Get Mystery Box with random crypto!

Кітап оқуды тоқтатқан адам, өзінің алға қарай жылжуын тоқтатқа | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Кітап оқуды тоқтатқан адам, өзінің алға қарай жылжуын тоқтатқан адам болмақ.

Естіп алған нәрсеңізді айта беру - сүйкіміңізді құртады.

Оқып, зерделеп, түсініп, іске асырғаннан кейін қандай да бір сөзді айтсаңыз, Құдай өзі оған қуат береді, салмақ береді. Мейлі, сіз оратор болмасаңыз да, өз бойыңыздан өткен шынайы сөзіңіз адамдардың жүрегіне жетеді.

Бүгінде біздер өте көп ақпарат тұтынамыз. Алайда ол білім бола алмайды. Ақпараттың көптігі сондай, тіпті күннің соңына қарай таңда оқыған жазбаны ұмытамыз. Жаңа келіп жатқан ақпараттар, бірнеше минут бұрын алған ақпаратты қорытуға мүмкіндік бермейді. Осылайша бәрін білетін, бірақ ештеңке білмейтін адамдарға айналудамыз.

Ал кітап оқыған кезде барлығы бір тақырып аясында өрбиді. Кейінгі ақпарат алдыңғы ақпаратты толықтырады. Солай ақпарат комплексі қалыптасады. Шашыраңқылық болмайды.

Есте сақтау қабілетті де жақсартатын - көп кітап оқу!

#кітап #оқымақ