Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-03-29 19:42:41 Қызық екен

Алдымен, сіздерге көөп рақмет. Ойларыңызбен бөліскендеріңізге.

Жақынырақ отырыңыздар. Ерекше #бизнес_идеямен бөліскім келіп барады. Шыдай алар емеспін.

Ресейде бір кәсіпкер өзгеше кофейня ашыпты.«Dog House» пёсокафе — иткафе. (Қазақшасы келмей қалды.) Қысқаша айтып берейін.

Қаланың қақ ортасынан ашқан екен. Ішінде екі зал бар. Бірінде қонақтар, екіншісінде иттер. Арнайы приюттан әкеледі. Төртаяқты адамның досы — осы жердің тұрғыны. Жан-жануарларды жақсы көретіндер көп келетін көрінеді. Тек шәй, кофе ішуге болады. Санитарлық нормаға сай асүй жасауға рұқсат бермепті. Соның өзінде келушілер саны аз емес. Иттерді жуындырып, тамақтандырады. Тамақты келушілер де әкеледі, жан-жақтағы қолдаушылар да онлайн беріп жіберетін көрінеді.

Итті ерекше ұнататындар олармен бірге отырып кітап оқып, бірге ойнауына мүмкіндік жасалған. Итке жақындау үшін қолыңды жуып, антисептикпен тазалану — міндетті.

Кәсіпкердің айтуынша, ашуға 500 000 рубль теңгемен 2 500 000 шамасында кеткен. 3-5 айда шығынды қайтарып үлгерген.

Идеясы ұнады. Қалада үйде ит ұстай алмайтындарға жақсы секілді. Кейін асырап алуға да болады.

Осындай жерлер бар ма? Естімеппін. Сіздер қалай ойлайсыздар? Бізде бұл бизнес жүрер ме екен?
#бизнес_идея
#Онлайн
#Оффлайн
1.4K views16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-03-27 19:13:21 Карантин митингке байланысты дей ме?

Бүгін алматылықтар сүйдеп жатыр екен. Митингтегілер не сұрап жатыр? Білетіндеріңіз бар ма?

Біреуден дәмету арқылы кедейлікті шақырады екенбіз.«Менде жоқ. Маған бер» — дегенді көп айтсаңыз, ойланыңыз. Сізге келе жатқан байлық айналып өтіп кетеді дейді.

Босқа уақыт жоғалтып, митингке шыққанша, осы жердегі идеяларды пайдаланып жұмыстаныңыздар. Сізге пайдалысы осы. Ертеңгі ұрпағыңызға айқайлап тұрған видеоңызды қалдырасыз ба, әлде бизнес пе?
1.5K views16:13
Ашу / Түсініктеме
2021-03-26 18:21:05 Есептей аласыз ба?

Математикамен байланысыңыз қандай?

Бұрын ағайымыз «есеп білмеген есек» деп ұрысушы еді. Рас-ау. Кез келгенге жем боламыз.

Әңгіме мынадай. Сіз өз бағаңызды білесіз бе? Иә, кәдімгі бір сағатыңыз қанша тұрады? Уақыт ақшамен өлшенеді екен. Мән бермейміз. Дәрігердің 15 минуты 4000-6000 теңге. Адвокат, психолог дегендер де өз бағасын қойып тастаған. Біз де өзіміздің құнымызды есептейік.

Былай. Айлығыңызды жұмыс күніне бөліп, әр күнді сағатқа көбейтесіз. Бір айлықты сағат санына бөліңіз. Болды. Түк қиын емес. Сонда уақытыңыздың қанша екенін білесіз.

Ол неге керек? Жеке іс бастасаңыз соның бағасын шығаруға. Қанша сағат жұмсадыңыз сонша теңге. Осыны білгелі құнды екенімді түсіндім. Қызметімді қымбаттатып жатырмын.

Есептедіңіз бе? Бір сағатыңыз қанша?
#бизнес_идея #telegram
1.4K views15:21
Ашу / Түсініктеме
2021-03-24 19:10:55 Бүгін демалдыңыздар ма? Жұмыста болдыңыздар ма?

Әр жерде әр түрлі. Бізде демалыс өз қолымызда. Қалаған уақытыңда шығасың. Үйде жатам десең де өзің білесің. Рахат қой. Фрилансерліктің пайдасы сол.

Оффлайн бизнес те тоқтамайды. Базар, дүкен жаппай онлайнға кетуі үшін тағы бір-екі ғасыр точно керек. Сондықтан смело армандап, ашуға талпына беріңіздер. Оның дамуына карантин кедергі емес. Өтірік әңгіме. Жасай алмаған адам не демейді. Бизнес стратегияны дұрыс құру керек.

Стикершоп дегенді естуіңіз бар ма? Иә, кәдімгі стикерлер. Жастар мен жасөспірім, балалардың «темасы». Онлайн да сатуға болады. Солар отыратын пабликтерге бір-екі жарнама салып жіберсең, бас-аяғы бір айда танымал боласың. Жастар қызақай. Бір-бірінен көргенін қайталайды. Мектеп жасындағы ағайын-туманың балаларына сыйла. Инстаграмың мен бутигіңе шақыр. Болды. Гүлге қонған араша айналып шықпайды. Арасында конкурс, акция ұйымдастыр. Салған ақшаңды 3-4 айда шығара аласың.

Стикерлерді қытайдан алдыртасың. Алиэкспрестен тапсырыс беруіңе болады.

Жасаймын деген адам сылтау айтпайды. Ақшаны да табады. Ретін де келтіреді. Солай емес пе?

Шаршаңқырап отырмын. Көңілімді көтеріп, жаза кетіңіздерші. Коммент күтемін .
#Оффлайн #Онлайн #бизнес_идея
1.3K views16:10
Ашу / Түсініктеме
2021-03-23 19:28:01 карантин

Тағы ма?

Алматы мен Нұр-сұлтанды жауып тастады. Басқа үш облыс сары аймақта. Жұрт ауру құтырып барады деп шулап жатыр. Енді не болмақ? Ақшасыз үйде отыруға дайынсыз ба?

Соңғы бір жылдан бері әлем үдере көшіп интернетке келді. Виртуальный өмір баурап алды. Біреуге уақыт өткізу құралы, екіншіге табыс көзі. Бар жоғы бір-ақ жылда жаһандық өзгеріс. Көз алдыңызға елестетіңізші, Антарктидадағы мұз үйіңіздің қасына келсе, жата бересіз бе? Суға кетесіз. Тырбыну керек. Әйтеуір, бірдеңе жасап қалсаң да. Жастығыңды алып өлуге тиіссің ғой. Сол секілді, жаппай жұмыссыздық алқымға келді.

Пандемияның біткенін күтіп жүргенде күнің өтіп кетеді. Босқа телефон ақтарғанша, курс оқы. Жаңа мамандықтарды үйрен. Қолымнан келмейді деген сылтау. Мен жасағанды сен де жасайсың. Гуглды аш. Онлайн қызметтердің тізімін ал. Ютубқа бір-бірлеп жазып не екенін, қалай жұмыс істеуге болатынын біл. Бірге бір қайталап жасап көр. Ең құрығанда терминдеріне құлағың үйренеді. Инстаграмда да тегін білім толып тұр. Қорықпай, жасай бер. Іздеген жетер мұратқа. Бір жылдан соң мынауский маман боласың.

Айтушылар, 2023 жылға дейін осылай тышқан мысық ойнап жүреміз деп жатыр. Алла сақтасын. Әркім өзін қаржылай сақтауға тырысқаны жақсы.

Бізден ескерту. Арғы жағын өзіңіз білесіз.
#бірнәрсеістеукерегеді
1.1K views16:28
Ашу / Түсініктеме
2021-03-22 18:47:14 Каналдың жоғарысында жасыл түсті бассаңыздар аудиокездесуге қосыласыздар
1.0K views15:47
Ашу / Түсініктеме
2021-03-22 18:38:34 Аудиокездесу бастайық
1.0K views15:38
Ашу / Түсініктеме
2021-02-13 17:25:41 Жақсы жаңалық

Телеграм каналымыздың мақсатын білесіздер. Білгенімізбен бөлісіп келеміз. Мейлінше, ауқымды ақпараттарды қамтысақ дейміз. Ол үшін сіздердің көмегіңіз қажет.

Бүгін әрқайсысыңыз өзіңіз, қызметіңіз, тауарыңыз туралы мәлімет берсеңіздер. Әрі жақын танысайық, әрі реклама болсын.

1. Кімсіз?Қай қаладансыз? Таныстырыңыз
2. Немен айналысатынызды, неге қызығатынызды жазыңыз.
3. Кәсібіңізге шағын жарнама жасап жіберіңіз. Ал, ештеңемен айналыспайтындар, нені үйренгіңіз келетінін айтсаңыз болады.

Бүгін рекламная пауза . Біздің ұтатынымыз қалай қарай жүруге бағыт аламыз.

Ал, кеттік, онда!

#о_идея
#шабыт
#рекламнаяпауза
285 viewsedited  14:25
Ашу / Түсініктеме