Get Mystery Box with random crypto!

Сені табысқа не әкеледі? Күнде осыны ойлап жүрсің бе? ⠀ Бүгін | О, Идея 🙇

Сені табысқа не әкеледі? Күнде осыны ойлап жүрсің бе?

Бүгін байлық трендке айналған. Қай жерге барсаң да миллиондар туралы айта береді. Содан халық өмірдің мәні — ақша табу деп түсініп, қалай да бай болуға ұмтылып жатыр. Солардың ішінде мен де бармын. Ол дұрыс емес екен.

Ақша қуғанда емес жүрек тынышталғанда келеді. Кәсібіңді сүйіп жасағанда табысың артады.«Рақмет» дегенге бере салатын дәрежеде болсаң, алғыспен бірге ақы төлейді. Ал, ақша үшін жасасаң, алдап кету, саудаласу, ренжу секілді кикілжің пайда болады. Сонда қалай өмір сүреміз дейсіз ғой.

Бір сәт отырып ойланыңызшы.
Демалыссыз шауып жүрсіз. Ақшаңыз еселеп көтеріліп жатыр ма?
Немесе табысың күшті бірақ шаршап жүрсіз бе?
Бәрі жақсы тек береке болмай кетті ме?

Неге? Өйткені ішкі дүниеңізге, жаныңызға керегі ол емес

Ең құрығанда жұмыстан кейін ұнайтын іспен айналысыңыз. Рухыңыз рахаттансын. Сонда ісіңізге береке кіреді.

Бұл іс — менің хоббиім. Жазған сайын рахат сезімге бөленемін. Жасамасам, көңіл күйім болмай, ісім жүрмей қалады.

Сізге де кеңес беремін. Ниша деп жүргені сол. Қайталаймын. Кәсіппен айналысу тек ақша табу емес. Жаныңа рахат сыйлау.

Сүйікті ісіңізді ақшаға айналдырып жүргендер мен оны қалай табарын білмей жүргендер, бірігіп жұмыс жасайық. Табысқа шығайық.
Ой бөлісіңіздер.