Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін де қызықсыз теманы қозғағым келіп отыр. Настроениеңіз ұр | О, Идея 🙇

Бүгін де қызықсыз теманы қозғағым келіп отыр. Настроениеңіз ұрып тұрса, өтіп кетіңіз.

Кешегі айтылғанның жалғасы ғой. Курс оқып «бірдеңе» жасауды ойластырып жүргендерді айтам та. Не жасағысы келетінін өзі де білмейді.

Көршілер мен таныстарға қарап бой түзейді.

«Қатира интернет-магазинмен тәп-тәуір тауып жүр. Еркош сто ашып алыпты. Гүлзира кіттай дүкенімен қақыратып отыр. Дамир газельмен шабашкада жүріп-ақ коттедж салып алды».

— Осының біреуімен мен де айналысайын, —деп қойып кетеді. Клиентская база жоқ. Бизнес стратегиядан мақұрым. Барын салып жібереді. Ол аз болса, кредит алады. 1-2 ай қызумен, типо, бизнес буымен мақтанады. Содан соң бітті. Кредит төлейтін ақша жоқ. Банкрот.

Енді...

Аласұрып сиқырлы таяқ іздейді. Курстан курсқа. Аффирмация. Медитация. Визуализация. Бәленің бәрін көреді.

Не болмаса, аузын қу шөппен сүртіп, жұмысқа тұрады.

Басқа амал жоқ. Өйткені, сонааау басында ниеті біреуді қайталау болатын. Мақсатына жетті.

Қазіргі кәсіп бастап жүргендердің жартысының проблемасы осы.

Қиын жағдай. Сонда не істеу керек? Неден бастау керек?
Осылай қадалып қайта тұрғандар бар ма? Батл жасайық. Аудио форматта.