Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2021-08-07 07:18:34 Сенбі келіп секіріп жүрсіздер ме, алақайлап. Ертең от души ұйықтап алсам деп алақанды ысқылап, бүгін түнімен жүріп, күнімен төсекте дөңбекшіп, демаламыз.

Бұл өткен ғасырдан келе жатқан дәстүр. Негізі олай емес. Миымызды шайқап жіберіп, жексенбіге де жоспар құрайық. 5 күн үкіметке, 2 күн үйге қызмет етсін деген ешқандай заң жоқ.

Менен ұсыныс: жоспар құрайық.
Бүгін, ертең 20-30 минут кітап оқиық. Осы жерге әсер еткен бөлімін жіберейік. Өмірге тұтынуға болатын жерлері өте көп. Қандай кітап оқитыныңызды өзіңіз шешіңіз. Тіпті, мектеп оқулығы болса да. Ең болмаса, гуглдан қараңыз.

Кеттік.
Кешке сағат 19:00ден 22:00 ге дейін.
Таңғы 5:00ден 8:00ге дейін.

Кітап қарап дайындала беріңіздер.
331 views04:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 07:14:07 Сені табысқа не әкеледі? Күнде осыны ойлап жүрсің бе?

Бүгін байлық трендке айналған. Қай жерге барсаң да миллиондар туралы айта береді. Содан халық өмірдің мәні — ақша табу деп түсініп, қалай да бай болуға ұмтылып жатыр. Солардың ішінде мен де бармын. Ол дұрыс емес екен.

Ақша қуғанда емес жүрек тынышталғанда келеді. Кәсібіңді сүйіп жасағанда табысың артады.«Рақмет» дегенге бере салатын дәрежеде болсаң, алғыспен бірге ақы төлейді. Ал, ақша үшін жасасаң, алдап кету, саудаласу, ренжу секілді кикілжің пайда болады. Сонда қалай өмір сүреміз дейсіз ғой.

Бір сәт отырып ойланыңызшы.
Демалыссыз шауып жүрсіз. Ақшаңыз еселеп көтеріліп жатыр ма?
Немесе табысың күшті бірақ шаршап жүрсіз бе?
Бәрі жақсы тек береке болмай кетті ме?

Неге? Өйткені ішкі дүниеңізге, жаныңызға керегі ол емес

Ең құрығанда жұмыстан кейін ұнайтын іспен айналысыңыз. Рухыңыз рахаттансын. Сонда ісіңізге береке кіреді.

Бұл іс — менің хоббиім. Жазған сайын рахат сезімге бөленемін. Жасамасам, көңіл күйім болмай, ісім жүрмей қалады.

Сізге де кеңес беремін. Ниша деп жүргені сол. Қайталаймын. Кәсіппен айналысу тек ақша табу емес. Жаныңа рахат сыйлау.

Сүйікті ісіңізді ақшаға айналдырып жүргендер мен оны қалай табарын білмей жүргендер, бірігіп жұмыс жасайық. Табысқа шығайық.
Ой бөлісіңіздер.
162 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 19:13:24 Шамалап, ойлануды үйреніп қалған шығарсыздар.

Оқы. Кәсіппен айналыс. Табыс тап. Оған ешкімнің таласы жоқ. Тек жүрегіңнің қалауын тапшы. Сүйген жарыңды басқаға ауыстыра алмайсың ғой. Сол секілді кәсібің де нақсүйеріңнен кем болмауы тиіс.

Бұл жерде айтайын дегенім анау айтты, мынау жасады, мен де қалмайын деп ұмтылмаңыз. Әрқайсысыңыз бір әлемсіз. Сіздің бойыңыз тұнып тұрған талант. Өзіңізді тани біліңіз.

Мысалы, сіз бұлай жаза алмауыңыз мүмкін. Мен ән айта алмаймын, сурет сала алмаймын, қолөнер дегеннен мақұрыммын. Сондықтан ол салаларға жолағым келмейді. Жақындасам бүлдіремін.
Оның орнына қағаз бен қалам айнымас серігім. Ұзақ іздедім, таптым. Сіз де табасыз. Тоқтамаңыз. Зерттеңіз. Дамыңыз.

Бүгіннен бастап бірге дамиық. Кеттік пе?
214 viewsedited  16:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-02 18:50:26 Бүгін де қызықсыз теманы қозғағым келіп отыр. Настроениеңіз ұрып тұрса, өтіп кетіңіз.

Кешегі айтылғанның жалғасы ғой. Курс оқып «бірдеңе» жасауды ойластырып жүргендерді айтам та. Не жасағысы келетінін өзі де білмейді.

Көршілер мен таныстарға қарап бой түзейді.

«Қатира интернет-магазинмен тәп-тәуір тауып жүр. Еркош сто ашып алыпты. Гүлзира кіттай дүкенімен қақыратып отыр. Дамир газельмен шабашкада жүріп-ақ коттедж салып алды».

— Осының біреуімен мен де айналысайын, —деп қойып кетеді. Клиентская база жоқ. Бизнес стратегиядан мақұрым. Барын салып жібереді. Ол аз болса, кредит алады. 1-2 ай қызумен, типо, бизнес буымен мақтанады. Содан соң бітті. Кредит төлейтін ақша жоқ. Банкрот.

Енді...

Аласұрып сиқырлы таяқ іздейді. Курстан курсқа. Аффирмация. Медитация. Визуализация. Бәленің бәрін көреді.

Не болмаса, аузын қу шөппен сүртіп, жұмысқа тұрады.

Басқа амал жоқ. Өйткені, сонааау басында ниеті біреуді қайталау болатын. Мақсатына жетті.

Қазіргі кәсіп бастап жүргендердің жартысының проблемасы осы.

Қиын жағдай. Сонда не істеу керек? Неден бастау керек?
Осылай қадалып қайта тұрғандар бар ма? Батл жасайық. Аудио форматта.
271 views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-07-31 09:51:22 Даму үшін курс оқып жүргендер оқымаса да болады.

Көңіл күйлері түсіп кетеді. Үміттерін үкілеп отыр ғой.

Жақсы өмірді аңсап, байлықты армандап оқиды. Үйренсем, білсем дейді. Дұрыс қой. Тек..

Курс оқығанның көбісі рекламаға алданып жүр. «Мен көрсетемін. Маған келсең от қыламын» дегенге мастанып барады. Көппен бірге жүргенде бәрі күшті. Мотивация шар құсап үрлеп қояды. Бәрі бітіп өзіімен-өзің қалғанда, желі шығып үрленген шарлар бырт-бырт жарылады. Нәтиже жоқ.

Содан әне жетем, міне жетем деп курстан курсқа секіріп жүре береді. Неге?

Өйткені, әрекет аз. Керек дүниемен айналыспаудан. Осы жерде отырғандардың көбі дәл осы жағдайда жүр. Оқыған дұрыс, бірақ нені оқуды білу керек.

Шындыққа тіке қарап көрейік.
Кім нәтиже көріп жүр?
Кім әлі іздеуде?
Кім ойланып жүр?

Ақылдасайық. Бірге әрекет жасап, миллионер болайық.
349 views06:51
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 15:29:40 Көөөп табысқа қалай шығамыз?
Ол өзі мүмкін дүние ме? Өтірік сияққты дейтіндер бар.

Шынымен де, рас па? Бүгін миллион тауып отқандар не істеді?

Олар да құлпды. Қателесті. Кері шегінген кездері болды. Кешке армандап жатып, таңертең шытырлатып ақша санаған адам жоқ.(Байқамай лоторея ұтып алмаса.)

Пирамидаға қосылып, уәде берген түрлі программаларға жазылып, сетевойға кіргеніңмен, әрекететпесең түк те жоқ.Босқа қиялдаудың қажеті шамалы.

Қазағым, ұйқыдан оянып, шындыққа тіке қарап үйренсеңдер екен. Жасаймын дегенге жол ашық.

Осы жерге әрекет етсем де түк таппай жатырмын дейтіндер жазыңыздаршы.Талдайық. Ой бөлісейік.
57 views12:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 15:46:53 Осы каналдың арнайы чаты бар екенін ескерте кетейінші.Ол жақта ер жігіттер мен өңді қыздар ойларымен бөлісіп, әңгіме-дүкен құрады.

Қосылып қойыңыздар.

Мақсаты —қолдау білдіре отырып, бір-бірімізге көмектесу. Сол арқалы бірге даму.

Чатқа осы сілтемені басып немесе обсудить батырмасын басу арқылы тіркеле аласыздар

https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA
180 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2021-07-28 15:43:50 Уақытқа жете алмай жатырмыз

Зырылдап ұзап кетіпті. Соңғы пост ораза кезінде салынған екен. Содан бері аттай 3 жарым ай болыпты. Әні-міне деп жүріп қалыппын. Сонда деймін-ау, не бітірдім?

Бүгін қайтып келдім. Қош келдіңіз деп қолдап, қиқулатып қойсаңыздар.

Алдағы уақытта бірге болайық. Сіздермен өмір тамаша. Сондай сағындым.

Сіздерде не жаңалық бар? Айта отырыңыздар.
Қандай тақырып қозғайын?
Не туралы жазғанымды қалайсыздар?

Әрқайсысыңыздың пікіріңіз маңызды.
186 views12:43
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 07:35:59 Рамазан айы қош келдің!

Ағайын бүгінгі келіп жеткен рамазан айы құтты болсын. Тұтқан оразаларыңыз бен дұғаларыңыз қабыл болсын.

Бұл мұсылманның береке айы. Адам боп жер басып жүрген кез келген жан осы айда жақсылық жасап үлгер. Кешір, кешірім сұра. Алдына барып сұрай алмасаң, сыртынан сол адамға жақсы дұға тіле. Өсек, өтірік айтудан тыйыл. Денсаулығыңа не басқа себептермен ораза ұстамасаң да аузың, құлағың, көзіңе ораза жаса.

Тек жақсы сөз айт.
Ең жақсы жаңалық тыңда.
Жақсы нәрселерді көруге тырыс.
Қолыңа түскен 100 теңгені садақа ет.

Осы оразада жасап үлгеретін істеріңіз болсын. Жаңа кәсіп бастағыңыз келсе, сол садақаңыз көбейтуге септігін тигізеді. Эксперимент жасап көріңіз.

Аз-маз отпуск жасап, қайта қосылдық. Аудиокездесу жасап жібереміз бе? Қалай?
1.4K views04:35
Ашу / Түсініктеме