Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 80

2021-02-09 17:37:43 Сенің халқың бар, Тәуке!

- Тағы қандай кеңес айтасыз, Батыр аға? – деді ханзада еркелей сөйлеп.
– Не себепті Түркістан сарайы емес, мына құлазыған далаға келдік? Маған дала өмірінен, қаладағы қарбалас тірлік қызықтырақ. Неше түрлі адамдар, жер – жерден келген көпестер мен саяхатшылар, арасында қызықты кітабын пұлдап тұрып алатын саудагерлер мен ел кезген дәруіштер. Күнде бір қызық, бір той. Оның үстіне “Жау жоқ деме, жар астында” деген. Аяқ астынан жау шапса мына дала төсінде қорған болар қамал бар ма?
- Халқың бар! Сенің халқың бар, Тәуке. Басынан соры арылмаған халқың бар. Құшақ ашқан адамы кеудесіне пышақ ұрған аңқау жұртың бар. Жатса – тұрса Алласынан тілек тілейтін, өзгеге иненің жасуындай қиянат етпейтін елің бар. Ұлы әкеге қарап оқ жонған, қызы шешеге қарап тон пішкен, келіні қонақ күтсе күлімдейтін, отағасы үйге келсе ерім дейтін, текті жұртың бар. Халқыңның жанайқайын білгің келсе сарайда отырма, қамалға тығылма. Қамалға тығылса халқыңнан қадірің кетер, қадірсіз ханның елінен береке кетер! - деген екен.

Рысбек Рамазанұлы "Патшалар һәм падишахтар құпиясы"
1.3K views14:37
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 17:27:25 Мен сенің көрмейтіндігіңе өкінгенім жоқ. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, жас басыңнан өкпе ауруын жамап алғаныңа қабырғам қайысып еді. Сонау бір жылымық шақта, «Жылымық» деген суретті көтеріп сенің жаныңда тауға өрлеп бара жатып, адамның сыртқы дүниені, ортаны, жалпы табиғатты сезінуі, қабылдауы жайлы тұңғыш рет ой түсіп еді. Содан бері көру үшін тек қана көздің болуы жеткіліксіз, әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағанмын.

Оралхан Бөкей "Жылымық"
1.2K views14:27
Ашу / Түсініктеме
2021-02-09 17:14:01 Құрмет пе, қамқорлық па?

Бірде кітапханадан шығып келе жатып, бір әжеден оңбай ұрыс естідім. Жағдай былай болды.
Мен шығар есікке беттеп едім, мына жақтан жаңағы кісі келе қалды. Әрине, әдеттегідей тартынып үлкен кісіге жол бердім. Ал қызық болғанда әжеміз: «Ер адамсың,өте ғой,шырағым» деп менің бірінші өтуімді қалады. Мен кішіпейілдікке салып: «Апа, өте беріңіз, өте беріңіз!» деп іркеле бердім. Ер-азамат деп сыйлап жол беріп тұрған көненің көзінің арғы көкірегін түсініп үлгерсем де, автобусқа әйел кіріп келген сәтте атып тұрып орын беретін, есікке қатар келіп қалсақ қыздай қымсынып тұра қалатын шартты рефлекс екі аяғыма тас байлап қойғандай алға ілгерітсеші!
Жалтақ-жалтақ етіп әлі тұрмын. Құдай-ау, беріп тұрған жолды да аямадым. Апамыз да: «Түс алдыға! Өзінің еркек екенін ұмытқан сорлы бала-ай!» деп жеңімнен шымши ұстап алға тартты. Маңдайымнан тер бұрқ ете қалды.

Ұларбек Нұрғалымұлы “Дайағашшы”
1.2K views14:14
Ашу / Түсініктеме
2021-02-08 17:47:53 Құлағыңызға сыбырлайыншы...

Біздің ауылдың үлкен кісілері нағашы деп атайтын (руы Төртуыл Найман, Бағышай анамыздың руынан болған соң, үлкендер нағашы дейді екен), жасы елулер шамасында, жолдасы ертерек марқұм боп кеткен Нұржамал деген кісі болды. Бір ұл, бір қызы бар-тұғын. Ұлы ертерек үйленген, балалы-шағалы. Қызы сәл кештеу, біз үшінші, төртінші сыныпқа барып жүргенде тұрмысқа шықты. Аты – Аққыз. Сол Аққыз ұзатылып, алты-жеті ай боп қалған кезде ғой деймін, үй ішіндегілеріне хат жазып, үкілі сәлемін жолдапты. Ол кезде хат жазу, хат алу деген бір керемет дүние. Мектептен келе жатып осы қуаныштың куәгері болғаным бар. Нағашымыз латынша қаріп таныған, кейінгі Ахмет Байтұр­сынов­тың төте жазуын (қытай қазақтары басында латынша, жетпісінші жылдардың соңында төтеше жазуға көшкен) тани бермейтін. Мені жолшыбай көріп қалып: «Қызымнан хат кепті. Үйде ешкім жоқ еді, оқып берші, шырағым», – деген соң, апаның үйіне бұрылып кеттім. Конверттің аузын жыртып, оқып жатырмын. Аман-сәлемнен басталған Аққыздың хаты ауыл аймақ, бота тайлақтың хал жағдайын сұрап, өзінің елді қатты сағынғандығын айтып, бір күңіреніп алады екен. Барған жеріне тастай батып, судай сіңгендігін де жеткізіпті. Хаттың соңы «Жеңеше, құлағыңызға сыбырлайыншы», – деп тәмамдалғанда, апам жылап қоя берді. Көзінің жасын сүртіп, қолын жайып, іштей бір­деңелерді күбірлеп, бетін сипады. «Рахмет, құлыным, рахмет», – деп бетімнен сүйді. Ештеңе түсінбей мен отырмын. Әйтеуір, өз шаруамды атқардым. Қалтама толтырып кәмпит салып берген соң, үйге зыттым. Үйге кеп шешеме тындырған ісімді мақтанышпен баяндап жатырмын. Тек хаттың соңында Аққыздың жеңгесіне сәлем жолдап, «құлағыңызға сыбырлайыншы» дегенге апаның жылағанын, қолын жайып тілек тілегенін түсінбегенімді айттым. Шешем де елең ете қалды. «Тәңір жар болсын! Жеңілдігін берсін. Оны біліп не қыласың, түге», – деді де қой­ды. Кейін білдім. Сөйтсек, Аққыздың ішіне шикі ет бітіп, оны жеңгесіне ибалы ишарамен жеткізген түрі екен ғой. Қайдан білейік...

Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"
1.3K views14:47
Ашу / Түсініктеме
2021-02-06 09:00:10 Менің мамам мендей емес, ақылды адам. Дүниеден түңіліп кеткен жерімнен мені қайта тірілтіп алған да сол. «Әкең екеуіміз «жұмыс — жұмыс» деп жүгіріп жүріп, сенен көз жазып қалған екенбіз ғой, балам» деді. «Өміріңнің басында бір сүрінген екенсің, өмір болған соң әлі де сүрінетін жерлерің болар. Бірақ әйтеуір өзіңді жоғалтпа. Адамшылығыңнан айрылма.

Тахауи Ахтанов "Шырағың сөнбесін"
1.6K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-05 09:00:11 Бірақ мен өмірге мән беретін, сән беретін біздің өзіміздің жеке бақытымыз екенін, бізге сырттан ешқандай сәуле келмейтінін, тіршілікке, маңайға сәуле төгіп, жылу шашатын адамдардың өздері екенін кейінірек түсіндім. Өзімнің ішкі жан-дүнием әдемі сәулелер шығара бастап еді, мені қоршаған бүкіл қауым, орта, тіршілік құлпырып сала берді.

Төлен Әбдік "Оң қол"
2.1K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-04 09:00:11 Осы жақсы адамдар неге ауырады екен? Сүлеймен ауырады, Зиба әпкем ауырады. Иса мұғалім ауырады. Жуанқұл мен Тасбет ауырмайды. Оларға ауру жоламайды. Бұзық адамдардан кесел де қорқа ме екен?

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"
1.9K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-03 09:00:13
Ғабит Мүсірепов "Оянған өлке"
2.0K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-02 09:00:08 Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

Бердібек Соқпақбаев ’’Өлгендер қайтып келмейді’’
2.0K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-01 09:00:09 Адам жалғыз кезінде неше түрлі ән қозғап қиялға түспей ме? Өзінің өткен өміріне ой жіберіп, бір кезде сүйгенін, сүйсінгенін есіне алады. Ақталмаған арманы, көз алдынан өтеді. Кейде адам баласы қол жетпеген қуаныш, ұстатпай кеткен бақытына күрсіне, күйіне, телміре ой тастағанымен, соның болғанының өзіне іштей қуанады. Пенде деген қызық қой, неге өйтетініне өзі де түсінбейді. Шамасы адам мұның бәрін ойға алғанда, өзінің кім екенін түсінгісі келетін болу керек.

Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"
2.1K views06:00
Ашу / Түсініктеме