Get Mystery Box with random crypto!

Шамалап, ойлануды үйреніп қалған шығарсыздар. ⠀ Оқы. Кәсіппен | О, Идея 🙇

Шамалап, ойлануды үйреніп қалған шығарсыздар.

Оқы. Кәсіппен айналыс. Табыс тап. Оған ешкімнің таласы жоқ. Тек жүрегіңнің қалауын тапшы. Сүйген жарыңды басқаға ауыстыра алмайсың ғой. Сол секілді кәсібің де нақсүйеріңнен кем болмауы тиіс.

Бұл жерде айтайын дегенім анау айтты, мынау жасады, мен де қалмайын деп ұмтылмаңыз. Әрқайсысыңыз бір әлемсіз. Сіздің бойыңыз тұнып тұрған талант. Өзіңізді тани біліңіз.

Мысалы, сіз бұлай жаза алмауыңыз мүмкін. Мен ән айта алмаймын, сурет сала алмаймын, қолөнер дегеннен мақұрыммын. Сондықтан ол салаларға жолағым келмейді. Жақындасам бүлдіремін.
Оның орнына қағаз бен қалам айнымас серігім. Ұзақ іздедім, таптым. Сіз де табасыз. Тоқтамаңыз. Зерттеңіз. Дамыңыз.

Бүгіннен бастап бірге дамиық. Кеттік пе?