Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-01-30 17:56:07 Сенбілік кеште немен айналысасыз?

Бізден бір ұсыныс болсын. Бүгін Сіздерге екі фильм ұсынғым келеді. Қарамасаңыз қарап, бұрын көрген болсаңыз тағы бір шолып шығыңыздар.

Сол фильмдегі сюжетті талқылап, өз ісімізге бизнес план жасап көрсек. Жіберілген қателіктері мен табыстарына анализ жасайық.
625 views14:56
Ашу / Түсініктеме
2021-01-29 16:50:25 Үміт

1950 жылы Гарвард психологы Курт Рихтер қатыгездікке құрылған тәжірибе жасады: бірнеше егеуқұйрықты екі топқа бөліп, су толы бассейнге салды. Мақсаты: олардың қанша уақыт тұра алатынын білу. Бірінші топ бар жоғы 15 минуттың ішінде бәрі өлді.

Келесі топты шаршаған кезде судан шығарып алды. Үсті кепкенше ұстап, тамақтандырды да қайтадан бассейнге жіберді. Яғни, оларға «құтылуға болады» деген үміт берді.

Қалай ойлайсыздар? Қанша уақытқа шыдады? 15 минут? 5? 20?

Жоқ, 60 сағатқа шыдаған.

Байғұс мақұлықтар, өздерін құтқаратынына сеніп, өмір сүруге құлшыныстары мүмкін емес дүниелерді жасатты. Сенім қиындықты жеңуге мүмкіндікбереді.

Енді, егеуқұйрықтың орнына әркім өзін қойса,«құтылам деген үмітін» «жетістікке үміт» деп ауыстырсақ.

Есіңізге түсіріңіз. Жолыңыз болған шақта — сендіңіз ғой. Қолыңыз жетті. Күнделікті дүниелерді ойланбай жасаймыз. Таңғы шәйды жұта саламыз. Төсекке ұйықтау үшін жатасыз. Бұларға сенімсіздік, қорқыныш дегендер әсер етпейді. Өйткені, миыңызды сендіріп тастадыңыз.

Жануар бойындағы ұмтылыс 24 есе құлшынысқа ауысты. Сіздің СЕНІМІҢІЗ қандай? Бастаған ісіңізге қаншалықты сенесіз?
730 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-01-28 17:14:37 Кәсіп бастау үшін кем дегенде 5-10 млн теңге болуы керек. Ондай ақшаң болмаса, бизнесің жүрмейді. Рас па?

Осыны бірге талдайық. Білгенім мен көргенімді тізіп айтып берейін. Содан соң өзй ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Жақын танысым бар. Денсаулығына байланысты жұмыс жасай алмайды. Карантин кезінде жолдасы да жұмыссыз қалды. Содан үйде отырып самса мен пирожки сатып, табысын еселеді. Үйдегі бар ұн мен етін, капустасы мен картобын пайдаланды. Әрі кетсе, 5000 салды. Басында. Алғашқы табысына тек керек азық-түлікті алып отырды. Қазір күніне 10 000-12 000 таза табысы.

Екінші танысым балабақшада няня. Ресейлік тегін каналдардан сурет өңдеуді үйренді. Метрика, календарь түрлерін жүктеп, жасап жүрді. Боньбонерка каналдарынан суреттер алу арқылы туған күндерге құттықтаулар жазды. Бір-екі рет өз атынан сыйлыққа растяжки, шокобокстар апарды. Солай өзіне ұнайтын істі игере түсті. Бас-аяғы 4-5 айдың ішінде табысы еселене түсті. Ең алғаш тапсырысын 1000 салып, 1200 теңге табыс болды. Бүгінгі күні қолы бос емес. Өзі мәз. Сүйікті ісі. Қосымша ақша тауып отыр.

Мұндай мысалдар өте көп. Жасаймын деген адамға кедергі жоқ. Миллион салуға асықпай. 1000 теңге табуды үйрен.

Ал, жауаптарыңызды күтемін. Кәсіп ашуға қанша керек?
763 views14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-01-27 19:10:50 Хоббиіммен баю қайда дегендерге

Иә. Бүгін қолыңа алған дүниемен миллиондар табасың деу ұят. Таппайсың. Шындығы сол. Ал, екі жеп биге шығасың десе сенбе. Одан да ұнайтын ісім бар деп жария сал да отыра бер. Бір күні 5-10 теңге тауып қаларсың. Сонша әлекке түспе. Барымен базар.

Осылай айтсам. Ұнай ма? Күткеніңіздің үстінен түскен шығармын.

Адам қызық жаратылыс. Айтсаң, істемейді. Айтпасаң, бұрқан-талқан. Жол көрсетсең, кері қашады. Тоқтап қалған пластинка тілін шайнап, бір сөзді қайталай береді. Дәп солай, айналдырып бір сұрақты қоя береді. Жауап бермей көр. Бұқаларша бұлқынады.

Қайталауға шаршамаймын. Ақша тек азық-түлікке айырбастайтын қағаз. Отқа жанады. Суға ағып кетеді. Құндылығы жоқ. Неге соңынан қуасыңдар? Оның орнына жаныңа рахат сыйла. Уақытыңды пайдалан. Біреудің айтқанымен жүрмей. Өз жолыңа түс. Аяғыңның асты толған байлық. Тіпті, осы чатты оқып отырып, табысты болуға болады.

Дәл қазір, каналды ақтарып шығыңыздар. ҚУҒЫНБАЙ идеямен бөліскенбіз. ОҚЫП. Қандай екенін тізіп шыққан алғашқы адамға 1000 теңге саламыз. Ал, кім жылдам?
1.4K views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-01-26 16:50:15 Жаңа іске ұмтылған жақсы. Ол — өсу. Ұмтылған адам түбінде жетеді. Қателіксіз өмір болмас десең де біреудікін қайталамаған дұрыс. Осы жерден сүріндім деп, көрсетті ме, айналып өт. Сол қателіктердің кейбіреуіне тоқтала кетсек.

Кәсіп бастағанда жіберетін қателіктер:

1. Басқалар жасап жатыр, мен де деген бәсекелестік.
2. Өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін «бірдеңе» ашу.
3. Нарықты зерттемеу.
4. Орынды дұрыс таңдамау.
5. Кредит, қарыз алу.
6. Жоспарсыз әрекет ету.
7.Болмаған істі аяқтап тастағандай сүйінші сұрау. (ашылмаған бизнесін жуу). Ашылмай жатып жабылған СТО-ның куәсі болдым.
8. Бухгалтерлік есеп жүргізбеу.
9. Шығынды есептемей табысты жұмсап жіберу.

Ең негізгісі, ақша табу, баю үшін кәсіп бастау.

Кәсіпкерлік байлыққа бастар жол емес. Ол — жан тыныштығы. Есек боп, терлеп өзіңді қыстап жүрсең.Таста. Одан құтыл. Эйфорияға жеткізер хоббиіңді тап.
843 views13:50
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 17:11:28 Бүгін де табыс табу жолындағы жанкешті сапар.

Жаңа апта басталды. Бір теңгемізді мың теңге етсек деп өре тұрдық. Әп дегеннен табыс табу мүмкін бе?

Сары баланыңқамы үшін тырбанымыз. Осы жерде нишам жоқ, қосымша ақша тапсам деген смстерді оқып ойланам. Ауыр болса да айтайын, осы күнге түк бітірмесеңіз, кімге өкпелейсіз. Ешкім саған көмектесе алмайды.Жол көрсетеді. Қаншама тегін ақпарат салынды.Салынады да. Интернетте де толып тұр. Саусақтың ұшымен іздеп табасың. Күрек-қайланың керегі жоқ.

Нишаның көкқасқасы бар. Жасап көр. Қателес. Құла, қайта тұр. Бүлдір. Жоғалт. Мұның бәрі тәжірибе. Өзім содан өттім. Ескіні жоғалтпай, жаңаға қолың жетпейді.

Кейбірі, кәсіп ашып алып отыр. Неге жолым болмайды? Осы сұрақ мазайлайтыны. Қорықпа. Жолың болды. Үлкен сабақ алып жүрсің. Өмір мектебінің ізденімпаз шәкіртісің. Қайғырма болмағанына. Қуан. Ендігі істе қайталамайсың.

Жоқтан өзгені проблема қылмай, әрекетті тоқтатпаңыздар. Адамның қолынан келмейтіні жоқ.
881 views14:11
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 16:05:51 Кеше үдере сайтқа барып пенсионкамызды тексеріп алдық. Жастауымыз алға жоспар құрып тастадық. Ертеңіміз толғандырды. Айлық табысымыз туралы ойланайық

Мысалы, сіз жиырмадасыз. Алдағы 10 жылда 300 000-нан жоғары табысы бар қызметте жасауыңыз керек. Яки қосымша табыс көзін қарастыруға болады.

Ешкім қолындағысын бөліп бермейді. Біреуге аузыңды ашып отыру ақымақтық. Сиқырлы таяқша да жоқ.

Ертең жаңа апта басталады. Қолыңа қалам ал да, не істейтініңді ойла. Әрекетіңе жоспар құр.
896 views13:05
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 09:32:40 СҮЙІНШІ!!!

Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан ақша алуға болады. Жаңа платформа іске қосылды. Әрине, ол үшін жинаған ақшаңыз белгілі мөлшерден жоғары болуы тиіс. Ол:

30 жас – 2 млн 538 мың теңге;
35 жас – 2 млн 961 мың теңге;
40 жас – 3 млн 437 мың теңге;
45 жас – 3 млн 947 мың теңге;
50 жас – 4 млн 495 мың теңге;
55 жас – 5 млн 84 мың теңге;
59 жас және одан әрі қарай – 5 млн 586 мың теңге.

Осы сумманың үстіндегісін алуға өтініш бере аласыз. Қолыңызда ЭЦП кілтіңіз болсын. Қанша барын білмесеңіз мына сайтқа өтіп,

https://cabinet.enpf.kz/porog

бірреттік (одноразовый) пароль арқылы біле аласыз.
Ал, қордағы ақшаны не үшін аламыз:

1. ипотекалық заем бойынша қарызыңызды жабуға;
2. тұрғын үй сатып алуға(ипотекасыз);
3. Отбасы банкі(жилстройбанк) арқылы ипотека рәсімдеуге;
4. ипотекалық үй алу үшін бастапқы (первоначальный) жарна салуға;
5. үкіметтен жалға алынған пәтердің ақшасын өтеуге;
6. жер алып, үй салуға;
7. емделуге – сомасы жоғары процедуралар мен шетелге ем алу үшін қолдана аласыз.

Осы мақсаттарда пайдалану үшін арнайы құжаттар керек Келісімшарттардың көшірмелері болуы міндетті. Түрлі анықтамалар жинайсыз.

Соымен қоса, қордағы ақшаны туысыңызға беруге, жақыныңыздан алуға да болады.

Жақын туыс – ата-ана, балалар, асырап алушылар, ата-анасы бір/бөлек аға-іні мен апа-сіңілі, ата-әже, жұбайы.

Оларға беру үшін тек ЖСН (ИИН) номерін пайдаланасыз. Бірнеше адамға бірден беруге де болады.

Отбасы банкінен счет ашыңыз. Банк комиссия алмауды ұйғарыпты. Шот нөмірімен
http://enpf-otbasy.kz

сайтына өтіп, өтініш беріңіз.

Сәттілік!
1.0K views06:32
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 17:24:29 Үйде отырып, табыс таба алам ба? Кішкене болсын қосымша болғанын қалаймыз. Бірақ қалай? Басымызды тауға, тасқа соғып, шарқ ұрамыз.

. Кімді көрсең де айтатыны «бірдеңемен айналысу керек еді». Оның не екенін де білмейді.
Кеше өз-өзіңізбен сырласып, ұнайтын істі табу жолын көрсеткен едік. Қалай болды? Іздеп көрдіңіз бе?

Ал, үйде отырған жұмысы жоқ әйел не істей алады? Осы сұраққа жауап беріп, білгенімді ортаға салайын.

Қарапайым ғана дүниемен табыс тауып отырған таныстарым бар. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Содан босқа отырмай пирожки мен самса пісіріп, үйінің қасындағы дүкенге тапсырды. Күніне 3000 теңге шамасында тапты. Жаңа жыл қарсаңында осы ісін дамытқысы келетінін айтқан. Ойласа келіп, басқа дүкендер мен офистерге ұсыныс беруді жөн санадық. Бірталай жерге барғаннан тапсырысын көбейтті. Соңғы онкүндіктегі табысы 89 000 теңгеге жетіпті. Машинасы да жоқ. Барар жеріне автобуспен апарады. Мақсатқа жетуге ешқандай кедергі жоқ.

Кез келген істі ақшаға айналдырсаң болады. Мысалы:
— етке салатын қамыр жайып беру;
— қонақ дастарқанын әдемілеп жасап беру, аспаздық қызмет;
— өз балаңа қосып, тағы бір баланы қарау (сағатына алуға болады);
— үй жинап беру;
— пылесос, кухонный комбайн секілді техникаларды жалға беру;
— балалар ойыншығын жалға беру;
— бала оқыту (үй жұмысына көмектесу);
— документтер жазып, өңдеп, шығару (үйде отырып);
— тапсырыспен зат алдырып сату;
— тоқу, тігу;

Осы секілді күнделікті тірлігіңді жасап жүріп, табыс табуға болады. Ал, жасаймын деп шешім шығарған соң не істеймін десең:

1. Ұят дегенді ұмытасың.
2. Алдыңнан шығып, сені тоқтатуға тырысатындарды тыңдамайсың.
3. Тума-туыс, дос, көршілердің чаттарына қызметіңді ұсынасың.
4. Хабарласқан адамға шынайы жауап бересің. Толық түсіндіресің.
5. Ең алғашқы жұмысыңды тегін жасап, отзыв аласың.

Осыдан кейін, вуаля, сен КӘСІПКЕРСІҢ демей-ақ қояйын. Үлкен еңбек кішкене қадамнан басталады.

Бұдан басқа тағы немен айналысуға болады? Жоғарыдағы тізімді толтырып көрейік. Ойларыңызды ортаға қосыңыздар.
1.0K views14:24
Ашу / Түсініктеме
2021-01-21 15:35:19 Қызметіңді монетизациялау.

Бірер жыл бұрын интернет арқылы табыс табушыларды алаяқтар ретінде көретін едік. Тәж киген вирус келді де ойымызды 90 градусқа тоңқалаң асырды. Аштан өлгің келмесе, онлайнға бар деген үндеуді ту ғып ұстап, жапа-тармағай интернетке жол шектік. Паника көтеріп, жатып алғандар қаншама. Креатив ойлай алатындар бірден әлеуметтік желіні ерттеп міне бастады. Қашықтан оқу мүмкін еместей көрінгенмен, оны да бағындырдық. Қысқасы, барлық кәсіпті интернет арқылы табысқа шығаруға болады.

Жақын арада желіні ақтарып отырсам, сварщиктің парақшасына түстім. Сварка жасау. Инстаграмда. Ақылға сыймайтын дүние ғой. Өзінің парақшасын әдемі етіп жүргізіп, жұмыстары арқылы тапсырыс жинауда.

Мейлі, сіз мұғалімсіз бе, дәрігер, менеджер, банк қызметкерісіз бе? Бәрібір. Өз ісіңізді жақсы білсеңіз болғаны.

Мысал келтіре кетейін. Инстаграмда, телеграмда канал жүргізіп, курс өткізіп, ақша тауып отырған мұғалімдер бар. Физика пәні мұғалімі онлайн курс өткізеді. Қазақ тілі мұғалімі «Сауатты қазақ тілі» курсын ұйымдастыруда.

Сол секілді гастроэнтерелог ханым парақшасында аурудың алдын алу туралы мәліметтер береді, сонымен қоса ақылы марафондар ұйымдастырады.

Менің ондай табысым жоқ дейтін шығарсыз. Сәл ойланыңыз. Қолыңыздан не келеді? Тігесіз бе? Тоқисыз ба? Тамақ пісіресіз бе? Үй жинауды жақсы көретін шығарсыз? Балтамен, балғамен жұмыс жасау ұнай ма? Маңызды емес. Жүрегіңізді қуанышқа бөлесе болды. Қызметіңізді ақшаға айналдыра аласыз.

Бізден кеңес болсын.
Қолыңызға қалам алып, не істей аламын? деген сұраққа жауап жазыңыз. 20-30-ға жеткізіңіз. Бірнеше рет оқып, қысқартыңыз. Ең ұнамды 3 істі қалдырыңыз. Енді осы үш қызметпен айналысатын адамдар туралы мәлімет жинаңыз. Олар қалай ақша тауып отыр?
Ал, таптық. Ары қарай ше?

Көбіміз осы жерден тоқтаймыз. Неге? Жолайрық. Қайда барарға білмейміз.

Ізденген адам табады. Алдымен, курс оқыңыз. Білім керек. Ақшам жоқ демексіз ғой. Ютубты, гуглды ашыңыз. Жазыңыз. Курстар толып тұр. Үйрене беріңіз. Мен де ақысыз білім алдым. Телеграмда орыстардың каналдары бар. Су тегін. Жыбырлаңыз. Интернет ақылды. Не іздесең, сол алдыңнан шыға береді. Инстаграмда да, ютубта да, гуглда да солай.

Дәл қазір барлық жерге «тегін курс» деп жазып, іздеп көріңіз. Ертең барлық тегін курстарға тап боласыз. Тексеріп, нәтижесін көріңіз.

Әрекетке берекет.

Қызметіңізбен чатта бөлісіңіз. Сізді іздеп жүргендер болуы мүмкін.
1.1K views12:35
Ашу / Түсініктеме