Get Mystery Box with random crypto!

Даму үшін курс оқып жүргендер оқымаса да болады. Көңіл күйле | О, Идея 🙇

Даму үшін курс оқып жүргендер оқымаса да болады.

Көңіл күйлері түсіп кетеді. Үміттерін үкілеп отыр ғой.

Жақсы өмірді аңсап, байлықты армандап оқиды. Үйренсем, білсем дейді. Дұрыс қой. Тек..

Курс оқығанның көбісі рекламаға алданып жүр. «Мен көрсетемін. Маған келсең от қыламын» дегенге мастанып барады. Көппен бірге жүргенде бәрі күшті. Мотивация шар құсап үрлеп қояды. Бәрі бітіп өзіімен-өзің қалғанда, желі шығып үрленген шарлар бырт-бырт жарылады. Нәтиже жоқ.

Содан әне жетем, міне жетем деп курстан курсқа секіріп жүре береді. Неге?

Өйткені, әрекет аз. Керек дүниемен айналыспаудан. Осы жерде отырғандардың көбі дәл осы жағдайда жүр. Оқыған дұрыс, бірақ нені оқуды білу керек.

Шындыққа тіке қарап көрейік.
Кім нәтиже көріп жүр?
Кім әлі іздеуде?
Кім ойланып жүр?

Ақылдасайық. Бірге әрекет жасап, миллионер болайық.