Get Mystery Box with random crypto!

​​Бір атақты мұсылман ғалымының басынан өткен мына оқиға өте ә | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

​​Бір атақты мұсылман ғалымының басынан өткен мына оқиға өте әсерлі деп ойлаймын. Оны ғалымның өз аузымен баяндайық.

«Бір жолы жолым түсіп Мысырға бардым. Сапарым аяқталған соң Александриядан шығып Каир арқылы ұшатын болдым. Рейсім таңертең ерте болған соң, Каирдегі аэропорт жанындағы мешіт имамына достарым арқылы телефон соққызып, түн ортасында барып мешітте түнеп, таң намазын оқыған соң ұшаққа мінетінімді айттым. Сондықтан, мешітті құлыптамай, ашық қалдыруын өтіндім.

Түн ортасында мешітке келсем,бір адам михрабта сәждеде жатып, ғаммияша (диалектіде): «Холос иә Роб! Халилни... (Болды жаратушы Ием! Жәрдем етші маған...)», - деп жылап, шынайы дұға жасап жатқанын естіп, тұрып қалдым.

Намазын бітірген соң, жанына барып амандасып, қал-жағдайын сұрадым. Ол: «Аллаға қай жағдайда шүкір етемін. Бірақ ертең әйеліме ота жасайды. Он бес мың төрт жүз гиней керек», – деді. Мен оған қолымда берер ешнәрсе болмағанымнан қысылып: «Алла жәрдем етсін», – деп шығарып салдым.

Үтір намазымды оқып, ұйықтап қалдым. Таң намазы уақытында азаншы келіп азан айтты. Намазға тұрғанымда, мешіт имамы мені танып, жолаушымын десем де намазға өтуімді өтінді.

Толық оқу үшін басыңыз