Get Mystery Box with random crypto!

Кітап үзіндісі

Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі К
Telegram арнасының логотипі kitapuzindisi — Кітап үзіндісі
Арна мекенжайы: @kitapuzindisi
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 9.85K
Арнадан сипаттама

📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Ratings & Reviews

4.40

5 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

3

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


.
.

Өте керемет арна екен.


sariberik
sariberik

Осы арнаға кіріп кітап үзінділерін оқып тұрам. Админдеріне құдай береке берсін.


All comments

Соңғы хабарлар 76

2021-05-25 08:01:04 Біреудің наласына қалу деген нені білдіреді? Бұл дегеніміз - артынан жамандау, ол туралы өсек-аяң тарату, сынап-мінеу, кемшілігін, қателігін бетіне баса беру, жұрт көзінше мазаққа айналдыру, сырын жалпыға мәлім ету, сөзбен шағу, аяғынан шалып қалуға тырысу, басып-жаншу, достың кейпіне ене отырып, жамандық тілеу, ор қазу.

Егер де сіздің де осылардың біріне қатысыңыз болса, кілт тоқтаңыз! Алланың қаhарына ұшырамаңыз! Өзіңізді бақытсыздыққа душар етпеңіз. Жаратқанның мейірімі шексіз. Бақытты да бай-қуатты атану мәртебесі сізге бұйыруы әбден мүмкін. Ақымақ қылықтармен өзіңізді құзға итермеңіз. Дәл қазір "адалдықтан айнымаймын, аузымды былғамаймын" деп уәде етіңіз! Ертең жолыңыз ашылып кетсе, таңғалмаңыз оған...

Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

@kitapuzindisi
231 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 08:01:14
Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"
5.1K views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 08:00:41 Халық кейде бала, кейде ана секілді. Баланы әлпештеп, ананы ардақтайтын даналық бұйырған «жан көрінбес көзіңе». Мақсат, мұраттан гөрі, қулық-сұмдық сауған заманда ет жақыныңның иманын пайдаланып, шіренгеніңе де жол табасың. Ұлдың мінезі ұсақталып, ұлылық орға жығылған сәтте бүкіл жұрағатқа кесел айналып, кесір иектейтінін естен шығарып алдық. Ақсақалдықтан адыра қалған тас жетім тағдырымызға налып, әркімді кінәлі санауға әуес бөтен жыныстың бойымызға сіңе бастаған бөгделігі – ұлтымыздың трагедиясы.

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi
1.2K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 08:00:42 Қиын сәтте бір—біріңді демеңдер, айналайын. Қиналған жаннан іргеңді бөлек салма. Тас та таудың туысқаны. Адам түгілі бір—бірінен тас та қашып құтыла алмайды.

Ділдә Матайқызы "Айналайындарым менің"

@kitapuzindisi
660 viewsedited  05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 08:18:52 Ғани Байғалиұлы қоғамға көмек ретінде ауылдық және аудандық кітапханаларға Кайдзен кітабын тегін таратып жатыр екен. Игі бастамасына қолдау көрсетіп, қол ұшын созайық. Толық ақпарат мына сілтемеде.
713 views05:18
Ашу / Түсініктеме
2021-05-21 08:00:26 Ауылда тұратын бір руласымыздың Алматыда оқитын қызы үйімізге келіп-кетіп жүретін. Бір күні сол қыз тұрмысқа шықты. Арада жарты жылдай уақыт өткенде қызымыз:
— Сүйіп қосылып едік, енді қарасам дұрыс жұмысы да жоқ екен, тапқаны тамағымыздан артылмайды. Әбден тарығып, жүдеп кеттім... – деп шағынды. Оған Бәкең:
— Айналайын-ай, мұқтаждық есігіңнен қарағанда, махаббат терезеден секіріп кеткен екен ғой, - деді.⠀⠀

Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"⠀

@kitapuzindisi
688 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 18:50:01 О дүниеде мəңгі ұйықтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйықтаған лазым.

Оралхан Бөкей "Қар қызы"

@kitapuzindisi
1.3K views15:50
Ашу / Түсініктеме
2021-05-18 08:00:26 Қоғамға араласып, түрлі жағдаяттар, құбылыстарға куә болған сайын «сүйегі жаситын қасиеттің ауылын» төңірегіңнен іздей бастайды екенсің. Өзін батыр демек түгілі, елдің қолпашын – өкінішін еске түсіретін ауыр сөз ретінде қабылдап, адам – пендені жүректің көзімен таныған кешегінің парасатына таңқалмай көр. «Біз – ақындар...», «Біз – жазушылар...», «Біз – қоғам қайраткерлері...», «Біз – журналистер», «Біз – өнер адамдары...». Радио-теледидарды қоссаң, газет-журналды ақтарып қалсаң ең көп еститін, оқитын сөз осы болды бүгінгі. Ешкім де періште емес қой, сүйегіңіз жасымай ма сіздің?..

Ырысбек Дәбей "Әкелеріміз айтатын әңгіме"

@kitapuzindisi
1.2K views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-17 08:00:40 Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны – өскiн. Мысалға, қай ересек адам балаға тең дәрежеде қараған? Бұл ешкiмнiң ойына келмейтiн жұмбақ. Сондықтан жастың пiкiрi қашанда аяқсыз қалуға бейiм. Сондағы үлкеннiң тындырғаны не? Одыраң жүрiс пен оспадар күлкi ғана ма?

Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"
307 views05:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-16 08:00:38
Ғабит Мүсірепов "Ұлпан"
871 views05:00
Ашу / Түсініктеме