Лажнатуд дәиимә лил бухусил ғилмияти уәл ифтә» пәтуасында, Шәдітөре Жәңгірұлы «Назым Сияр Шәриф», Әлихантөре Сағуни «Тарихи Мухаммади», Ахмед Лутфи «Сағадат ғасыр қиссалары» еңбектерінде, шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіп «Хадис және Хаят» көптомдығының 19-томынды және «Мәуләт жөніндегі тартыс» атты ғылыми мақаласында Пайғамбарымыздың ﷺ туған күні рабиғул-әууәл айының 12-күні екендігін айтады.

Осман империясы тұсында да дәл осы күні мәуліт ретінде тойланған (Закои Кунрапа, «Пайғамбарымыз уә ашараи мубашшара»).
Бірақ, рабиғул-әууәл айының 12-сі туған деген дерек мәшһүр болса да, мухаддистер Ибн Аббас пен Жәбирдың (Алла екеуіне разы болсын), осы күн жайындағы риуаятында рауилер арасында «инқитағ» (үзілу) бар екендігі жайлы айтады.

Оның үстіне, түрік ғалымы Закои Кунрапа «Пайғамбарымыз уә ашараи мубашшара» еңбегінде: «Рабиғул-әууәл айының 12-сі күні дүйсенбі күніне сәйкес кедмейтіндігін (бейсенбі күніне сай түсетіндігін) ұмытпаған жөн!», - дейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыдағы деректерді саралай келе, сәнәдтарға негізделіп қорытындылағанда рабиғул-әууәл айының 8-і күні туған деген дерек негізді болады деп айта аламыз. Асторномиялық есептеулерге сүйенсек 9-ы күні ғылыми негізді болса, мәшһүрлік (танымалдығы) тұрғысынан 12-і күні деген деректе негізді. Дұрысын Алла білуші!

Осы тұста, Пайғамбарымыздың ﷺ туған күініне байланысты имам Қасталанидың: «Пайғамбарымыздың ﷺ туған уақыты рабиғул-әууәл айында, күнінде емес (яғни, туған айы анық рабиғул-әууәл, күні мәлім емес)» («ал-Мәуәһибул ладуния»), - деген сөзін келтіруді орынды леп ойлаймыз.

Пайғамбарымызды ﷺ еске алуды қалап, өмір тарихын, ғибратты ғұмырын жад алғысы келген мұсылман үшін арнай күнді таңдау шарт емес. Пайғамбарымызды ﷺ белгілі бір күн яки рабиғул-әууәл айының ұлықтығы үшін емес, жан-жақты кемел үлгі, көркем өнеге болғандығы үшін еске аламыз. Ол кісіге деген құрметімізді арнайы бір күнде іс-шара не челендж т.б ұйымдастырып қана әшкере ете алмаймыз. Ал, ол кісіні еске алу мен өнегелі өмірін ұлықтау ол кісінің сүннетіне ілесу мен онымен әрдайым рухани байланыс орнату арқылы ған жүзеге асады.

Әзірлеген: @mihrab_kz