Get Mystery Box with random crypto!

Балабақшалардың бірінде Құдайға сенбейтін тәрбиеші болады. Бір | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Балабақшалардың бірінде Құдайға сенбейтін тәрбиеші болады. Бір күні өзінің сенімін кішкентай балаларға сіңдірмек болып:

"Балақайлар, қанекей, атеист болсақ, қолдарымызды көтерейікші!"

Әрине, қай бала апайына ұқсағысы келмесін, бәрі жапа тармағай қолдарын көтереді. Тек Мәриам есімді кішкене қыз ғана үндемейді.

Тәрбиеші Мәриамға жақындап:

- Мәриямжан, сен неге қолыңды көтермедің?
- Өйткені, мен мұсылманмын, Апай...
- Сен неге өзіңді мұсылман санайсың?
- Себебі, мама-папам мұсылман.. Апай...
- Мәриәмжан, айта қойшы, егер мама-папаң ақымақ болса, сен кім болар едің?
- Атеист болар едім, Апай...

@apendim