Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 75

2021-06-01 08:06:11 Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат қызық, мол жылдар"

@kitapuzindisi
7.1K views05:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-31 08:00:43 Адамдарда бір жаман әдет бар ғой. Ол - күншілдік, көре алмаушылық. Бүгінгіге жағыну үшін бұрынғыны жамандап шыға келушілік. Өзімді ғана мақта, өзгенің аты өшсін деушілік. Өлгеннің абыройын қызғанушылық. Оған деген сүйіспеншілікті суытып, оның атағына байланыстының бəрін аяққа таптауға тырысушылық.

Əзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

@kitapuzindisi
783 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-30 08:00:38 "Егер жас кезінде сүйген қызың, өзінің сұлулығын сақтай білсе, оған деген махаббатың қояншық ауру секілді, көрген сайын бүкіл жан сезіміңді билеп әкетеді" деген сөзді оқығаным бар бір кітапта.

Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

@kitapuzindisi
495 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 08:00:40 Демек, махаббаттың да биігі бар, төмені бар, тек, өтірігі жоқ. Өтірік өмір сүруге де болмайды, біреуді өтірік сүюге де болмайды. Тіпті, біреуді арам мақсатпен айналдырып тұрсаң да сезімің кәдімгі шын сезім болады. Ал енді әр адамның басында махаббаттың бір рет пе, екі рет пе, қанша рет болатынын кесіп айту қиын. Оның біреу екенін айтып атақтылар мен даңқтылар құлаққа әбден сіңіріп кеткен, сондықтан ол қағидаға қарсы шығу кімге де болса абырой әпермейді. Ол қылығың «мен біреудің бірден-бір махаббатымын» деп сеніп, сол сезімнің рақатын көріп жүрген әйел қауымына да оспадар көрінеді. Егер бұл жайында міндетті түрде бір пікір айту керек болып жатса, тіке айта салмай, әуелі өз махаббатыңның бүкіл тарихын айтып біткен соң барып бірдеме деген дұрыс. Содан оңдысы жоқ.

Бексұлтан Нұржекеев "Бір ғана махаббат"

@kitapuzindisi
956 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 08:45:08 - Адам неге азып барады? Рухани тұрғыдағы азғындыққа жоламай-ақ қой, өзгесін айтшы...Неге біз аурушаң, әлжуаз боп кеттік? Неге ауру–сырқау, жұқпалы дерт, індет жайлағыш? Неге кемтар нәрестелер көбейді?
- Енді оның себебі көп қой, экологиялық ахуал қиындады...,- деп білгенімді айтпаққа оқтала бергенімде, «Былжырақ», - деп қолын бір сермеді.
- Білмейсің! Көзің ашық болғанмен мұрныңның астында сүңгідей болып қатып тұрған қаспақты көрмейсің.
- Білсең айтшы қане көреген данышпаным, - деп мен қитығып қалдым.
- Біле білсең, осының бәріне ғылым, оның ішіндегі медицина ғылымы кінәлі...
- Қалай?
- Қалай болса-солай. Алдымен мына сұрағыма жауап бер, сенің әжең қанша құрсақ көтерген?
- Жетеу
- Соның қаншасы адам болып кетті?
- Төртеуі, тұңғышы бір жасында шетінеген, одан кейінгі екі ұлы туа салып кетіпті.
- Міне, көрдің бе? Сол замандағы адамдардың барлығынан сұра сенбесең, кемінде бір–екі баласын жерге берген. Өйткені бұрынғы адамдар бала күнінде табиғи сұрыптаудан өтетін. Ана құрсағында жақсы жетілген, өмір сүруге қабілетті сәбилер ғана аман қалатын. Әлжуаздар туа салып шетінеп кететін немесе бертінде түрлі ауруларға төтеп бере алмай қыршынынан қиылады.
- Түсінбедім ойыңды, не айтқың келіп отыр?
- Сөзімді бөлмей тыңда! Қазіргі медицина өлейін деп жатқан шақалақты тірілтіп алады. Әлжуазды дәрі–дәрмек салып, әйтүп-бүйтіп адам қыламыз. Содан тұқым аламыз. Әлжуаздан дімкәс туады, дімкәстан көксау, көксаудан ауру, ал аурудан кемтар туады.
- Суворов шала туған, Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков шала туған,
деп ойыма түскен шалатуғандарды тізбелей бастап едім орнынан атып тұрды.
- Сен мыңнан бірін айтып отырсың, - деді бәсең үнмен. Негізінде солай, адамзат азбауы үшін тек мықтылардан тұқым тарату керек. Айналайын–ау, қораңдағы қойға да қошқар сайлағанда кәтегінен емес, ірісінен таңдайсың ғой қозылары кесек болсын деп...Бұл да–сондай селекция. Қазіргі түрлі ауру–сырқау тұрмақ ырбиған-тырбиған жігіттердің пайда болуы, қызтекелердің қаптауының түп негізі соған барып тіреледі.

Есболат Айдабосын "Тибет аруы"

@kitapuzindisi
1.2K views05:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 08:01:03
Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"

@kitapuzindisi
1.1K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 08:01:02 Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой. Неғұрлым байыған, тұрмысы түзелген сайын тəубесін ұмытқыш келеді. Екі аяғым бар болса, мен де үйіме қондырмас па едім, қайтер едім, а, Маша?!

Оралхан Бөкей "Қар қызы"

@kitapuzindisi
503 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 08:18:04 Арнаға үзінді қосу үшін @Assellbay-ға жазыңыздар.
891 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 08:01:03 — Бірақ сен оқуың керек! Оны біліп қой! — деді Шеген.
— Оқымаған бала оқыған балаға жолдас бола алмай ма? — деп, жәбірленгенімді білдіргім келіп бір тұрдым да, бата алмадым. Сұрай алмадым.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"
922 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 17:00:17 Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірдің? Жарайды, уақа емес, емтиханнан соң шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кетіп жатқан жоқ па... Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па... Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеңе жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы — қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар?

Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"

@kitapuzindisi
1.1K views14:00
Ашу / Түсініктеме