Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 77

2021-05-15 08:01:37 Жоқ, мен биіктікті сүйемін, — деді Аяужан кенет қабағын шытып,
- әсіресе, АДАМГЕРШІЛІК биіктігін.

Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
1.3K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-14 08:02:03 Қызық жағдай... Адам баласы сенімін жоғалтып, амалы таусылғанда үміт пен сенімнің болмашы шырағы жылт етсе де көңіл-күй шіркін алай-дүлей болып сала береді екен.

Айн Рэнд "Менің сатып алған күйеуім"
1.4K views05:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 08:00:39
Бейімбет Майлин "Азамат Азаматыч"
5.3K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 08:00:41 Шайға отырған соң, Шеген маған тағы үш түрлі өсиет айтты...
— Алтын жатса — алмаймыз! Бір ме?
— Бір
— Өтірік aйтпаймыз Екі ме?
— Екі
— Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң, іркілме! — деп, бір тоқтағанда мен:
— Үш, деп қалдым.
— Жоқ, үш емес, әлі екеу-ақ, — деді Шеген. — Үшіншім үш күннің ішінде бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңаятын боласың. Өз бетіңмен оңаша қуанып, оңаша мұңаятын болсаң сен бізге жолдас та емессін. Қуана біліп, мұңая білмесең тіпті жақсы. Осымен үш болады! — деді.
— Үш! — дедім ризалығымды білдіріп...
— Уәде ғой?
— Уәде!

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
1.3K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-10 14:01:14 Қазақтың сыры осы. «Күн ашықта мойнымда, күн жауғанда қойнымда» деген қазақ безбеннің басындай ауытқиды. Я достасуға, я қостасуға жарамайтын – осы Сеңгірбайлар. Бұлардың ерлігі – ет пен терінің арасындағы желік.

Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағы 8-том

@kitapuzindisi
1.4K views11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-09 14:02:10 Мына өмірде әр дүниенің басы мен аяғы бар екендігі туралы ойланып па едіңіз? Бұл ақиқатты бәріміз білетін секілдіміз, бірақ оны бойлай зерттеп, түсінуге тырыспағандықтан, ол жүрекке жетпей жатады.

Иә, бұл өмірде бәрі өткінші. Бәрі қас-қағым. 365 күн, 24 сағат бойы тек қана жарқырап тұрған күнді, керемет ауа-райын, ашық көк аспанды ғана көрмейміз ғой. Арасында жел тұрады, дауыл соғады, жаңбыр жауады, сосын кемпірқосақ көрінеді, қайтадан аппақ қар жауады. Табиғаттың төрт мезгілі ауысады. Біздің өміріміз де тура сондай. Тек қана жарқыраған күнді көргісі келген адам тамшылап жауған жаңбырдан рахат алмайды. Күшті соққан желге қарсы тұруға тырыспайды. Ол бар қуатын күнді аңсауға ғана жұмсайды. Ал олай болуы мүмкін емес. Сосын сол адам, «Менің жолым болмады» деп, тастүйін болады. Шын мәнінде, жел де, дауыл да, жаңбыр да - бәрі өткінші. Қарым-қатынаста да дәл сондай. 24/7 махаббатқа мас болып, сүйіп-күйіп өмір сүргілері келеді. Бұл мүмкін емес. Кез-келген жағдайда ақыл-ойға жүгінуге тырысыңыз. Өміріміздегі кез-келген жағдай - болуы мүмкін нәрселердің ішіндегі қайырлысы.

Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi
591 views11:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-08 14:01:10 Көңілің кір болса, көзіңнің мөлдірегенін қайтейін.

Орынша Қарабалина "Ұстаз бақыты"

@kitapuzindisi
965 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 08:02:04 Біздің кей жігіттеріміздің арқаға артатын жүкті алдыға салатын әдеті бар. Иілгіштігі де, именшектігі де содан.

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

@kitapuzindisi
1.3K views05:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 08:00:24
Амантай Байтанаев "Таң сәрі"

@kitapuzindisi
5.3K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 08:00:28 Қаттаулы тұр жазып сызып болғаным,
Тілге тиек бір елуге толғаным.
Екінші елу сыя қоймас ақылға,
Ерте қамдау керек шығар жол қамын..

Қадір Мырза Әли «Мәңгі майдан»

@kitapuzindisi
1.7K views05:00
Ашу / Түсініктеме