Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-04-07 09:36:02 Бүгін ерекше күн. Қазақтың киелі саны 7.Сәуірдің киелі күнінде кездесейік. Кешке 9-30 шамасында эфирге қосыламыз. Түрлі тақырыптар қозғалады. Сұрақтарыңызды дайындай беріңіздер.

Айтпақшы, эфирге кіріп Темірлан мырзадан кешегі фейсбуктың қыр-сырын білуге тырысыңыздар.

Темірланның қасиеті — сұраққа жауап беру. Өздігінен айтпайды. Сондықтан, қолқалап, айтқызайық .
1.9K views06:36
Ашу / Түсініктеме
2021-04-06 19:50:53 Кешегі стресс шығаратын бөлме көп адамның арманы секілді. Психологтар ашуыңды шығарып таста деп кеңес береді. Кейбірі сабыр сақта дейді. Кімдікі дұрысКешегі стресс шығаратын бөлме көп адамның арманы секілді. Психологтар ашуыңды шығарып таста деп кеңес береді. Кейбірі сабыр сақта дейді. Кімдікі дұрыс екенін өздеріңіз таңдаңыздар.

Бүгін үйде отырып та жасалатын кәсіп түрлеріне тоқталайық. Шетелде қызметтің түрі бар екен. Соның 5 назарларыңызға ұсынамын.

1. Полуфабрикаттар жасап сату. Кәдімгі пельмени, манты, котлеты, фрикадельки, ашыған қамыр дайындап, сату.

2. Балаларға арналған қонақ үй. Әке-шешесі қонаққа кеткенде бір-екі сағатқа алып қалсаң болады.

3. Тандыр нан сату. Үйдің нанын жақсы көретіндер қуана алады.

4. Жіптен қуыршақтар, ойыншықтар тоқу. Бүгінде трендте — қолдан жасалған экоойыншықтар.

5. Мехендимен сурет салу. Жасөспірімдер мен жас қыздар қолдары мен аяқтарына салдырады. Сурет салуды ұнатсаңыз болғаны.

Кәсіп жасау үшін ақша да, уақыт та керек емес. Ниет болса болғаны. Әр нәрсені бір шалып, ақша таба алмай жүрсеңіз, ойланыңыз. Өз ісіңізді таппауыңыздың себебі неде? Бәлкім қорқыныш шығар. Жұрттың қалауымен жүрсіз бе? Әлде біреуге мықты екеніңізді дәлелдегіңіз келе ме?

Осы сұрақтарға шынайы жауап беріп көріңіз. екенін өздеріңіз таңдаңыздар.

#бизнес_идея
1.9K views16:50
Ашу / Түсініктеме
2021-04-05 20:39:47 Мына 5-еуіне қараңыздаршы

Қызық дүние оқыдым. Тезірек осында бөліскім келді. Сіздерге бағыт, шабыт беру үшін түрлі сайттарды ақтарамын. Әрі өзімнің мамандығым болғандықтан материалдар жинап жүремін. Сөйтіп адасып жолсызда Мәскеудің жаңалығына түсіп кеттім. Олар осы жылға жаңа кәсіп түрлерін тізіп қойған екен.

Ойға келмейтін, мән бермейтін дүние.

1. Ескі-құсқы заттар дүкені. Сонау атаң мен әжеңнен қалған киімдер, құрал-саймандар, ыдыстар, кітаптар. Кейде тегін алып, қымбатқа сатқан. Көне ыдысты 100 рубльге қойса, эксперттер 3000 евро ұсынған. Қасықтан жиһазға дейін бар екен.

2. Бау бақшаны әрлеуге фигуралар. Подмосковьелік жігіт шиномонтаждағы істен шыққан шиналарды алып, ландшаф жасап жүреді. Таныстары қызыққасын сатсам қалай болар екен деп ұсынып көреді. Алғашқы жұмысына 5000 рубль ұсынады. Осы кәсіпті дөңгелентіп отыр.

3. Гүлге арналған квартира (приют). Демалысқа кеткенде үй гүлдерін алып қалады. Әр гүлдің сақтау мерзімі мен күтуіне қарай ақшасын алады.

4. Онлайн фотосессия. Қазір осы кәсіп біздің елімізде де жақсы көтеріліп келеді. Клиентке орынды таңдап бересің де экранның ар жағынан түсіре бересіз. Ақысын аласыз.

5. Комната стресса. Ол былай, бөлмеге кіріп, ұрып, қиратып, бүлдіріп, жыртуға, айқайлауға болады. Бар ашуыңды айналадағы заттардан аласың. Ашуың басылғасын спокойно үйіңе қайтасың. Бағасы бөлмеде болған уақытыңа байланысты. Ешкім тұрмайтын жаман үйлерге жасап қойса. Босқа тұрмай ақша түсірсін.

Осындай ойға келмейтін дүниелерден ақша тауып жатыр. Қалауын тапсаң, қар жанар деген осы. Біз әлі отырмыз. Басқалар ауадан ақша жасап жатыр.
1.3K viewsedited  17:39
Ашу / Түсініктеме
2021-04-04 22:27:50 Жаратылысымыздан жалқаумыз. Келіскілеріңіз келмейді. Бір жерден алтын шығыпты десек жүгіреміз. Ал, анда жұмыс бар екен десе, онның бірі ғана барады.

Бір жылдан бері осы каналда кәсіп, бизнес тақырыбына жазылған пост, берілген ақпарат жетеді. Бір жақты болмайық деп ізденіп, қолымыздан келгенше мәлімет жинап жүрміз. Соны қарап ары қарай дамытар деген ниет. Әй, әттең, қалай іске асырам дегеннен гөрі, «мынауың дұрыс емес қой», «білмесең жазба»,«мұнда сөйлегенше мінберге шық» деп қайдағы әңгімелер айтып кетесіздер. Сауалнама жасап, нәтижесін көрсек, сұмдық. Қойылатыны бір сұрақ.
Трендтегі тізесі шыққаны «кәсіпті неден бастаймын?»

Бизнес керек пе, ақшамен дос болғың келе ме? Гугл әпкетай, ютуб ағатай, инстаграм, фейсбук, вк, твиттер, тик-ток деген неше түрлі платформаға сол сұрақты қойып шық. Миллиондаған жауап шығады. Тоқтамастан бір ай ізде. Екінші айда миың шаршап, өзі тауып береді.

Простой формуланы жасап үйренейікші. Жауапкершілікті өз қолдарыңызға алыңыздар. Біреудің мойнына арта салмай.

Осы жерге сіздер де бірдеңе жаза кетіңіздер.
#ұйқысырапжазылғанпост
1.2K views19:27
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 20:34:16 Бүгінгі аудиокездесуге қатысқан жандарға мың алғыс. Білетінімізбен бөлісуге тырыстық. Біздің де білеріміз бір тоғыз. Білмейтініміз — 99.

Білімдеріңіз арта берсін.
1.2K views17:34
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 08:03:24 Кеттік

Кездесу жасап жіберейік.
Сәуірдің алғашқы сенбісіне де жетіппіз. Бизнес, кәсіп тақырыбын қолға алып жатырмыз. Енді осыны ары қарай жалғастырайық.

Бүгін кешке аудиоэфир өткізіп жіберейік.
Кімде қандай кәсіп бар?
Кім не ашқысы келеді?
Немен айналысуды білмей жүргендер.

Кешке астана уақытымен 21:30 да осы жерге жиналайық. Оған дейін плаймаркетке кіріп, телеграмдарыңызды обновить етіп қойыңыздар. Өткен жолы тамаша сұқбат болды. Бүгін де күшті әңгіме-дүкен құрайық.

Кездескенше.
#telegram #бизнес_идея
1.3K views05:03
Ашу / Түсініктеме
2021-04-02 19:56:07 Құлпынай өсіру көп шығын қажет етпейді. Шын пайда тапқың келсе, еңбек етуге тура келеді. Тер төкпей, табыс болмайды. Әрине өз қалауыңыз ғой.

Осы жолы тағы бір кәсіп түрі, үй гүлдерін өсіру туралы айта кетейік. Бұдан да пайда табуға болады. Отростоктар алып, өсіріп сатуға болады. Офистерде, мектептерде гүл көп. Мысалы, үлкендері 5000-6000 теңге, кішкентайлары 1500 теңгеден. Бүгінгі күні олхте гүл сатамын деуші жарнама көп.

Бағасы да әртүрлі. Отростокты да 200 теңгеден бастап сатуға болады. Қазір сұраныста доллоровый, женское счастье, алоэ. Гибискус роза секілді бұталы гүлдер 10 000 теңгеге өтеді. Бірден пайда тапқың келсе, таныстарыңды аралап шығуың керек. Кейде гүлдері көбейіп кетсе, тастай салатындар болады. Сондай дайындарын жинап сатсаң болады. Ал, кішкенеден бағып өсірем десең, оларды күтіп-баптауға дайын бол. Олар әрі үйдің сәні, әрі табыс көзі.

Солай қалаған адам кез келген нәрсені ақшаға айналдыра алады. Ниет болса болғаны.

Арамызда мұндай кәсіппен айналысатындар бар ма? Қандай гүл жақсы өтетінін нақтылап кетіңіздерші.
#бизнес_идея #Оффлайн #НаДому
1.2K views16:56
Ашу / Түсініктеме
2021-04-01 20:14:01 Келдім

Жоғалып кеттің деп іздемейсіздер еее! Бүгін күлкі күні екен, орыстар «день дураков» деп жатыр. Алданып не біреуді алдап көрдіңіздер ме? Өзім осы күнді түсіне алмадым. Эмоцияны ысырып қойып іске кірісейік.

Көктем келді. Сәуір тумай тәуір болмас деген. Күннің қызуы да күшейіпті. Оңтүстікте өсімдіктер гүлдеп жатқан болар. Батыс, солтүстік, шығыс жақтарда әлі қар да ерімеді. Биыл егіс егу кешеуілдейтін шығар. Көппен көрген ұлы той. Көрерміз.

Клубника кәсібі туралы жазғым келіп отыр. Өзім өткен жылдан бері қызығып, көбірек ақпарат жинаған едім. Рассада отырғызып, сатсаң да болады. Өзің көбейтіп, өнімін сату да пайдалы екен. Көп күтімді қажет етпейтін, тез көбейетін өсімдік. Дәмі тіл үйірер жидек кез келгеннің сүйікті асы. Бағасы да әжептәуір. Биылғы жылы аулаға егіп көбейт п алсаң, қысқа қарай әдемілеп шағын теплица жасайсың. Қысы-жазы урожай. Тек түрлерін таңдай білсең болды.

Альбион, короева Елизавета2, искушение сорттары 2 рет түйнектейді.

Кимберли, зефир, кама, клери, альба сорттары ерте түйнек беретіні.

Машенька, виктория, маршалла, зенга зенгана, максим, гигантелла сорттары үлкен жидектілері.

Қазірден жеріңді дайындап, отырғыз. Ары кетсе 1.5-2 айда құлпынай жеееп отырасың.

Алысқа шаппай айналаңа сат. Ағайын-туманың өзі талап алады. Көрші-қолаң да таңсық асқа үйір. Тәп-тәуір бизнес жасауға болады.

Әрекетке берекет.

Арамызда құлпынаймен айналысатындар бар ма? Біз білмейтін құпияларын айтыңыздаршы. Біле отырайық.
#Оффлайн #бизнес_идея
1.3K views17:14
Ашу / Түсініктеме