Get Mystery Box with random crypto!

О, Идея 🙇

Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇 О
Telegram арнасының логотипі kz_biz — О, Идея 🙇
Арна мекенжайы: @kz_biz
Санаттар: Бизнес
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.15K
Арнадан сипаттама

Чатқа да тіркеле кетіңіздер
https://t.me/joinchat/GIwjiFXFIzh_6FlqUCKXrA

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-02-12 18:51:21 Инстаграмды жаңа бастағанда не істейміз?

Оптом онлайнға көштік. Бір-бірден парақша ашып, енді отырмыз. Қалай жүргізерімізді білмей тосылдық. Бүгін қызмет парақша туралы әңгімелесек.

Ең алдымен, кірер есігімізді, инстаграм шапкасына назар аударыңыз. Не жасайсыз? Ерекшелігіңізді жазсаңыз.

Мысалы: массаж жасайсыз. Қандай? Кімге? Қай нөмірге хабарласу керек? Осы ақпараттар жазылады. Ватсабыңызды қосыңыз.

Содан соң күнделікті пост саласыз. Жүйелі болса, подписчиктеріңіз де белсенді. Қазір инстаграм сторисі арқылы сату маңызды. Онда суреттер мен 15 секундтық видеолар болғаны дұрыс. Әр күні өз қызметіңіздегі ерекшеліктер, жаңалықтарды стористе бөлісіңіз. Негізі оған да арнайы сценарий құрып алу керек.

Инстаграмда бизнес жасау үшін СММ-ді оқып алыңыз. Білімді болғанға не жетсін.
421 views15:51
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 14:06:15 ХАБАРЛАНДЫРУ !!!

Фейсбук аккаунт сатып аламын.
Қойылатын талаптар
- Ашылғанына 6 айдан көп болу керек
- Реклама жіберілмеген болуы шарт.

Таргетинг жарнамасын жіберу мақсатында ғана қолданылады.

Толық ақпарат
@temirlan_quanyshuly
444 viewsedited  11:06
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 18:16:40 Біздің каналымыздың мақсаты — білетінімізбен бөлісіп, ойымызды ортаға салу. Бүгінде жұмыссыз құр отырған адам жоқ. Тіпті, үйде болсаңыз да, өзіндік тірліктер жасап жүрсіз. Нақты шытырлатып ақша санамаған соң, сондай клеймо таққан. Бұл сонау СССР-дің айтқаны. Жаппай еңбекке салу еді.
Ер, әйел, бала деп бөлмей, үйде бос отырғызбаған. Негізі олай емес.

Кішкене ойланыңызшы. Түк бітірмейтін адам болмайды. Оймен болса да, еңбек етеді.

Қоғамның айтқанына құлақ аса бермеңіз. Бүгін болмаса, ертең болады. Үміттеніп, фокусты, ниетті бір нәрсеге қойыңыз. Қолынан түк келмейтін адам жоқ. Тек қозғалуға қорқады. Өзіне сенімі жоқ.

Оған да сіз кінәлі емессіз.
Бала кездегі қателікті терген мұғалім мен айтқаныңызға сенбеген ата-ана. Олардың санасына сіңдірген тағы да — қоғам. Балам мықты болсын, қалт баспасын деді.

Сондықтан, ешкімді кінәламай, орныңыздан тұрыңыз. Алған бетіңізбен жүріңіз. Тоқтамаңыз. Құласаңыз, ештеңе етпейді. Тұру оңай. Басқаға мойын бұрмаңыз. Ақылын тыңдаңыз, айтқанымен жүрмеңіз. Сіздің өз жолыңыз бар. Адаспайсыз.

Отырған әрқайсысыңыз огиналсыз. Осы жерге «Мен — МЫҚТЫМЫН» деп жаза кетіңіз. Қанша екенбіз?
#о_идея
#шабыт
506 views15:16
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 18:13:21 Бүгін аптаны орталап қалдық. Тақырыпты жалғастыра берейін. Иә.

Кәсіпке керекті адамдарды қалай жинаймын деген сұраққа жауап берсек.

Табысты болу үшін команда керек. Бәрің бір арнада ағатын болсаңыз, міне, жолыңыз болды. Жаныңызға жақын туманы жақындатпаңыз. Келіспей қалсаңыз туыстығыңызға сызат түседі. Алыстан сыйласыңыз.

Кімді алу керек? Таныстарыңыздан іздеңіз. Әріптес, кластас, курстас. Сізді сыйлайтын жандарды.

Өзіңіз білмейтін істің мастерін таңдаңыз. Білімі артық болса, тіптен жақсы. Өз ісін дөңгелентіп отырса болғаны.

Мінезіміз, көзқарасымыз ұқсас болсын деу дұрыс емес. Біріңіз көрмегенді екіншіңіз байқап, түзетеді. Әртүрлі идеялар болады. Қарамағыңыздағыларға ойын айтуына мүмкіндік беріңіз. Бір адамның айтқанымен жүру қүлдырауға әкеледі. Көбірек ақыл сұраңыз. Ойларын ортаға салуын өтініңіз. Айтылған ұсыныстың бәрін жазып отырыңыз. Бірде болмаса бірде кәдеге жарайды. Команда мүшелерін тең дәрежеде ұстаңыз. Қаншалықты қарапайым болсаңыз, соншалық беделді боласыз.

Жұмысқа қабылдарда арнайы анкета дайындаған дұрыс. Көкейіңізде жүрген сұрақтарды жазыңыз. Еркін көсілетін пункттер қосыңыз. Жауаптарға қарап адамның ішкі дүниесін тануға болады. Өзі туралы айтуына жол ашыңыз. Адамдар өздерін мақтағанды жақсы көреді.

Бұл негізгі шарттары. Әр кәсіпкердің жеке әдісі бар. Көппен жұмыс жассған сайын жұмысшы психологиясын тани бастайсың. Басында қателіктер болуы мүмкін. Одан қорқудың қажеті жоқ. Ол тәжірибе.

Ісіңіз берекелі болсын!
#қызмет
563 views15:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 18:41:20 Кәсіп бастарда жасалатын 3 нақты қадам.

Бірдеңе жасауға ниеттеніп жүрсеңіз, сақтап алыңыз.

Алдымен, немен айналысатыныңызды анықтауыңыз керек. Оны тек Сіз ғана білесіз.

1. Тауарға/ қызметке сұраныс мөлшері қандай?

Ол үшін дәл сондай кәсіппен айналысатын 30 инстапарақшаны зерттейсіз.
— Соңғы екі айда не салды?
— Қандай суммаға сатты?
— Клиенттер коментарийде қандай сұрақтар қояды?
Осы мәліметтерді жазып аласыз.

2. Өзіңіздің ерекшелігіңізді табыңыз.
Жұртпен бірдей болу — ештеңе жасамау. Адамдар білмейтін дүниені алуға құмар. Изюминкасын тауып, соны көрсетіңіз.

3. Табыс пен шығысты есептеу. Бастамай жатып қайдан білемін деп отырсыз ба? Конкуренттерден.
Манағы зерттеген парақшалар арқылы мұны да есептей аласыз.

Бұл қадамдарсыз, ісіңіз жүруі екіталай. Рас, кейде сәттілік алға түсіп кетуі мүмкін. Бәрібір, ортаға келгенде тоқырайды. Сол себепті, анализ жүргізіп алыңыз.

Сәттілік, бизнесмендер! Зерттемей-ақ кәсібін дөңгелетіп отырғандар бар ма? Бұлай жасамай бастай берем дегендер қол көтеріп қойыңыздар.
655 viewsedited  15:41
Ашу / Түсініктеме
2021-02-08 17:01:52 Қуаныш Шонбай мырзадан кеңес
Қоржындарыңызға салып қойыңыздар.

Аққала техникасымен қарызыңнан құтыл

Әрбір Қазақстан азаматы орташа есеппен санағанда банктерге 900.000 теңге қарыз екен.

Мысалы, Азамат мырзаның банкте 4 кредиті бар. Оның айлық табысы - 350.000 теңге. Енді Азамат мырзаның қарызын Аққала техникасын қолданып жауып көрейік.

Аққала техникасының маңызды бөлігі - қосымша қаржы көзі. Азамат мырза қосымша табысты біреуге көмектесу арқылы тапты. Тапқан ақшасы - 20.000 теңге.
Бұл ақша Азамат мырзаның жалпы табысыңның жанында әрине түк те емес. Бірақ бұл ақшаны қарызын төлеуге жұмсаса, құндылығы жоғары болады.

1. Ең кіші қарызы сағат 17 500 (өзінің
төлейтін сомасы) + 20 000 (қосымша табысы). Екеуін қоссақ, 12 айда бөліп төлейтін қарызынан 5 айда құтылады.

2. Телефон 20 000 теңге (өзінің төлейтін сомасы) + 17 500 (сағаттан қалған сома) + 20 000 (қосымша табыс). Ойлаңызшы, 2 жылға алған кредитінен 6 айда құтылады.

3. Көлік 35 000 (өзінің төлейтін сомасы) + 17 500(сағат) + 20 000(телефон) + 20 000(қосымша табыс).

Шамамен, 5 айдың ішінде машинаның қарзынан құтылады.

4. Ипотека 45 000 (өзінің сомасы) + 35 000(көлік) + 20 000(телефон) + 17 500(сағат) + 20 000(қосымша табыс)

1 жылда Азамат мырза ипотека қарызынан да құтылады

Қарызсыз өмірге қадам басыңыздар!

Осы әдісті жасап көргендеріңіз бар ма?
#о_идея
732 views14:01
Ашу / Түсініктеме
2021-02-07 17:35:31 Қызық айтайын ба?

Біз мында отырып алып, бизнес деп жар саламыз. Өйту керек, бүйтейік деуден кенде емеспіз. Біріміз түсінбей далмыз.

Шулаап отырғанымызда мектептің 11 класында бәрін өтіп тастапты. Масқара. Кәсіпкерлік деген сабақ бар екен ғой. Ау, мектепте жұмысжасап жүрген мұғалімдер! Неге айтпайсыңдар?

Бүгін біліп жатырмын.

«Питчинг» деген термин бар екен. Бірінші рет естідім.

Питчинг — өз ісіңді презентациялау, таныстыру. Бизнес жүргізгің келсе, әдемі сөйле.«Шешен сөйлей алмаған адам мансап иесі бола алмайды»,— депті Напалеон.

Болашақ кәсіпкерлер! Биікке өрлеп, табысты болғыларыңыз келсе, ойыңызды жеткізіп үйреніңіз. Осы жер Сіздер үшін тәжірибе алаңы. Әр күні түрлі ақпараттар жіберіледі. Соған бір ауыз лебіз білдіріп жіберіңіз.

Қалай демалдыңыздар? Ертең жаңа апта. Не план? Кімде қандай ұсыныс, жаңалық бар?

Ортаға салыңыз. Әңгіме айтып, шәй ішейікші .
756 views14:35
Ашу / Түсініктеме