Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 79

2021-04-25 09:00:26 Дүниеде әйелден берік, әйелден айқын еш нәрсе жоқ, ендеше еркектің одан өзге сүйенері және жоқ.

Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

@kitapuzindisi
2.4K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-04-25 08:01:06 Оқу-оқу деп жүріп, өзінің тәк-тәгінен қағажу қалып, еркін ержеткен менің барлық мінезімді әкем жаратпайды. Оның ойынша «менің үйге тигізер ірістей де пайдам жоқ, есіл-дертім дала. Шошаңдап жүріп не мылтыққа түсіп, не машина қағып өлтірмесе, жасым жиырмаға жетер-жетпестен еркек шашты біреуге үйленемін де, әке-шеше дегенді ұмытып, соның айтқанына көніп, айдауына жүріп, әлгінің қалаған жағына лағып кетемін».

Дулат Исабеков "Гауһар тас"

@kitapuzindisi
2.2K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 09:01:12 Өмір болған соң санаңа талай нәрсе кіріп, шығады. Күнделікті қоғамдық көліктерде келе жатып мәлкілдеген шал-кемпірлерге амалсыз орныңды берген кезде де "жатпай ма екен үйінде. Осыларға не бар екен таң атпай қақшаңдап" деп, іштей бір қомпылдап алып, нарау қозғаласың. Біреудің жақсылығына да ішімізден қуанып кетпесек те, өтірік мәз болған сыңай танытуға мапандай боп алдық. Үйреншікті ғадет. Ниетті қойып, жасап жүрген іс-әрекетіміздің күнәлісіне үңілерге уақыт тапшы. Қашан, қайда адамшылыққа жат пиғылдарға орын бергеніміз туралы дерек атымен жоқ. Біздікі сол өмірге келіп қалған соң әйтеуір жүрген секілді...

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi
2.3K views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-24 08:01:12
Мұхтар Мағауин "Ер тарғын"

@kitapuzindisi
2.0K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-04-23 16:13:24 Қанша мәрте..

- Қанша мәрте сен қорыққан нәрсе болмай қалды?
- Қанша мәрте сен үміт үзген нәрсе ойдағыдай болып шешілді?
- Қанша мәрте шығар жолы жоқтай көрінген жағдайдан шығатын жол табылды?
- Қанша мәрте бір іс қолыңнан келмейтіндей сезіліп, аяғында қолыңнан келді?
- Қанша мәрте үстіңнен қара бұлт үйіріліп, бірақ жаңбыр жаумай қалды?
- Қанша мәрте қорқынышқа тап болып, керек болса әне-міне өлетіндей болдың, бірақ қазіргіге шейін тірі жүрсің?
- Қанша мәрте соңы жоқ бәлеге душар болдың, бірақ кейін құтылып шықтың?
- Қанша мәрте еңіреп жыладың, бірақ кейін көз жасың бетіңде құрғады?

Алла Тағала саған сан жетпес мәрте жәрдем берді, ал енді сен тағы да мұңаюға және сары уайымға батуға себеп табасың. Әлде саған Алла Тағаланың барлық нәрседен Құдіретті, Күш-қуатты, Ұлы, Мейірімді, Мейірімді, Естуші, Көруші, Кешіруші және тәубелерді Қабыл алушы екені белгілі емес пе?!

Аид әл-Қарни "Мұңайма"

@kitapuzindisi
2.4K views13:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-14 09:00:17 Кез-келген адам бақытты болғысы келеді. Бірақ сол бақыт та сор да аспаннан жаумайды, айналаңдағы адамдардан ауысады. Біреу саған жақсылық, бақыт боп кезігеді. Махаббат, достық дегеніміз - сол адамның адамға беретін бақыты. Ал сенің жолыңа жуа боп бітіп, қызыл көз бәледей қырсыққа ұрынатын да - сол адам. Оқ екеш оқ та өздігінен атылмайды. Мылтықтың шүріппесінде адамның сұқ саусағы тұрады.

Қабдеш Жұмаділов "Көкейкесті"

http://t.me/kitapuzindisi
214 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-13 09:25:42 Тура жолға түсу — Тәңірдің қалауы, ал оны талап ету – әрбір тіршілік иесінің міндеті.

Мәлік Отарбаев "Ойқазан"

t.me/kitapuzindisi
904 views06:25
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 09:00:17 Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай жамандығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.

Шәкәрім Құдайбердіұлы "Шығармалары"

t.me/kitapuzindisi
991 views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-11 09:00:18 "Нәпсі" деген не?

Шәкәрімше айтсақ "сырт айналса жүрекке жалын салған". Нәпсі құмары бір көрмеге сондай сұлу, мінсіз десе де болады.
...Қысқасы бастағы көзге сенуге болмайды. Ол - алдайды. Ол - жалған: бастағы көз арқылы нәпсі (жануарлық жан, құмарлық) көреді. Ол сені алдап тұр. Шаруасын бітіріп алған соң айнып шыға келеді. Сөйтіп адам танымы қателікке ұрынады. Сондай бір нәпсі жалғанның арбауына түскен қазақтың "сырқатынан" айығып, құмарлықтың мастығы тарқаған кезде шығарған бір мақалы бар: "Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады" - деген. Ал шын мәнінде "жаман қатын" қыз кезінде де жаман болған. Бірақ оны көретін көз қайда? Егер ол жігіт бас көзімен қарамай, ақыл көзімен (жүректің көзімен) қараса, дәл мұндай опынатын жағдайға түспес еді.
Нәпсінің қорлығын әбден көрген жан одан құтылуды армандайды. Ол құтылуды Шәкәрім "өлім" деп атайды. Өлім болғанда адамның өз өлімі емес, оның жануарлық нәпсісінің өлімі. Нәпсісі өлмей адам құмарлықтың азабынан әсте құтылмақ емес. Сондықтан ойшыл өлімді армандайды, нәпсінің қазасын аңсайды. Бірақ бұл оп-оңай бола қалатын шаруа емес. Оның да жөн-жобасы бар, жолы бар. Нәпсіден қалай құтылуды Ынсап біледі, бірақ ол нәпсінің үйіндегі зынданда жатыр. Енді қалай болғанда Ынсапты босатып алу керек, сонан соң ол Нәпсіден құтылудың жолын көрсетеді, құмарлық ауруының емін табады.

Омар Жәлелұлы "Харекет"
1.3K views06:00
Ашу / Түсініктеме
2021-02-10 17:00:19 Өлім — жаратылыстың бұлтартпай бұғаулайтын тұзағы. Біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Уақыт шіркін мидың ине көзіндей тесігінен құмсағаттай сырғып өте шығады. Смерть— это приговор природы, не подлежащий обжалованию! Соны анық біле жүріп өмір сүру — адамзаттың ұлылығы. Қалай десең де, өлімнің аты ызғарлы, тіпті асарын асап, жасарын жасап, немере, шөбере, туажат сүйіп өлсе де, тіршіліктен қайтады. Қурай сынды дей алмайсың. Суық қара жерге, қараңғы көрге мәңгі жалғыздыққа аттанады. Айналасындағыларды дір еткізіп, бір сәт алды-артына көз жіберуге мәжбүр етеді. Күйкі-күйбеңмен қоқыс дүние үшін кеткен асыл уақытына өзегі өртене өкініп, алдағы күнін басқаша барлайды. Той үстінде өкпелескен, өлім тұсында татуласады. Жүз көріспей жүрген ағайын арасындағы араздық осындайда ымыраға келіп, жымдасады. Тірілер тірлігіне іштей тәубе етіп, жарық дүниенің қадіріне жетуге тырысады. Міне, не үшін құрметтеу керек өлімді!

Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер"
1.3K views14:00
Ашу / Түсініктеме