Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-02-05 17:31:16 Шағын бизнеске кім қолдау көрсетеді?

Қазақстанда кәсіпкерді қолдауға арналған бағдарламалар көп. Соларға тоқтала кетсек.

Тізімді бастап тұрған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Онда «Бизнес кеңесші», «Бизнес өсу» секілді кәсіпкерлікке даярлайтын курстары бар. Әрі түрлі қаржылай да грант иесі атануға мүмкіндік туғызады.

Екінші ретте — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Жаңа іс бастаушылар мен қосымша ақшалай көмек керек болса, несие алуға болады.

Одан кейін — «ҚазАгро» холдингі. Ауыл шаруашылығына арналған қаржылай көмек, қарыз, мәлімет пен кеңес береді.

Біз біле бермейтін жергілікті атқару органдары да кәсіппен айналысуға ниеттенген әйелдерге арналған бағдарлама ұсынған. ИП үш жылға жетпесе, акиматқа барып, көмек сұрауларыңызға болады.

Екінші деңгейлі банктер де бизнесті қолдауға несиемен көмектесуге дайын. Бұл да ақшасыз бастаймын деген адамға жақсы. Тек ескеретіні — несиені кірісіңізге сенімді болсаңыз ғана алыңыз.

Қазақстанда кенжелеп келе жатқан инвесторлық пен краунфандинг.

Келесіде осы тақырыптарға да ашып тоқталатын боламыз.

Ішімізде осы бағдарламаларды қолданғандарыңыз бар ма? Тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер.
828 views14:31
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 09:57:47 Вакансия

Ағылшын тілін оқыту орталығына ҚАСҚЫР сату менеджерлері керек

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ!

Міндеттері:

1. СРМ ЖӘНЕ Телефон қоңыраулары арқылы клиентпен жүйелі жұмыс жасау;
2. Скриптпен соңына дейін сату;
3. Күн сайын 50+ адаммен хабарласып, ақпарат беріп, сатуға дайын болу;
4. Жылы клиенттермен жұмыс;
5. Қойылған Планды орындау;
6. Түсіп жатқан лидтерді оперативно өңдеу;

Талаптар:

1. Сату менеджері ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық ретінде қаралады;
2. СРМ системасында жұмыс жасай алуыңыз артықшылық ретінде қаралады;
3. Жоғары эмпатия;
4. Жылдам үйрену;
5. Кез-келген жаңа дүниеге ашық болу;


Еңбек шарты:

1. Фикс.оклад+бонус; (орташа табыс 180000 KZT)
2. Жұмыс графигі 6/1, 12:00-20:00;
3. Компаниядан арнайы мотивациялық шаралар;
4. Жас, дамушы, тату ұжым;
5. Қаланың орталығында жайлы, жылы жұмыс орны;
6. Дамушы командандада болып, өсу мүмкіндігі;

Байланыс жолдары: 87784202230
810 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-02-04 17:11:30 Мұғалімдердің құлағына алтын сырға.

Сіздермен сыр сұқбат жасайыншы. Биыл олардың жалақысы да көбеймек. Қосымша ақша артық етпейтін шығар. Қалай біліміңді қосымша кәсіпке айналдыруға болады?

Мұғалімдер жақын отырыңыздар.

Онлайн сабақ беруге төселіп те қалдыңыздар. Қазір инстаграм, телеграм, вк арқылы бала жинап, зуммен сабақ өткізуге болады. Офис жалдамайсың. Шығынсыз табыс. Жарнамаға аянбасаң болғаны. Одан басқа ше?

Әр пәнге бөлек-бөлек тоқталайын.

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілінен сабақ берсеңіз, аудармашылық қызмет жасауға болады. Копирайтингті меңгеріп, аккаунт жүргізу де пайда. Оқушыларға үй жұмысын жасап беріп, әр тапсырмадан 200 теңге алсаңыз, тарифіңізді толтырасыз.

Математика. Бұл пәннен дәріс іздейтіндер тым көп. Тек есеп шығаруға көмектесудің өзі қыруар қаражат әкеледі. Выс.матты білсеңіз студенттер де ақша жаудырады.

Химия. Сабақтан басқа әр заттың құрамын анықтау арқылы табысын еселеп отырғандар бар. Кәсіпорындарға консультация беріңіз. Химиялық реакцияны түсіндіру де табыс көзі.

Физика. Кванттық физика+ психология. Тартылыс күшін дәл есептеп, құрылыста, медицинада (кт, флюро кабинеттерінде) қосымша ақы алсаңызшы.

География. Ел ішінде, шетелдегі әдемі жерлерді жақсы білсеңіз, жер бедерін тани алатын қабілетіңіз болса, біліміңізді арттырыңыз. Сол тақырыпта курстық жұмыстар дайындаңыз.

Дене шынықтыру. Дап-дайын тренерсіз. Кез келген спорт түрінен тренинг, марафон ұйымдастырыңыз.

Технология. Изо. Арт терапия бүгінгі трендте. Қолөнерге да сұраныс көп.

Информатика. Презентация жасау, Exsel, вордпен жұмыс жасауды үйренем деушілер жетеді. Немесе тапсырыспен дайындаңыз.

Тарих. Шежірелер кестесі барлық қазаққа керек.

Әдіскер болсаңыз, аттестациядан өтуге қосышалар құрастырыңыз. Бәрі қолыңызда бар.

Музыка мұғалімі онлайн да үйрете алады. Музыканы өңдей алсаңыз, тамаша.

Класс жетекшілер қолыңыздағы дайын материалдарды сатып та пайда табасыз.

Оған қол жеткізу мүмкін емес қой. Адамды қайдан табамын? Деееп ойланып қалдыңыз ба?

Бүгінде ватсап пен телеграмда жүздеген чаттар бар.
Кіріңіз де жарнамаңызды жіберіп отырыңыз.
Өзіңіздің каналыңыз бен чатыңызды ашып, адам жинаңыз. Таныстарыңызға айтыңыз.
Сторис, статусқа салыңыз.
Барлық әлеуметтік желіге жазыңыз.
Тегін арналарға да беріңіз.

Жасауға ниет етіңіз. Тоқтамастан клиент іздеңіз. Нәтиже ұзақ күттірмейді. Сәттілік!
#о_идея
#мамандық
877 viewsedited  14:11
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 18:25:10 Бүгін Даулет Төлеутайұлының Бизнеске бағыт кітабының электронды түрі шықты. Осында отырған бәріміз осы кітапты оқып, талдайық. Алдағы сенбі, жексенбіге дейін оқып бітіре алатын шығармыз.
898 views15:25
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 17:34:05 Бизнесмендер! Алға басыңдар!

Кәсіп бастау қиын емес. Қалаған ісіңді зерттесең болғаны. Әрине, ақшасыз да жасауға болады. Тек мимен жақсы дос болу керек. Клиенттің ақшасына кәсіп жүргізудің бір түрі — Дропшоппинг.

Бұны қалай жүргіземін десеңіздер:
кез келген складпен келісесіз;
тауардың суретін ғана жарнамалайсыз;
тапсырыс бергенде 100% төлем аласыз.
сатып алушы да, сатушы да басқа қалада бола береді.

Қолыңда жоқ затты ұсыну ыңғайсыздау. 2017 жылы Ахметбек Нұрсиланың Бизнес бастауында оқығанда, осы әдіспен қытай тауарларын сатқанмын. Мен Астанада, клиент Атырауда, склад Алматыда. Басында қорқыныш, сенімсіздік болды. Алғашқы клиент ақшасын аударғандағы қуанышымды айтсаңызшы.

Бәрі де мүмкін. Дропшоппинг немен айналысарға білмей жүрген адамға жақсы. Дайын тауарды сатасың. Қазақша айтқанда делдалсың. Тіл байлығың мен кішкене ұятсыздау мінезің болса, тамаша.

Кім Дропшоппингпен айналысқысы келеді?
957 views14:34
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 16:15:38 Отправлено из FBReader
914 views13:15
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 17:19:21 Бизнес жасауға ниетті жандар

Уәде етілгендей, бизнесплан жасау жолына қысқаша түсіндірме жасай кетейін.

Алдымен, не кәсіппен айналысатыныңызды нақтылап алыңыз. Қазір жаңалық енгізуді сұрайды.Оның түк қиындығы жоқ. Гугл әпкемізден сұрасақ, бірнеше вариантын береді. Ал, кеттік.

Түйіндеме (бизнес-резюме) дайындауымыз керек. Оған не жатады?

1.Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
2. Обьектінің сипаттамасы
3. Маркетинг жоспары
4. Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
5. Қаржы жоспары
6.Тәуекелділікті бағалау
7.Қорытынды
8.Қосымша

Мысал үшін бір жобаны келтірейін

Ұсынылып отырған жоба: би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Аспандияров М.С.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
Кәсіпорынды құру
Пайда табу
Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы — 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару— бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.

Жобаның сәтті болуы үшін кіріс пен шығысты қатар есептеген дұрыс. Кірісті есептеу оңай. Ал, шығыс дегеніңіз қарапайым пол жуатын трәпкіден бастап, крупный зат алуға жұмсалған, жалдау ақшасы, барлық төлемдерді есептеу.

Беріліп отырған қысқа нұсқасы. Атамекенге тапсырарда әр пунктті бөлек ашып, есептеп бересіз.

Осы мысалға қарап, өз ісіңізге жоспар құрып көріңіз. Сәттілік!
1.0K views14:19
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 17:02:29 Қыстың соңғы айына да келіп жеттік. Көктемнің де ауылы алыс емес. Бойымызға энергия құйылғандай, жанымыз жадырайды. Күннің қызуы жүрегімізді жылытады. Осы кез жаңалыққа ұмтылатын, жеңіске тез жететін кез.

Сенбі күні тайлық баланың бизнес жасаймын деген талпынысын, шарықтауы мен құлдырауын көркем көрсеткен фильм ұсынғанбыз. Ондағы мақсат — кәсіп бастарда қызбалыққа салынбай, жоспар құрудың артықшылығын түсіндіру.

Жоспарланбаған істің дамуы екіталай. Сондықтан, әр қадамыңды бағамдап алу керек. Қайда барсаң да, жаз дейді. Сол балақай секілді қойындәптерлеріңіз болсын. Қағазға түсірілген дүниенің орындалу қасиеті бар.

Ортамызда жаңа іске құлшынып, неден бастарын білмей отырғандар бар. Көп қойылатын сұрақтың бірі осы.

Сіздерге бұрынырақ та айтқанбыз, ьағы қайталаймыз. Қолыңыздан не келетінін анықтаңыз. Онсыз бірдеңе жасау мүмкін емес. Ертеңге дейін айналысатын кәсіптеріңізді белгілеп үлгеріңіз.

Өйткені, ертең осы жерде бизнес план құрудың алғышарты туралы білгенімізбен бөлісеміз.

Кішкене ғана ғұмырда иық тіресе бірге жүріп, бірге дамиық. Қолдап, қолпаштап отырыңыздар.
976 views14:02
Ашу / Түсініктеме
2021-01-30 17:56:24 http://baskino.me/films/biograficheskie/16754-tineydzher-na-milliard.html
654 views14:56
Ашу / Түсініктеме