Get Mystery Box with random crypto!

Рамазан айы қош келдің! ⠀ Ағайын бүгінгі келіп жеткен рамазан | О, Идея 🙇

Рамазан айы қош келдің!

Ағайын бүгінгі келіп жеткен рамазан айы құтты болсын. Тұтқан оразаларыңыз бен дұғаларыңыз қабыл болсын.

Бұл мұсылманның береке айы. Адам боп жер басып жүрген кез келген жан осы айда жақсылық жасап үлгер. Кешір, кешірім сұра. Алдына барып сұрай алмасаң, сыртынан сол адамға жақсы дұға тіле. Өсек, өтірік айтудан тыйыл. Денсаулығыңа не басқа себептермен ораза ұстамасаң да аузың, құлағың, көзіңе ораза жаса.

Тек жақсы сөз айт.
Ең жақсы жаңалық тыңда.
Жақсы нәрселерді көруге тырыс.
Қолыңа түскен 100 теңгені садақа ет.

Осы оразада жасап үлгеретін істеріңіз болсын. Жаңа кәсіп бастағыңыз келсе, сол садақаңыз көбейтуге септігін тигізеді. Эксперимент жасап көріңіз.

Аз-маз отпуск жасап, қайта қосылдық. Аудиокездесу жасап жібереміз бе? Қалай?