Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 73

2021-06-27 08:00:24 «Адамға таудай талаптан, бармақтай бақ артық» деп қазақ білмей айтпаған,- деді. − Егер бағың жанбаса, таудай талабыңнан да ештеңе шықпайды. Ал бақ деген бір жынды құс, кімнің басына болса да қона салады... Сенің басыңа да қонуы ғажап емес. Ал қона қалса, сенің міндетін - басыңа қонған бақты үркітіп алма, ұстай біл. Мен секілді болма, қуанышыңды да, істеймін деген ісіңді де жасыра ал...


Илияс Есенберлин "Махаббат мейрамы"

@kitapuzindisi
1.8K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-26 08:00:27 — Оқи білемісің? — деді.
— Білмеймін, — дедім ұялған үнмен. Шеген оныма өкінетіндей, басын шайқады:
— Оның болмайды, Костя! Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес, — деді.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

@kitapuzindisi
2.0K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-25 08:00:29 Рухани мықтылық ғылым-білімнен, Алланы танумен келеді. "Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?" деп Абай атамыздың қара сөзінде де айтылған. Демек, қандай да бір пайым шығару үшін көзбен көрген жеткіліксіз. Өсекке келгенде керең болып, ойға келгенде терең болуды бойға сіңіргеніміз абзал.

Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi
2.1K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 16:23:45 Біз бәріміз де аңсаған армандарымызды жүзеге асыруға жүрексінеміз, себебі біз оларға лайықсызбыз немесе бәрібір орындай алмаймыз деп пайымдаймыз.

Пауло Коэльо "Алхимик"

@kitapuzindisi
616 views13:23
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 08:00:30 Моцарттың тұсындағы бір композитор әуелі: "Мен ғанамын !" деп жүріпті. Бертін келе "Мен және Моцарт" дейтін болыпты. Тағы бірер жылдан соң "Моцарт және Мен" депті. Ақыр соңында "Тек қана Моцарт!" дейтін болыпты.

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"
910 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-06-20 16:30:01 “Өмірді, адамдарды, жақындарын шын сүйе алмаған, қадірлей, бағалай алмаған, жақсылық жасай алмаған адам өмірдің мәнін де ұға алмайды, босқа ғұмыр кешеді” деп ойлады. Тек өз басын ойлайтын өзімшіл адам бақытты өмір сүре алмайды. Өйткені өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, рахаттан ғана тұрмайды, оның қасіреті, қайғысы, жамандығы, бейнеті де аз емес. Бақытсыздыққа ұшыраған адам жалғыз болса, жанында жанашырлары, жақындары жоқ болса, нағыз сорлы, дәрменсіз, бейшара болып, одан сайын көп азап шегеді екен. Жалғыздықтың азабы осындай, басыңа қиын-қыстау күн туып, тауқымет түскенде анық сезіледі. Жақындарыңның, ата-анаңның, бауырларыңның, достарыңның қадірін, бағасын басыңа іс түскенде, қиналғанда білесің. Сау жүргенде адам көп нәрсені түсіне бермейді.. Қасында жанашырлары болмаса...

Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

@kitapuzindisi
787 views13:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-19 17:27:38 Оу, ағайын, ес-ақылдарыңды жиыңдар! БІЗ қатыгезденіп барамыз. БІЗ имансызданып барамыз. БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, құрдым дәуреннің әләуләйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, ығысып ағамыз келіп, ағысқа қарсы жүзу не жағалауға қарай ұмтылу жоқ. Өмір сүрудің ең оңай тәсілін тауып алдық та, жер бетінде өзімізден артық адам жоқтай жоқтан өзгеге сілеміз қатқанша күлеміз, сілікпеміз шыққанша бір-бірімізге үреміз. Оу, сондағы мақсатымыз не? Тірі жүру, тіміскі өмір сүру ме?

Оралхан Бөкей "Атау кере"

@kitapuzindisi
1.1K views14:27
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 16:11:06 Санасыз жануарлар да бірін-бірі аяйды, біріне бірінің жаны ашиды, олардан артыла алмасақ адам атанғанымыз бекер.
Ауық-ауық мұны да ойлай жүр.
Жануарлардан жоғары тұру - ол баршамызға адамдық міндет.

Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі-зайыптылар"

@kitapuzindisi
431 viewsAssel, 13:11
Ашу / Түсініктеме
2021-06-16 20:51:05 Баяғыда бір хан: “Осы Мәжнүн неге сонша ғашық болып, есінен адасып жүр, армандаған Ләйлісі елден асқан сұлу ма екен, көрейікші,” – деп қасына уәзірін ертіп, Ләйліні көруге барыпты. Қараса, аса көрікті емес, қарапайым әйел екен. Хан: “Мұның несіне қызығып, сонша ғашық болып жүр? – деп таңғалыпты. Сонда уәзірі: “Оған Мәжнүннің көзімен қарау керек, хан ием”, – деген екен.

Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

@kitapuzindisi
950 viewsAssel, 17:51
Ашу / Түсініктеме
2021-06-14 17:00:34 Қазір жұрттың бәрі жан аяр боп кетті. Тістерін тек ауруды сездірмейтін дәрмекпен жұлдырады, ұйқысы қашса не түрлі ұйықтататын дәрі ішеді, отырса тек жұмсақ креслоға отырады немесе арқасына көпшік тастайды, ал бойжеткендердің не киіп жүргенін түсініп болмайсың, корсет тақпайды, жаз шықса болды, жағажайда жартылай жалаңаш шалжиып жатады...

Агата Кристи "Он қара домалақ"

@kitapuzindisi
1.0K viewsAssel, 14:00
Ашу / Түсініктеме