Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-01-20 16:44:00 Бүгінде бәріміз бизнес жасап, байып кетсек дейміз. Әрине, армандаған дұрыс. Ал сол баю жолы неде екенін білеміз бе?

Кеше жаңа мамандықтар туралы әңгімелеген едік. Бүгін 21 ғасырда ерекше сұранысқа ие болған, алда үлкен резонанс тудыратын мамандықтар туралы сөз қозғамақшымыз.

Көш бастап тұрған мұғалім мен дәрігер. Әсіресе, пандемия осы екі мамандыққа сұранысты арттырып жіберді. Қанша жерден робот басқарады деп шалқайсақ та, адамның орнын баса алмайтыны белгілі болды.

Екінші орынды ІТ мамандары иемденді. Егер сіз компьютер құлағында ойнасаңыз;
Код арқылы программа жасай білсеңіз. Құттықтаймын. Сіздің дәуреніңіз.

Ары қарай, сезіп отырған шығарсыздар, СММ. Оның өзі қазір бінеше салаға бөлініп кетті. Контент-менеджер, веп-дизайнер, сторизмейкер, копирайтер, таргетолог, инста-админ секілді мамандықтарды игеріп, үйде отырып, шыртылдатып ақша санайсыз. Таңнан дірдектеп офиске бармайсыз, диванда жатып-ақ жасай бересіз.

Дизайнерлер, веп-сайт құрастырушылар, маркетолог, бухгалтер, ветеринар, тігінші, шопыр секілді елге қажетті кәсіпті қолға алсаңыз да жаңылмайсыз.

Бұған дейін болған қызметтер. Тек қорапшаның ішіне тығып алып жасап отырғандай сезінемін. Қызметі сол, атауы басқа.

Бұл бір бөлігі ғана. Қолымнан келмейді деп паника шығармай тұра тұрыңыз. Алда қызмет түрлеріне шолу жасаймыз. Бағыт беріп, білгенімізбен бөлісеміз.
Бізбен бірге болыңыздар.

Аа. Ұмытып барамын, сіз қандай мамандық иесісіз?

#о_идея
#мамандық
#қызмет
1.1K viewsedited  13:44
Ашу / Түсініктеме
2021-01-19 16:41:22 Мектеп бітірерде жапатармағай мамандық таңдау басталады 20 ғасыр жұмысшылар уақыты еді. Дәрігер мен мұғалім крутой болатын. Кейін заңгер, экономист, бухгалтер хит болды. Табақтай дипломды иеленіп, шырт түкіріп жүретін. Уақыт өте келе, оның да сәні кетті. 50 жылда ел жаңа.

Соңғы 10жылдықта кәсіп көбейді. Қайсысының құлағын ұстарға білмей далмыз. Косманавт болуды армандағандар бизнеске лап етті. Шытырлатып ақша санау модаға айналды. Ақша көздің де, көңілдің де құрты. Жатсақ та, тұрсақ та бір тиынымыз екі тиынға айналса деп қиядлдауды шығардық. Кешегі адам емдеп, сабақ беріп жүргендер бизнесмен, коуч-тренер, смм, маркетолог т.б. болып кетті.

21 ғасырға бойлап кірген сайын кей мамандықтар жойылып, жаңалары шығып жатыр. Кейбірінің нендей қызмет ететінін де түсінбейміз. Тьютор, ментор, супервайзер, коучер дегендерің не істейтінін он адамның біреуі ғана біледі.

Заманның асқан жылдамдықпен дамуы, ерекше мамандарға ұсыныс жасауда.

Алдағы уақытта осы жерде мамандықтарға талдау жасап, өз идеяларымызды ұсынбақпыз. Бірге білейік. Көппен көрген ұлы той. Білгенімізбен бөлісіп, білмегенімізді Сіздерден үйренейік. Қолдап отырыңыздар.

Айтпақшы, интервьюер деген кім? Естігендеріңіз бар ма?
#о_идея
1.2K views13:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-18 17:19:55 Біздің «О, Идея!» каналына Жаңадан қосылған оқырмандарымыз да бар. Қош келдіңіздер.

Соңғы кезде қарбалас болып, мұнда бас сұғуға қол тимеді. Мақсатымыз — жаңа идея беріп, жол ашу болатын. Каналды тастап кетті деп жатқан боларсыздар. Негізінде, Арнаны қолға алуға түрткі болған да Сіздер.

Ештеңеге қарамастан, күтіп отырғандарыңызға рақмет. Алдағы уақытта пайдалы ақпараттармен бөліскіміз келеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 000 оқырман жинап, бизнеске бірге қадам басайық. Сәті түсіп, серіктестік те құрып жатармыз. Осы каналды ашқалы көптеген жас кәсіпкерлер шықты. Көкейде жүрген сұрақтарға жауап алдыңыздар.

«Халллей-хоопп» деееп сиқырлап жібере алмаймыз. Тек сиқыршы болудың жолдарын көрсетеміз. Сылтау іздемеген адамға мүмкіндік көп.

Талмаңыздар. Самғаңыздар.«О, Идеяның» берері таусылмасын. Бірге дамиық.

Кім немен айналысады? Қай кәсіптің тізгіні ұстағыңыз келеді? Бөлісе отырыңыздар.
#о_идея
1.2K views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-01-18 09:39:43 CРОЧНО !!!

Iname зергерлік компаниясы іздеу салады

Сату маманына:
* Қазақша таза және еркін сөйлейтін
* Телефонмен қорықпай сөйлесе алатын
* Желательно бұрын осы сферада жұмыс ітеп көрген
* Жұмыс оффлайн Алматы қаласынан болуы шарт
* График 6/1
* Еңбек ақы: Айлық + %
* Штатта жұмыс істейтін (өсуге ,дамуға ұмтылысы бар болуы)
* Білмеген жері болса көмектесеміз

SMM:
Талаптар :
•Инстаграмға толық жауапкершілік
•Қыз бала болуы керек
•Контент жасай алатын(сторис ,пост т.б)
•Штатта жұмыс істейтін
(өсуге ,дамуға ұмтылысы бар болуы)
•Білмеген жері болса көмектесеміз

~Алматы қаласында
~Толық ақпарат үшін
8 700 379 66 82
1.3K views06:39
Ашу / Түсініктеме
2020-11-24 15:52:30
Депті Форбс.кз сайты. Қазақшаласақ Z-ұрпағы бола ма? Солар революция жасайды дейді жақын арады. Алкоголь, ет, автокөлік, туризм сияқты салалар зардап шегуі ықтимал. Ал онлайн-сауда, люкс тауарлар, медиаиндустрия және ESG-инвестиция(не екенін мен де білмеймін) сияқты салалар дами түспек.

«Z-ұрпағының революциясы басталып келеді. Онлайн-әлемде дүниеге келген алғашқы ұрпақ жұмыс күшінің бір бөлігі атануда. Және ескі жұмыс күшін өз заңдарына бағындыруда.» — депті сарапшылар. Әмерика банкінің есебі бойынша, Z-ұрпағы миллениалдарды 2031 жылға қарай толық басып озады.

#өзойым

Бұл жаңалықтың көбіне батысқа қатысы бар екені айдан анық. Біздің жаққа, өзіміз сияқты, не келсе де кешігіп келеді ғой. Сондықтан бізде Z-ұрпағы деп меніңше 2000 жылдан бері қарайғылар саналуы тиіс.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл революция біздің елге қандай да бір әсерін тигізе ме? Әлде қалай? Ойыңызды төменге жаза кетіңіз
4.2K views12:52
Ашу / Түсініктеме
2020-11-20 07:40:44 Ара шаруашылығы және Марғұлан Сейсембай

Дмитрий Гордонның Марғұлан Сейсембайдан алған сұхбатын көріп отырмын. Марғұлан ағаның кез-келген сөзін көшіріп алып, кітап қылып шығаруға болады ғой шіркін. Білмейтіні жоқ шығар дейсің.

Илон Маск, Билл Гейтс демей, өзіміздің Марғұлан Сейсембайдан үлгі алсақ та болады ғой. Біріншіден, ол қазақ, қазақша сөйлейді. Екіншіден, ол біздің менталитетке сай кеңестер ғана айтады. Батыстың байларының білгенін бұл кісі де біледі. Қарапайым ауылдан шығып миллиардер болған адам.

Жә, Марғұлан ағаның өмірін көбіңіз білесіздер. Білмегендер интернеттен оқып алар.

Сұхбатқа оралайық.
Марғұлан Сейсембайдың әкесі агроном болған. Құр жатпайтын, энергияға толы кісі еді дейді. 61 жасында Киев Университетіне оқуға түскен ғой. Сенбей тұрған шығарсыз. Бұлай жасауының себебі партия ара бағуға рұқсат бермей қойған. Сәйкес дипломың жоқ, бұл өңірде бал алатын гүлдер өспейді деп.

2 жыл ішінде осы 2 мәселені шешіп, ақыры ара шаруашылығын бастаған. Не деген табандылық десеңізші. 60-тан асқан шақта адам зейнетке шығуы керек емес пе?!

Бұл осы сұхбаттың 1 ғана әңгімесі. Сондықтан барлығыңызға осы сұхбатты көруге кеңес беремін.
3.5K views04:40
Ашу / Түсініктеме