Get Mystery Box with random crypto!

Сенбі келіп секіріп жүрсіздер ме, алақайлап. Ертең от души ұйы | О, Идея 🙇

Сенбі келіп секіріп жүрсіздер ме, алақайлап. Ертең от души ұйықтап алсам деп алақанды ысқылап, бүгін түнімен жүріп, күнімен төсекте дөңбекшіп, демаламыз.

Бұл өткен ғасырдан келе жатқан дәстүр. Негізі олай емес. Миымызды шайқап жіберіп, жексенбіге де жоспар құрайық. 5 күн үкіметке, 2 күн үйге қызмет етсін деген ешқандай заң жоқ.

Менен ұсыныс: жоспар құрайық.
Бүгін, ертең 20-30 минут кітап оқиық. Осы жерге әсер еткен бөлімін жіберейік. Өмірге тұтынуға болатын жерлері өте көп. Қандай кітап оқитыныңызды өзіңіз шешіңіз. Тіпті, мектеп оқулығы болса да. Ең болмаса, гуглдан қараңыз.

Кеттік.
Кешке сағат 19:00ден 22:00 ге дейін.
Таңғы 5:00ден 8:00ге дейін.

Кітап қарап дайындала беріңіздер.