Get Mystery Box with random crypto!

Мен сенің көрмейтіндігіңе өкінгенім жоқ. «Жығылған үстіне жұды | Кітап үзіндісі

Мен сенің көрмейтіндігіңе өкінгенім жоқ. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, жас басыңнан өкпе ауруын жамап алғаныңа қабырғам қайысып еді. Сонау бір жылымық шақта, «Жылымық» деген суретті көтеріп сенің жаныңда тауға өрлеп бара жатып, адамның сыртқы дүниені, ортаны, жалпы табиғатты сезінуі, қабылдауы жайлы тұңғыш рет ой түсіп еді. Содан бері көру үшін тек қана көздің болуы жеткіліксіз, әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуға керектігін бағамдағанмын.

Оралхан Бөкей "Жылымық"