Get Mystery Box with random crypto!

Бірде бір жігіт жүкті әйелінен үйдің кітапханасынан бір кітап | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Бірде бір жігіт жүкті әйелінен үйдің кітапханасынан бір кітап әкелуін өтінді. Ол әйел кітапханаға кірген сәтте, толғағы келіп, өмірге шекесі торсықтай ұл әкелді!

Кітапханада туылған бала болғасын, ел-жұрт бұл баланы “ибн ал-кутуб” (кітәптардың баласы) деп атап кетті. Бұл бала өсе келе әлемге әйгілі, Ислам әлемінде өзіндік із қалдырған ұлы ғалым болды.

Ислам үмбетіне ерен еңбек сіңіріп, 600 кітаптың авторы атанды. 600 кіттап 4 мың томдай болады. Бұл ғұламаның есімі - Жалалиддин әс-Суюти болатын…

@maktubatkz